- •Мазмұны
- •5. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті.
- •6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.
- •7. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.
- •8. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті.
- •Кәсіпорынның көрсеткіш коэффициенттері. Кесте№ 1
- •1.2 Салыстырмалы тәсілдің көрсеткіштері.
- •1.3 Бағалаудағы капитал әдісі.
- •2.1 Бағалау процесінде есептеу тәртібі
- •Кәсіпорынның табыстылық деңгейі.
- •Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің
- •Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер
- •Өнім бірлігінің табыстылығының (рентабелділігінің) өзгеру факторларын есептеу
7. Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.
Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезендегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
N
О Д
К = К
К IЗ З
Мұнда: О
К - кредиторлық борыштың айналымдылық
К IЗ коэффициенті;
К - кезендегі кредиторлық борыштың орташа
З шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Айырмашылығы тек мынада:
-дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициенті өсуі - кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі – несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді.
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
О 360 К х 360
Д = _____ = ___з______
К IЗ О N
К Д
К IЗ
Мұнда: О
Д - кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.
К IЗ
10
Бұл корсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын ( банк алдындағы және басқадай заемдар байынша міндеттемелерін қоспағанда) көрсетеді.
8. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті.
Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады.
Демек , бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.
Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырғаның білдіреді.
Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
О
О ДС
К = ______
ДС ДС
С
О
Мұнда : К - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
Д.С
О
ДС - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДС - ақша қаражатының орташа қалдығы.
С
11
