Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тркі ркениеті жне ислам (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
727.55 Кб
Скачать

3. Түрік өркениеті және мәдениет

3.1 Қалалар мәдениетінің қалыптасып дамуы

Қалалар саны және қала жұрттарынын үлгілері. Жаңа археологиялық материалдың жинақталуы, бұрын белгісіз болып келген қала жұрттарының ашылуы тарихи картаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар мен басқа да елді мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі ең ірі қала Испиджаб саналады. Ол 629 жылы Сюань-Цзянның жылнамасында «Ақ өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Кейініректе Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам - ақ қаланың аты (Әл-Мединат әл-Байда), ол Испиджаб деп аталады. Оны «Сайрам» деп те айтады». Сайрам деген атаумен қала осы кезге дейін жетті және оның аумағындағы қираған қала жұртының орны орта ғасырлардағы Испиджабқа сәйкес келетініне күмән жоқ. Испиджабқа жақын жерде, одан Шашқа баратын жолдың бойында Газгирд қаласы жатқан. Орта ғасырларда жол Тұрбат асуынан өтіп, Сайрамға барған. Қазіргі Шарапхана ауылының аумағынан VII—X ғасырларда болған қаланың жұрты табылды, оны Газгирд деуге болады. Ертедегі Газгирд топонимінің қазіргі Қазығұрт атауында сақталып қалған болуы мүмкін. Ташкент пен Шымкент арасындағы тау сілемдері солай деп аталады, қаланың қираған жұрты соның етегінде жатыр. Испиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж және Жувикат қалалары мен елді мекендері болған. Алдыңғы екі қалаға ара қашықтағы деректемелерде фарсах есебімен (Сайрамнан және бір-бірінен шақырым есебімен) көрсетілген кала орындары сәйкес келеді. Шарапқа - Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж мен Абараж, сірә, керуен сарайлар болса керек [32].

Арыстың теменгі ағысында орталығы Отырар қаласында болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбенд) VIII-IX ғасырларда пайда болады. Сонымен бірге қаланың Фараб деген аты да мәлім болған. Бұл қаланың Тарбанд деген тағы бір аты белгілі. Отырардың Отырарбенд қаласының өзі екені күмән туғызбайды. Отырардан төменірек Сырдария бойында Шауғар өңірі орналасып, сол аттас орталығы болған. В. В. Бартольд Шауғарды Түркістан ауданында болған деп санайды. Шауғар қаласы Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 шакырым жерде орналасқан Шойтебе қаласының орнында болған деп саналады. Соғды тілінен аударғанда Шауғар «Қара тау» деген сөз. Қаланың Қаратау етегінде орналасуы Шойтөбенін Шауғарға балануына қосымша дәлел бола алады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында VI—IX ғасырдын бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде барлық саны 27 болатын осындай қала жұрты бар. Қазақстанның онтүстігіндегі қала жұрттарына кұрылымында арқа - ішкі қамал, шахристан - дуалмен бекіндірілген қала және рабад - қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты.

Алайда Орта Азияға тән қалыптағы Пенджикенттегі археологиялық қазбалар қала өмірінің бастапқы кезендерінде-ақ шахристанда шонжарлармен және көпестермен қатар қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің де тұрғанын және алдыңғы орта ғасырлардың өзінде қала қолөнер мен сауданың қалыптасқан орталығы болғанын көрсетті. Жазбаша деректемелердегі қалалармен, сол кезеңнің түсінігінде қалыптасқан қала үлгісімен сәйкес келетін қала жұрттарын да қалалар қатарына жатқызу керек. Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың алдыңғы орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археологиялық кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болады. Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уакытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардын, үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңтүстік-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда VII-X ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты кала жұрттарымен сәйкестендірілді.

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы VII-IX ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын «орталық бөлік» ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы үш шақырымнан ондаған шақырымға дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады.

«Ұзын дуалды» қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар; Талас аңғарында олар бір-бірінен 15-20 шақырым қашыктықта аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу зандылығы содан да айқын - он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15-35 шақырым қашыктықта орналасқан, қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік жақтағы ішкі тізбекті құрайды.

Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылды, нәтижесінде қалаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік болды. Бұлар: астаналық және ірі қалалар - Тараз, Суяб, Невакет және Нүзкет, олар Жетісудың онтүстік-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сиякты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қаласының жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус - Шалдовар, Мирки, Аспара, Жол - Соқылық, Харранжуван - Беловодск бекінісі, жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан - Луговое, «Түрік қағанының ауылы» - Шөміш, Кірмірау - Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Олардың құрылымында да қамалдармен шахристандардың, қала төңірегіндегі жерлердін айқын аңғарылуы жиі кездеседі. Кейбір қоныстардың мықты бекіністі құрылыстары болған. Алайда олардың көлемі шағын, 4-6 гектардан аспайды, мұнын өзі, мамандардың пікірінше, қоныстарға тән. Сонымен бірге көптеген «төрткілдер» - тау шатқалдарында және ірі қалаларға жақын орналасқан, төрт бұрыш түріндегі қала орындары қоныстарға жатқызылды. Табылып, зертгелген қала орындарының кейбіреулері бекіністер және керуен сарайлар деп анықталды [33].

