- •Мазмұны
- •5. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті.
- •6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.
- •7. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.
- •8. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті.
- •Кәсіпорынның көрсеткіш коэффициенттері. Кесте№ 1
- •1.2 Салыстырмалы тәсілдің көрсеткіштері.
- •1.3 Бағалаудағы капитал әдісі.
- •2.1 Бағалау процесінде есептеу тәртібі
- •Кәсіпорынның табыстылық деңгейі.
- •Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің
- •Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер
- •Өнім бірлігінің табыстылығының (рентабелділігінің) өзгеру факторларын есептеу
2.1 Бағалау процесінде есептеу тәртібі
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын корсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге сал5ан бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:
ч
Д
Д = ______
ma Т
а
Мұнда: Т - ағымдағы активтердің орташа көлемі.
а
Акционерлық компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталді тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады ( 43). Ол мына формуламен анықталады:
ч
Д
Д = __________
СК С
К
Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
СК
ч
Д - таза табыс;
С - меншікті капитал.
К
Ол экономикалық және қаржылық талдауда манызды көрсеткіш болып табылады. Жак Ришар: « бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның
21
қызметін талдаудың түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады», - деп жазады. Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және мақала авторларыкәсіпорындардың тиімділігі, бәсекелестігі және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады.
Меншікті капиталдың табыстылық коэффиенті ( мөлшерлемесі)
бұл өнімді ( жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті
капиталдың айналымдылық көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Ол
келесі формуладан есептеліп шығарылады:
ч N
Д Д
Д = ________ х __________
CК N
С С
К
N
Мұнда: Д - өнімді ( жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс (тұсім).
Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынады:
Ч В N К
Д Д Д Д А
Д = _____ = ______ х _______ х _____ х ________
СК С N А В С
К Д Д К
( 1 ) ( 2 ) ( 3 ) ( 4 ) ( 5 )
__________________
ЖТ ( жалпы
табыстылық)
В
Мұнда: Д - жиынтық немесе жалпы табыс ( таза табыс + кредиторларға
төленген пайыздар) ;
А - активтер құны ( авансталған, жалпы, жиынтық капитал).
22
Формуладан көріп отырғанымыздай меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті ( 1 ) сату көлемінің табыстылығын ( 2 ) барлық активтердің айналымдылығына ( 3 ) ( жиынтық, авансталған, жалпы капитал) , меншік иелерінің табысының жалпы табыстағы салыстырмалы үлесіне ( 4 ) және қаржылық құрылым көрсеткіштеріне көбейткенге тең.
Бұл формула батыста кеңінен қолданып жүрген Дюпонның әйгілі формуласымен үйлеседі. Ол жеке компанияның қаржылық есебін талдау барысында қолданылатын, табыс көрсеткішін акцияларға қарапайым аналитикалық жіктеу болып табылады:
Ч ч N
Д Д Д А
Д = ______ = ______ х _______ х _______
СК С N А С
К Д К
Мұндағы: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
СК
ч
Д - таза табыс;
N
Д - өнімді өткізуден алынған табыс;
А - активтер құны;
С - меншікті (акционерлік ) капитал.
К
Дюпон формуласындағы көбейткіштердің әркайсысы дербес көрсеткіш болып табылады.Осы формуланы пайдалана отырып жүргізуші, тізбекке қосылған факторлардың қайсысы акционерлік капиталдың табыстылық деңгейіне ең жоғары дәрежеде ықпал еткенінайта алады: өткізілген өнімнің әрбір теңгесінен көбірек таза табыс алу, активтерді әлдеқайда тиімдірек пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық ( авансталған, жалпы) капиталының құрылымдық өзгерісі.
Осындай тәуелділіктерді зерттеу , қызмет нәтижесін жақсарту үшін кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігің және оның қаржылық жағдаиын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады.
23
Яғни, басқада осындай жағдайларда, акционерлік капиталдың кайтарымдылығы, жиынтық капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарының үлесі көбейген кезде өседі.
Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылқ деңгейә көрсетіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін ( ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға ( несиеге) назар аударады: қаржылық оқулықта мұны « тетік нәтижесі» деп атайды.
Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс-әрекеті екі негізгі элементтің ықпалында болады.
Бірінші элемент - бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының ( рентабельділігінің) нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.
Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кретидорлар табысының қарыз капиталына қатынасы ретінде, келесі формула бойынша анықталады:
Кредиторлар
Табысы Кредиторларға төленген пайыздар
Д = ______________ = _____________________________________
Қарыз капиталы Қаржылық қарыздық міндеттемелер
(қысқа, орта және ұзақ мерзімді)
Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесі, таза табыстың ( салық төленгеннен кейін) активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:
Д ( 1 – С )
Д = ___________Н___
а А
Мұнда : Д - активтердің табыстылығы (инвестицияланған капитал);
а
ч
Д - таза табыс;
С - салық мөлшерлемесі;
Н
24
А - активтер;
1 – С - алық мөлшерлемесінің компанияға әсері.
Н
Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15 %- ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме
10 % - ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құны төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатынды, қарыз капиталы мен тартылған құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды ( біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салықтық үнем үлесіне қысқарады.
Мысалы , егер салық мөлшерлемесі 50 %- ға тең болса, онда 10 %- дың кеісім – шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5%-ға тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:
10% х ( 1 – 0,5) = 5 %-ға тең.
Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай арақатынас негізінде, қарыз көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай тетік нәтижесі математикалық формуласында көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген нұсқасы келесідей түрде болады:
Өдіріс табыс- Қыздық
Активтердың тылығы мен үлесі (қарыз
(капиталдың) Салық төлен- нақты пайыз- міндеттемеле-
табыстылық = геннен кейін + дық мөлшер- х рінің меншік-
мөлшерлемесі гі табыстылық леме арасын- ті капиталға
дағы айырма қатынасы)
Д
Д = ЭР ( 1 – С ) + ( ЭР ( 1 – С ) - П ( 1 – С ) ) х ______
а н н н С
к
Мұнда: Д - активтер (капитал) табыстылығы;
а
ЭР - эксплуатациялық табыс ( салықтар мен пайыздарды
Төлегенге дейін);
П – ссудалар бойынша келісім-шартта көрсетілген жылдық пайыз
Мөлшерлемесі;
25
С - салық салу мөлшерлемесі;
Н
Д – қарыз міндеттемелері;
С - инвестициялық меншікті капитал.
К
Екінші элемент экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула бойынша егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтердің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіне кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін « тетік нәтижесінің» формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар мен Дюпонның формуласы келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі активтер құнының меншікті капиталға қатынасымен
( _А_ )
С анықталатын соңғы көбейткіш авансталған (жиынтық, жалпы)
К капиталдың құрылымын сипаттамайды, ол жиынтық капиталдың меншікті капиталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді. Бұл формулалардан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынастқа тура пропорционалды тәуелділігін көруге болады: ол неғұрлым жоғары болса, меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі солғұрлым көп болады. Бірақ , жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5 –тен кем болмау тиіс. Олай болмаған жағдайларда кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы
ч N
Д = _ Д __ х ____Д_____
ск N C
Д к
26
Сондай-ақ « тетік нәтижесінің» формуласы жеткілікті болады. Біз жиынтық капиталдың ( авнсталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп ойлаймыз. Осы мақсатпен қаржылық талдау тәжірибесінде келесі формуланы қолдануды ұсынамыз:
ч ч N C
Д = __Д__ = __Д__ х ___Д___ х _____к
a A N C A
Д К
С
Мұнда: к - авансталған капитал құрылымын сипаттайды, оның
А мөлшері 1-ге тең, ал С
к - қатынасы меншіктің
А
шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентінің денгейін көрсетеді. Кәсіпорын активтерінің табыстылығы - бұл өнімді өткізуден алынған
ч
табыстылық пен __Д__ меншікті капиталдың айналымдылық
N
Д
N
Коэффициентінің ___Д__ көбейтіндісінің нәтижесі және
C
К
Кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті болып табылыды. Тәуелсіздік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, активтердің табыстылық коэффициентінің денгейі соғұрлым көп болады, себебі соңғысы капиталдың каржылық құрылымына тура пропорционалды тәуелді.
