Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НПП РУП 2курс КО.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.76 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Факультет Кеңесі шешімімен

факультет деканы

___________Амренова Р.С.

«____» ____________2015 ж.

Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Үздіксіз педагогикалық практика

Педагогикалық мамандықтардың 2-курс студенттеріне арналған

Оқыту түрі – күндізгі, сырттай

Көкшетау 2015ж.

Жұмыс бағдарламасы педагогикалық мамандықтарға арналған ҚР ММББС 5.04.019-2008 , ҚР БҒМ жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі отырысының 22.06.2006ж. шешімімен бекітілген 050100 «Білім» бағытындағы типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған.

Құрастырушылар: доцент, п.ғ.к. Мурзина С.А., доцент, п.ғ.к. Навий Л., педагогика магистрлері Какабаева Д.С., Тасбулатова Ж.С., педагогика және психология магистрлері Сулейменова З.Е., Кошанова М.Т., Накешев Ж.К.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

« » 2015 ж. хаттама №

Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« » 2015 ж. хаттама №

ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.

Танысты:

Мектеп директоры ____________________ _______________________

Қолы Аты-жөні

  1. SYLLABUS

2. Оқытушылар жөнінде мәлімет

Әдіскерлердің аты-жөні:

Байланыс телефоны: 40-21-99 (жұмыс) № 1 Корпус. № 601 кабинет

3.Практика түрі

Пән аты: Үздіксіз педагогикалық практика (ҮПП)

Мамандығы: педагогикалық мамандықтар, Курс: 2

Өтілу орны: Көкшетау қ. Орта мектебі

Оқу жоспарынан көшірме

курс

семестр

Кредит

саны

Сағат саны

мерзімі

Студенттер саны

Практика өтілетін орын атауы

Бақылау формасы

2

3-4

2

30

01.09.2015-12.12.2015; 18.01.2016-30.04.2016

күнделік

(ұпай 100)

4.Пәннің пререквизиттері: мектеп курсындағы анатомия, өзін-өзі тану пәндері, педагогикалық мамандыққа кіріспе, жас ерекшелік физиология және мектеп гигиенасы.

Постреквизиттер: педагогика, психология, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, педагогикалық практика, кәсіби практика, диплом алды практикасы.

5. Практика мазмұны:

Танысу:

  • Бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен;

  • Білім беруді реформаландыруға байланысты мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен;

  • Тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесімен (директор, оның орынбасарларының қызметімен);

  • Мектеп құжаттарымен (мектептің жұмыс жоспары, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары, т.б.)

  • Әртүрлі әдістерді қолданып (бақылау, мектеп құжаттарын зерттеу, т.б.) сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің қызметімен;

  • Мектептегі санитарлық-гигиеналық жағдаймен;

  • Дене шынықтыру, күн режимі, оқушылардың тамақтану режимі, сабақ кестесі, балалардың көңіл-күйі ерекшеліктерімен;

  • Мектептің материалдық-техникалық қамтылуымен;

ҮПП мақсаты: орта білім беру жағдайында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын педагогтың педагогикалық іс-әрекетімен танысу.

ҮПП міндеттері:

  1. ҮПП базасымен танысу;

  2. Топпен (сынып, мектеп ұжымы) жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік қабілеттерді дамыту;

  3. Болашақ педагогты педагог-тәрбиешінің нақты оқу-тәрбие процесіндегі негізгі кәсіби-педагогикалық қызметін шығармашылықпен атқаруға даярлау;

  4. Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Негізгі құзыреттіліктер:

1. Конструктивтік іскерліктер:

  • оқушылардың психолого-физиологиялық және дербес ерекшеліктерін, ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбиелік міндеттерді анықтау;

  • оқу-тәрбие процесі мен педагогикалық іс-әрекетті бақылау, талдау;

  • сынып жетекшісінің функционалдық міндеттерін зерттеу;

  • өз іс-әрекетін өзіндік талдау, бағалау және түзету;

2. Коммуникативтік іскерліктер:

  • оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану;

  • оқушыларды түсіну және жаны ашу сезімдерін дамыту;

  • педагогикалық рефлексияға қабілетін дамыту;

  • балалармен ізгілікті қарым-қатынасты орната білу;

  • өзінің позициясын білдіру және негіздей білу;

  • қылығы мен іс-әрекетін мотивациялау;

  • эмоциялары мен сезімдерін меңгере білу;

  • кіші және үлкен топтармен тұлғааралық қарым-қатынас орната білу.

3. Ұйымдастырушылық іскерліктер:

  • оқушымен, топпен, жалпы ұжыммен жеке жұмысты ұйымдастыру;

  • оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыру, біріктіруге ықпал ету.

4. Зерттеушілік іскерліктер:

  • тұлға мен жалпы ұжымды, олардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау мен жобалау мақсатымен антропологиялық тұрғыдан зерттеу;

  • сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын, оқушылардың жеке іс құжаттарын, мецициналық карталарын, күнделіктерін, сынып журналын, оны толтыру әдістемесін зерттеу;

  • оқу-тәрбиелік іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу (оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін, оқушылардың танымдық қызметінің ерекшеліктерін, оқуы және сыныптан тыс жұмыстарға қатысу мотивациясын, сынып ұжымындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін ескеру).

Үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру реті

Үздіксіз педагогикалық практика оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Практикаға ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әдіскерлері жүзеге асырады.

Практика жетекшілері мен студент-практиканттардың міндеттері

Кафедрадан практика жетекшісі-әдіскер:

- практика барысын бақылайды, практика өтетін мектеп басшысымен байланыс орнатады;

- практикаға байланысты барлық сұрақтар бойынша студентке кеңес береді;

- студенттің практикадан есеп құжаттарын тексереді және практика бағдарламасын орындау нәтижесін бағалайды;

- практика есептерін қорғауды ұйымдастырады;

- практика қорытындысының ведомосын деканатқа уақытында тапсырады;

- енгізеді.

Мектептегі практика жетекшісі:

  • студенттердің ҮПП өтуіне жағдай жасайды, студенттерге практика тапсырмаларын орындауға көмектеседі;

  • студенттерді мектеп жұмысымен таныстырады;

  • практика бағдарламасын орындауға қажет құжаттар мен материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

  • студенттердің практика өтуі жайлы пікір дайындайды, онда студенттің практика кезіндегі іс-әрекетіне баға береді, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты ескертулер мен ұсыныстар келтіреді;

  • топ жетекшісімен бірлесіп студенттерді сыныптарға бекітеді;

  • ҮПП қорытындысы бойынша мектепте педагогикалық кеңес өткізеді, университеттегі қорытынды конференцияға қатысады.

Сынып жетекшісі:

  • студенттерді сыныптағы оқушылармен, олардың іс құжаттарымен, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуларымен, негізгі тәрбиелік міндеттермен, өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;

  • студенттердің сабақта отыруларына кедергі жасамайды..

Студент:

- практика жетекшілерінің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;

- мектептің ішкі ережесін сақтайды;

- тәжірибе практика өтуге бөлінген уақытты практика бағдарламасын толық орындауға арнайды;

- тәжірибе күнделігін жүйелі толтырады, жетекшіге уақытылы тәжірибе есебі мен құжаттарын береді;

- саналы белсенділік, жауапкершілік, мәдениеттілік пен өзін ұстау этикасын көрсетеді.