- •6 Жастағы қыз бала, прогнатиялық тістесу бойынша дәрігер-ортодонтта емделуде. Қосымша ем ретінде миогимнастика ұсынылады. Аталған жағдайда қай бұлшық еттер топтарына жаттығулар тағайындау қажет:
- •1 Типтегі Френкльдің қызметін реттегішті дайындаудағы конструктивті тістесудің ерекшелігі болып табылады:
- •15 Жасқа дейінгі балалар жасында алдыңғы тістер аймағында орын болмаған кезде келесідей алынбайтын протездерді таңдаған дұрыс:
- •10 Жасар балада, 1.3 тіс қатарынан тыс, вестибулярлы және шайнау жазықтығынан төмен орналасқан. Тіс қалпының ақауы қандай жазықтық бойында орналасқан:
- •I типтегі Френкельдің қызметті реттегіштің түрлерінің II типтегілерінен айырмашылығы:
- •1 Немесе 2 жасанды күрек тістері бар кеңейтетін алмалы салмалы протезді қолдану кезінде бүйір бөлік тістердің сауыттарын аппараттың негізін жабады:
- •3 Жасар балада ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті пайда болды. Кандай патология қалыптасады деп ойлайсыз:
- •6 Жасқа дейінгі балалар үстіңгі жаққа арналған алмалы-салмалы протездің артқы шекарасы қайда орналасқанда тез үйренеді:
- •6 Айдан 3 жасқа дейін тістесудің даму кезеңдері...
?
Шайнау қызметін зерттеу әдісі:
- рентгенография
+ мастикоциография
- электромиография
- телерентгенография
- томография
?
Телерентгенография кезіндегі қашықтық:
- 0,5
- 1,0
+ 1,5
- 2,0
- 2,5
?
Тістердің ретрузиясы, бұл:
+ фронтальды тістердің оральды бағытта орналасуы
- фронтальды тістердің вестибулярлы бағытта орналасуы
- бүйір тістердің ұрт бағытында орналасуы
- бүйір тістердің дистальды бағытта орналасуы
- бүйір тістердің мезиальды бағытта орналасуы
?
Лена П. 5 жаста, тістесуінің дұрыс болмауына және жоғарғы ернінің ішке қарай енуіне шағым айта келді.. Ауыз қуысын қарау кезінде, балада сүт тістер және бірінші тұрақты үлкен азу тістер анықталды. Жақтардың пішіні жартылай шеңбер, фронтальды тістер арасында тремалар жоқ. Күрек тістердің кері жабылуы байқалады, үлкен азу тістердің түйісуі дұрыс. З.Н.Долгополова бойынша модельдерді антропометриялық зерттеу нәтижесінде жоғарғы тіс қатарының 5.2 және 6.2 1мм-ге, 5.3 және 6.3 3 мм-ге тарылуы, 3,5 мм тіс қатарының қысқаруы анықталды. Төменгі тіс қатары ит тістері және бірінші сүт үлкен азу тістері арасында 1 мм-ге тарылуы, алдыңғы бөлігінде 2 мм-ге қысқаруы бар. Осы ақау үшін қандай емдеу әдісін таңдайсыз:
+ жоғарғы тіс қатарын кеңейту
- жоғарғы тіс қатарын ұзарту
- төменгі тіс қатарын кеңейту
- төменгі және жоғарғы тіс қатарларын ұзарту
- төменгі және жоғарғы тіс қатарларын кеңейту
?
3 жастағы балада, төменгі жағын алдыға шығару жаман әдеті бар. Аталған жаман әдет қандай ақау түріне әкелуі мүмкін:
- ашық тістесуге
- айқас тістесуге
- прогнатиялық тістесуге
+ прогениялық тістесуге
- терең тістесуге
?
9 жастаға қыз бала. Алдыңғы тістердің түйіспеуіне шағамданады. Объективті: беттің төменгі үштен бір бөлігінің ұзаруы. Еріндері қиындықпен түйіседі, еріндерінің шырышты қабат кұрғақ. 3 мм-лік вертикальды саңылау бар. Бұл ақаудың этиологиялық факторы қандай?
- ЛОР- ағзаларының аурулары, аденоидтар, полиптер
+ саусағын, тілін сору жаман әдеттері
- төменгі ернін сору және тістеу жаман әдеті
- жұдырығын иек астына қою жаман әдеті
- басып шалқайтып ұйықтау
?
Омыраудағы балаларға биік жастық жастау неге әкеледі:
+ төменгі жақтың артқа қарай ығысуына және жақтың алдыға қарай өсуін тежейді
- төменгі жақтың алдыға қарай ығысуына және жақтың алдыға қарай өсуін ынталандырады
- жақтар қатынастарының дамуына әсер етпейді
- екі жақтың деформациясына
- ашық тістесудің дамуына
?
5 жастағы баланың ауыз ішілік белгілері: жоғарғы күрек тістердің протрузиясы, жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді жартысына дейін жауып тұр, бүйір аймақта- тіс қатарларының түйісуі қалыпты. Аталған клиникалық көріністі патология деп санауға болама?:
+ жоқ, бұл-қалыпты жағдай түрі, келешекте тістердің алмасуы кезінде өздігінен реттелуі мүмкін
- иә, бұл- патология, болашақта терең күрек тістің дизокклюзияға әкеледі
- жоқ, бұл- қалыпты жағдай түрі, осы жастық кезеңге тән
- иә, бұл- патология, болашақта терең күрек тістік окклюзияға әкеледі
- иә, бұл- патология, бұнда күрек тістік жабылудың тереңдеуі бар және емдеуді қажет етеді
?
Саусақты сору- жаман әдеті нәтижесінде дамитын ауыз ішілік ақаулар белгілерін атаңыз:
- алдыңғы аймақта тіс- альвеолярлық ұзару, жоғарғы күрек тістер алдыға қарай қисайған. Төменгі алдыңғы тістердің үйіліп орналасуы. Төменгі және жоғарғы жақтың күрек тістері арасындағы сагитальды саңылау 2 мм
+ жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінде тіс альвеолярлы қысқаруы, төменгі және жоғарғы жақтардың күрек тістері арасындағы вертикальді саңылау 3 мм. Төменгі жақта диастемалармен тремалар
- жоғарғы жақтың бүйір бөлімінде тіс альвеолярлы ұзару. Жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістермен жабылған. Жоғарғы жақтың ит тістерінің ретрузиясы және бүйір күрек тістердің протрузиясы
- төменгі жақтың бүйір бөліміндегі тіс альвеолярлы қысқару. Терең күрек тістік жабылу, төменгі күрек тістер таңдайдың шырышты қабатын жарақаттайды
- жоғарғы және төменгі жақтардың бүйір бөліміндегі тіс альвеолярлы қысқару. Жоғарғы және төменгі жақтағы алдыңғы тістердің адентиясы
?
Нәрестелік кезеңде дұрыс емес жасанды тамақтандырудан болатын ақаулардың ауызішілік көріністерін атаңыз:
- төменгі тіс қатары жоғарғысына қарағанда ұзын, төменгі күрек тістер жоғарғы жақтың күрек тістерін жауап тұрады. Жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістері арасында сагитальды саңылау 1 мм
- жоғарғы және төменгі жақтың тіс қатарлары шамамен бірдей. Алдыңғы бөлімінде вертикалды саңылау 2 мм. Төменгі жақта тремалар мен диастемалар
- жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарлары бірдей. Жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерін 1/3 жауып тұр. Бүйір бөлігіндегі вертикальды саңылау 2 мм-ге дейін
+ жоғарғы тіс қатары төменгісінен қысқа. Жоғарғы алдыңғы тістер ұзарған, төменгі ерінді тістеп жарақаттайды. Алдыңғы бөліміндегі сагитальды сақылау 3-4 мм
- жоғарғы және төменгі тіс қатарлары бірдей. Алдыңғы бөлімінде жоғарғы жақтың тістері төменгілерін жауып тұрады, бүйір бөлімінде төменгі жақтың тістері жоғарғыларын жауып тұрады. Тістесудің ажырауы жоқ
?
Науқас 11 жаста. Диагнозы: 2.1 тістің таңдай бағытында орналасуы. Ол тіс үшін тіс қатарында орын бар. 1,5 ай мерзімде науқас секторальды қимасы, винты бар бүйір тістерді ажырататын пластинканы қолданып келеді: Бірақ, аппаратты қолдануына қарамастан- ығыстырылуы тиіс тістің қалпы бұрынғыдай. Ендігі емнің нәтижелі болуы үшін қандай әдісті ұсынасыз:
- 2.1 тісті жұлып, кейін протездеу
- ортодонтиялық аппарат конструкциясын алмастыру
- әдісті өзгертпеу, оң нәтижені күту
+ диагностикалық әдісті толықтыру, кейін хирургиялық ем жүргізу
- қасында орналасқан тістерді жұлу, кейін ортодонтиялық ем жүргізу
?
12 жастағы бала, ойын кезінде 1.1 тістің жарақатын алды. Объективті: 1.1 тістің сауыты мойын аймағына дейін жоқ. Аталған тістің маңындағы шырышты қабық біраз қызарған, ісінген. Рентген суреттемеде 1.1 тіс түбірі, қалыптасқан, өзгеріс жоқ. Аталған патологияға емді таңдаңыз:
- 1.1 тіске микропротез
-пластмассалы сауыт
- 1.1 тіс аймағанда кергіш қою
+ Ильина- Маркосян бойынша штифтті тіс
- металлды сауат
?
15 жастағы науқас. Дұрыс емес тістесуге, тамақты қиындықпен үзуіне, қызылиектің қанауына, 5 жыл бойы поликлиникада нәтижесіз емделгеніне, шағымдалып ортодонтиялық кабинетке келді. Объективті: беті симметриялы, иегі алдыға шығыңқы. Ауыз қуысын қарағанда тістерінің саны жасына сәйкес, тіс қатарларының пішіні дұрыс. Алдыңғы бөлімінде тістер қатынасы прогениялық, бүйір бөлімінде латерогениялық, төменгі алдыңғы тістер аймағындағы қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, көкшілдеу түсті. Анамнезінен: әкесінде дәл осындай бет пішінімен тістесуі анықталды. Сіздің әрекетіңіз:
- Энгельдің доғасын миогимнастикамен қолдану
- төмегі жақтың резекциясы және ретенционды аппарат
+ аралас әсер көрсететін аппаратты тістесуді ажырату үшін қолдану
- механикалық әсері бар аппаратты қолдану
- жоғарғы жақтың остеосинтезі және ретенционды аппараттар
?
Бала 9 жаста. Ата-анасы ортаңғы күрек тістердін алдыға шығып және олардың төменгі еріннің үстінде орналасуын шағымданып келді. Анамнезінен: бала кішкентай кезінде жиі ауырғаны анықталды. Соңғы кезде төменгі ернін жиі тістеп алады. Тұқым қуалаушылығы бойынша ешқандай өзгешелік жоқ. Объективті беттік белгілері, еріндері түйіспейді, аузы жартылай ашық, иегі шолақ, төменгі ерні жоғарғы күрек тістердің артында орналасқан, сыртқа аударылған. Қандай комбинирленген әсері бар аппаратты қолданамыз?:
- Гуляева аппаратын
- Брюкль аппаратын
- 3 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін
- 1 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін
+ 2 типтегі Френкельдің қызметтін реттегішін
?
Науқас 13 жаста. 2 жыл төменгі және жоғарғы тіс қатарларының тарылуы, төменгі және жоғарғы жақтардың алдыңғы тістерінің протрузиясымен ортодонтиялық ем алуда. Ем келесідей аппараттармен жүргізілді: жоғарғы жаққа белсенді вестибулярлы доғасы бар пластинка. Тіс қатарлары ем басталғаннан кейін бір жылдан соң қалыптыға келді. Ретенционды кезең- 5 айға созылды. Нәтижені бақылау 3 айдан соң жүргізгенде аурудың рецидиві анықталды. Рецидивтің дамуының мүмкін болған себебін көрсетіңіз:
- дұрыс емес таңдалған аппарат
+ ретенционды кезеңнің қысқалылығы
- аппаратурлы емнің қысқалылығы
- дәрігер- ортодонтқа кеш қаралуы
- тістер протрусиясы себепші болды
?
6 Жастағы қыз бала, прогнатиялық тістесу бойынша дәрігер-ортодонтта емделуде. Қосымша ем ретінде миогимнастика ұсынылады. Аталған жағдайда қай бұлшық еттер топтарына жаттығулар тағайындау қажет:
+ төменгі жақты алдыға шығаратын
- ауыздың айланбала бұлшық еттері үшін
- шайнау бұлшық еттері үшін
- тіл бұлшық еттері үшін
- ым бұлшық еттері үшін
?
Науқас 7 жаста. Объективті: бет ассиметриясы, иегі оңға қарай ығысқан. Еріндерінің түйісуі дұрыс емес. Ауыз қуысында: орталық күрек тістік сызық сәйкес емес, оң жақтағы тіс альвеолярлы қысқару. Оң жақтағы молярлардың түйісуі прогениялық түрде. Қарама қарсы жақтағы тістердің түйісуі бұзылмаған. Аталған патологияның мүмкін болатын себебін атаңыз:
- омырау жасында жасанды тамақтандыру
- ЛОР- ағзаларының жедел созылмалы ауырулары
+ шайнау және мимикалық бұлшық еттердің гипертонусы
- фронтальді сүт тістерінің ерте жұлынуы
- тілдің ұзын немесе қысқа үзбесі
?
1 Типтегі Френкльдің қызметін реттегішті дайындаудағы конструктивті тістесудің ерекшелігі болып табылады:
- Энгельдің бірінші классы бойынша төменгі жақтың алдыға шығуы
+ төменгі жақтың алдыға карай 3-5 мм-ге шығуы
- күрек тістердің шеттік түйісуіне дейін төменгі жақтың алдыға шығуы
- күрек тістер аймағында кері жабылуға дейін төменгі жақтың алдыға шығуы
- төменгі жақтың алдыға шығуы
?
Науқас 11 жаста. Сырттан қарау кезінде: беттің төменгі үштен бір бөлігінің қысқаруы, мұрын ерін және иек қатпары айқындалған. Жоғарғы ерні сыртқа аударылған. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер алдыға қарай қисайған, тістердің шоғырланып орналасуы байқалады. Тістердің орталық окклюзияда түйісуі кезінде төменгі жақтың күрек тістерінің кесу қырлары таңдайдың шырышты қабығына дейін жетеді, жоғарғы жақтың күрек тістері төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің шырышты қабатын және төменгі күрек тістердің мойын аймағын зақамдайды. Жоғарғы жақтың алдыңғы аймағындағы альвеолярлы өсіндінің вертикальды өлшемдерінің ұлғаюы байқалады. Бүйір тістердің қатанасы Энгль бойынша 1 класс. Аталған патологияның себебін атаңыз:
+ тұрақты үлкен азу тістерін ерте жоғалту
- тұрақты күрек тістерін ерте жоғалту
- сүт үлкен азу тістерді ерте жоғалту
- сүт ит тістерін ерте жоғалту
- ауыз қуысының кіре берісінің таяздығы
?
Бала 10 жаста. Уақытша үлкен азу тістері жоқ аймағында нені қолданған жөн:
- тұрақты үлкен азу тіске құйылған кергіші және алдында тұрған тіске орналасқан үштік лапкасы бар сауыт Ильина- Маркосян бойынша
- тұрақты үлкен азу тіске құйылған кергіші және алдыңғы тұрған тіске орналасқан үштік лапкасы бар сақина
- тұрақты үлкен азу тіске П- тәрізді рамкасы дәненерленген сауыт
+ тұрақты үлкен азу тіске П- тәрізді рамкасы бар дәнекерленген сақина
- тұрақты үлкен азу тіске серпілетін П-тәрізді рамкасы бар сауыт
?
15 Жасқа дейінгі балалар жасында алдыңғы тістер аймағында орын болмаған кезде келесідей алынбайтын протездерді таңдаған дұрыс:
- тірек тістерге кигізілетін жасанды сауыттары бар фасеткалы көпіртектес протездер
- бүйір күрек тісі болмағанда консольды протез
- Мерефильд бойынша көпіртектес протез
+ Ильина- Маркосян бойынша қозғалатын көпір тектес протез
- құйылған көпірлі протез
?
Тісжақ жүйесінің негізгі қызметі:
- жұту, қозғалғыш, сору, тістеу
- тыныс алу, сөйлеу, шайнау
- тістеу, шайнау, ұсату
+ тыныс алу, жұту, сөйлеу, шайнау
- тыныс алу, жұту, сөйлеу, ұсату
?
Алдыңғы тістер тобының парадонтының жағдайын анықтау үшін не қолданады?
- тура проекциядағы ТРГ
- бүйір проекциядағы ТРГ
- жақтардың панорамды рентгенографиясы
+ жақтардың ортопантомографиясы
- жақтардың ауыз ішілік рентгенографиясы
{Тест тапсырушының білім болжамы}= ZO
?
Төменгі жақтың симметриялы өсуін анықтау үшін рентген- зерттеулерінің қандай әдістерін қолданған дұрыс?
- төменгі жақтың панорамды рентгенсуреттемесі
- бүйір проекциясындағы телерентгенограмма
- самай- төменгі жақ буынының томограммасы
+ оң жақ проекциядағы ортопантограмма және телерентгенограмма
- ауыз ішілік контактілі рентгенограмма
?
Тортоаномалия бұл:
- тістердің вестибулярлы ығысуы
+ тістің осі бойынша айналуы
- тістердің биік орналасуы
- тістердің оральды бағытта ығысуы
- тістердің төмен орналасуы
?
10 жастағы науқас. 2.2 тістің тортоаномалиясы бойынша емдеуде болды. 2.3, 2.2, 2.1, тістері ілмектері және жақты резиналы тарқыштары бар сауыттармен жабылғалған. Аталған патологияны емдеу кезінде 2.2 тісті ығыстыру сипатын атаңыз:
- корпусты ығыстыру
- сауатты ығыстыру
+ осі бойынша айландыру
- тістердің тамырларын ығыстыру
- тігінен ығыстыру
?
7.5 жастағы балада, тіс жегінің асқынуы нәтижесінді 7.5 тіс жұлынды. Балада қандай асқыну дамуы мүмкін:
- 3.6 тістің дистальды ығысуы
- біріншілік адентия
- 3.1 тістің вестибулярлы ығысуы
- 7.5 тістің ретенциясы
+ 3.6 тістің мезиальды ығысуы
?
Сүт тістесуі бар балалардағы трансверзальды жазықтығына қараған кезде жақтардың дұрыс қатанасаның негізгі клиникалық белгісі:
+ жоғарғы және төменгі жақтың күрек тіс аралық сызықтарының өзара және беттің ортаңғы сызығымен сәйкес келуі, жоғарғы үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары төменгі үлкен азу тістердің ұрт бұдырларын жабады
- төменгі және жоғарғы тіс қатарларының күрек тіс аралық сызықтары өзара сәйкес келеді
- жоғарғы үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары төменгі үлкен азу тістердің ұрт бұдырларын сәл ғана жауып тұрады
- төменгі тіс қатарының күрек тіс аралық сазығы беттің ортаңғы сызығымен сәйкес келеді
- жоғарғы үлкен азу тістерінің ұрт бұдырлары жоғарғы үлкен азу
тістердің ұрт бұдырларымен түйіседі
?
Жоғарғы ернін тістелеу- жаман әдетінің нәтижесінде дамитын ақаудың беттік көріністерін атаңыз:
- беті симметриялы, мұрын ерін қатпарлары тегістелген, жоғарғы ерні қысқарған. Оның астынан жоғарғы күрек тістер көрінеді, беттің ортаңғы бөлігі алдыға шығып тұрады. Иегі артқа ығасқан
- беті симметриялы, мұрын ерін қатпарлары айқындалған, беттің төменгі 1/3 қысқарған, төменгі ерні сыртқа аударылған, иектің қатпары айқындалады
- беті симметриялы, мұрын ерін қатпары тегістелген, еріндері қиындық пен түйіседі, еріндердің шырышты қабаттарының құрғақтығы, беттің төменгі 1/3 ұзарған
- беттің ассиметриясы, мұрын ерін қатпары өзгермеген, беттің төменгі үштен бірі өзгермеген. Еріндерінің дұрыс емес түйісуі
+ беті симметриялы мұрын ерін бүктелдері айқындалған, жоғарғы ерні ішке қарай кірген, беттің 1/3 ұзарған иегі алдыға шыққан, беттің профилі ішке иілген
?
Бала 6 жаста. Прогениялық тістесуі бойынша дәрігер- ортодонттың емделуінде. Түнгі уақытта иек асты таңғышты бір жыл бойы қолданып келеді, бірақ ем нәтижесіз. Қарау кезінде: төменгі еріннің алдыға шығуы байқалады. Алдыңғы тістер арасында тремалар. Тіс қатарларының пішіні жартылай шеңберге жақын. Алдыңғы бөлімдегі тістесу прогениялық. Бүйір тістердің қатынасы бұзылмаған. Патологияның пайда болуының мүмкін болатын себебін атаңыз:
- сүт тістерінен ерте айрылу
- тұрақты тістердің кешігіп жарып шығуы
- көпкомплектті тістердің болуы
- эндокринді жүйенің ауырулары
+ ЛОР- ағзаларының ауырулары
?
Бала 1 жаста, анамнезінен жасанды тамақтануда болғаны анықталған. Анасы төменгі ерінін ішіне еніп тұруына, оны сорып журуіне шағымданады. Қарау кезінде иектің артқа ығысуы анықталды, төменгі ерні жоғарғы ернінің астына сорылады. Төменгі жағы квадрат пішінді. Сагитальды бағыттағы жақ арасындағы қашықтық 1,5 мм. Осы патологияның мүмкін болатын себептері:
- тістердің кешігіп жарып шығуы
- тістердің ерте жарып шығуы
+ жасанды тамақтандыру
- тілдің қысқа үзбесі
- тұқым қуалайтын фактор
?
Бала 1 жаста. Анасы төменгі еріннің ішіне енуіне және оны соруына шағымданады. Төменгі жақтың пішіні квадрат. Сагитальды бағаттағы жақтар арасындағы қашықтық 1,5 мм. Қажетті ортодонтиялық ем жүргізілмегенде балада қандай тістесу патологиясы дамиды?:
- ашық тістесу
- айқас тістесу
+ прогнатиялық тістесу
- прогениялық тістесу
- ортогнатиялық тістесу
?
Науқас 7 жаста, прогениялық тістесудің себебінен дәрігер-ортодонттық емін алуда. Жарты жыл бұрын Брюкль аппараты қойылған. Бір ай бойы алдыңғы тістер арасында вертикальды саңлаудың пайда болуы байқалған. Объективті: алдыңғы тістер арасында вертикальды саңлау- 4 мм. Бүйір бөліміндегі тістесу кілті қалпына келтірілген. Осы науқасты емдеуде дәрігердің жіберген қателігін көрсетіңіз:
- аппарат дұрыс таңдалмаған
- аппаратты ұзақ мерзімде қолдану
+ аппараттың қисаю жазықтығының сәйкес болмауы
- аппараттың тым жиі белсендендірілуі
- вертикальды саңылаудың болуы-қалыпты жағдай
?
Бала 10 жаста. Бетін қарау кезінде: беті симметриялы, беттің төменгі үштен бірі алдыға шығыңқы, төменгі ерні жоғарғысының алдында орналасқан. Мұрын ерін қатпары айқын. Бүйір тістердің ара қатынасы: 1.6 және 2.6 тістердің алдыңғы ұрт бұдырлары төменгі тістердің көлденең жүлгелерінде орналасады. Алдыңғы бөлімінде төменгі тістер жоғарғыларының алдында орналасады. Күрек тістердің ортаңғы сызығы солға ығысқан. Көрсетілген патологияға әкелуі мүмкін себепті атаңыз:
- төменгі ерінді тістеу әдеті
+ жоғарғы ерінді тістеу әдеті
- басын артқа шалқайтып ұйықтау
- бүйір тістерін ерте жұлу
- алдыңғы тістерін ерте жұлу
?
Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылуына шағымданады, аузы жартылай ашық. Тіс қатарларын қарағанда науқаста 6 мм сагитальды саңылау анықталды. Алдыңғы жоғарғы тістер толығымен төменгі алдыңғы тістерді жауып тұрады. Тыныс алуы ауыз арқылы. Бала төменгі ернін тістейді. Аталған патологияны емдеу үшін қандай ортодонтиялық аппаратты таңдайсыз:
+ Катцтың тістесу алаңшасы
- Эйнсворт аппараты
- Бынинның каппасы
- Френкельдың қызмет реттегіші
- Брюкль аппараты
?
Бүйір тістердің бұзылуы және жұлынуы нәтижесінде дамитын ақауларды емдеу үшін ортодонтиялық аппаратты таңдаңыз:
- Энгельдің экспонсивті доғасы
- Брюкль аппараты
- жоғарғы жаққа кеңейткіш пластинка
+ Катцтың тістегіш пластинкасы
- Эйнсворттың аппараты
?
Науқас 13 жаста. 2.2 тістің тортаномалиясы бойынша ортодонтта емделуде. Қазіргі кезде емнің белсенді кезеңі аяқталған және науқасқа келесідей құрылымдағы ретенционды аппарат дайындалды: вестибулярлы доғасы бар алынбалы пластина. Ретенционды кезеңнің қажетті мерзімін көрсетіңіз:
- 3 ай
+ жарты жыл
- 1 жыл
- 2 жыл
- 3 жыл
?
Төменгі жақтың көлемінің ұлғаюына әкелетін, негізгі беттік белгілерін көрсет:
- иек-ерін қатпарының тегістелген
+ төменгі жақтың бұрышының ұлғаюы
- төменгі жақтың жалпы ұзындығының ұлғаюы
- беттің төменгі 1/3- нің ұлғаюы
- төменгі жақтың бұтағаның ұлғаюы
?
Ортодонтиялық көрсеткішті анықтау бойынша тістерді жұлуда шешуші болып табылады:
- тіс катарларының пішінінің өзгеруі
- тіс катарларының тарылу дәрежесі
- апикальды негіздің жеткіліксіздігі
+ орын жетіспеуінің дәрежесі
- алдыңғы кесіндінің ұзындығының қысқаруы
?
14 жастағы науқасты қараған кезде: жоғарғы жақтағы косметикалық ақау анықталған. Объективті: 1.4, 1.2, 1.3, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, тістесу бұзылмаған. Оптимальды емдеу жоспарын таңдаңыз:
- 1.2 және 1.3 тістерді жұлу, келешекте протездеумен
- 1.3 тісті жұлу, келешекте протездеу
- 1.2 тісті жұлу, келешекте протездеу
- ақауды ортодонтиялық аппараттармен жөндеу
+ 1.2 және 1.3 тістердің сауытын қалыпқа келтіруші жасанды сауытпен жабу
?
III типтегі Френкельдің қызметтік реттегішті дайындау үшін тістесуді қалпына келтіру ерекшелігі болып табылады:
- үстіңгі жақты бүйір бөлімінде қалпына келтіру
- төменгі жақты күрек тістердің шетін түйісуіне дейін артқа ығыстыру
+ төменгі жақты максимальды артқа ығыстыру
- төменгі жақтың ығысуының болмауы
- үстіңгі жақты максимальды артқа итеру
?
Мұрын арқылы демалдыру машығы үшін емдеу тәсілінің ең тиімдісі:
- аппаратты ем
- ауыз маңының массажы
- емдік денешынықтыру
+ емдік гимнастика
- миотерапия
?
Комплекттен артық тіс тез арада жұлуды қажет етеді:
- жарып шығу бағытында орналасқан, қалыптаспаған түбірі бар тіс
- жарып шығу бағытында орналасқан, түбір ұшы қалыптасып болмаған, ретинирленген тіс
- жарып шығудың бастапқы кезеңіндегі тіс
- жарып шыққан тіс, тіс доғасы бойынша орналасқан
+ тіс жақ жүйесінің ақауының этиологиялық факторы болатын кез
?
Тұрақты тісті жұлуға ортодонтиялық көрсеткішті анықтаған кезде шешуші ролі:
- тіс қатарларының пішінінің өзгеруіне
- тіс қатарларының таралуының дәрежесіне
- апиальды негіздің жетіспеушілігіне
+ орын жетіспеушілігінің дәрежесіне
- алдыңғы бөлік ұзындығаның қасқаруына
?
Күрек тістердің медиальды орналасуының емі:
+ кеңейткіш пластинка
- миогимнастика
- сымдық рычагтары бар пластинка
- компактостеотомия
- тілдік сымнан торы бар пластинка
?