Археологиялық зерттеулер мен материалдар қала санының көбейгенін айқын көрсетеді егер осының алдындағы кезеңде оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны бар деп саналса, бүгінде оның саны 37-ге жетіп отыр. Егер осының алдыңғы жазбаша деректерінде 6 қала ғана аталса, қазір олар 33. мұның өзі бұл аудан туралы тарихи және географиялық әдебиетте мағлұматтың мол ғана емес,сонымен қатар Шығыстың экономикалық және мәдени байланыстар жүйесіне кейіннен араласқан қалалар маңызының артқанында білдіреді. Деректемелерде тау етегінің белдеулерінде жаңадан Жумишлагу және Манкент қалалары аталады, сол кезде Арыстанның орта ғасырдағы орталығы Осбаникент болған Кенже округі құрылған. Фараб округінде орта ғасырдағы авторлар Отырардан басқа, жаңа астана Кедерді, Весидж және Бұрық қалаларын атайды. Шауғарда Ясы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашық және Шур қалалары пайда болды. Сауран қаласы Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Жент, Аснас, Баршыкент белгілі болды. Қаратаудың тіріскей беткейінде – Балаж бен Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сүткент қалалары орналасқан. Сырдарияның төменгі ағысымен Қаратаудың тірескей беткейлерінде қалалардың қалыптасу үрдісі мейлінше шапшандай түсті. Қалалардың аумағы ұлғайды. Отырар рабадының көлемі 170 гектарға дейін жетті, ал бұрын 5-7 гектардан жетпейтін еді. Әрине бұл сандарды кең көлемде қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін түпкілікті деп санауға болмайды, бірақ рабадтардың аталған шекараларының нақ 9-12 ғ қалыптасқаны даусыз.

Егер бұрын қалалар жұрты көпшілігінің жоғарғы қабаттары 6-8 ғ жататындарын қоспағанда жалпы көлемі белгісіз болып келсе, қазір барлық дерлік ескерткіштердің көлемі туралы нақты деректер бар, ол Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштердің типологиясын жасауға мүмкіндік берді. Бірінші топқа көлемі 30-дан асатын қала жұрттары кіреді. Бұлар – Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе, Құйрықтөбе, Сунақ-ата, Сауран, Жанкент, Жанқала, Құмкент. Бірінші топтағы қала жұрттарын салыстыруға мынадай көрініс береді. Сайрам қаласының жұрты Испиджабқа сәйкес келеді, Шортөбе – Осбаникет, Отырартөбе-Отырар, Құйрықтөбе – Кедер, Шойтөбе – Шауғар, Жанқала – Жанкент, Сунақ-ата – Сығанақ, Сүткент – Сүткент деп аталады. Жазбаша деректемелердің мағлұматтарына қарағанда, бұл қалалардың бәрі, Сауран мен Сүткенттен басқалары окруктердің астанасы, ал Испиджаб бүкіл Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы болған, Жанкент- ғұздардың астанасы, ал Жент пен Сығанақ 12-13ғ басында қыпшақтар иеліктерінің орталығы болды. Бірінші топтағы қалалар жұрттары аймақтар, жеке иеліктер орталықтарының немесе жай ірі қалалардың орындары болып табылды. Екінші топ ескерткіштерінің көлемі 15 гектардан 30г дейін жетеді. Олардың көпшілігі Испиджаб қалаларының тізіміне енетін қалалар деп саналады.

Орта ғасырдағы авторлардың бұл қалалар туралы сипаттамалары үстірт болып келеді, оларда мешіттер мен базарлардың болуы атап өтіледі. Бурух – үлкен қала, Хурлуг – күмбезді мешіті бар қала деп аталады. Жұмишлагу – үлкен әрі көлемді қала деленеді. Олардың бәріде қаланың маңызды белгісі – күмбезді мешіті болған. Оңтүстік Қазақстанның қала жұрттарының екінші тобын көлемі орташа қалалардың қалдығы деп санауға болады. Үшінші топтағы қала жұрттары мейлінше көп. Олардың бір бөлігі жазбаша деректемелерге қалалармен, Шарапхана- Газгирд, Бұлақ-Қоғал-Манкент, Тамды-Берукет, Қазатлық-Будухкет деп салыстырады. Ескерткіштердің бұл тобы – шағын қалалардың,қалашықтардың қалдықтары. Тамтаж , Абараж сияқтыларды керуен- сарайлар деп санаған жөн тәрізді. Оңтүстік– Батыс Жетісудағы деректемелерде белгілі болған қалалар саны 26-ға дейін көбейді. Қалалар саны Жікіл, Балу, Шелже, Көл, Кенжек қалалары қалыптасқан. Талас аңғары есебінен артты. Бірқатар көлемді төрткүлдер – 36 төрткүл табылды.

Қалалардың орталық қираған жұрттардың көлемі бұрынғы күйде қалған, оның есесіне үлкен дуалдар ішіндегі құрылыстар неғұрлым тығыз бола түседі, онда тұрғын үйлер бір-біріне қаратылып тұрғызылған және аулалары бар жүйелі түрде жоспарланған усадьбалы учаскілер қалыптасады. Былайша жоспарлау қазіргі құрылыс жұмыстары аз жүргізілген Ақтөбе, Степнинское, Төлек және Сретинское қала жұрттарына сақталған. Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жұрттарының типологиясы бойынша Текабкет пен Сус, сондай-ақ Кенжек – Сенгір және Шелже орташа қалаларға жатады. Шу аңғарында Баласағұн қаласы жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарады. Ол 10-12ғ хан ордасы ретінде қалыптасады [34].

Алайда оның орнында неғұрлым ерте кездегі қала жұрты жатыр. Ескі қала жұртымен қатар мұнда 40- шақты төрткүлдер пайда болды, олар орда, бекініс және егіншілік қоныстар ретінде қабылдынды. Талас жәнеШу аңғарларында осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетті. Солтүстік-Шығыс Жетісуда 9-13ғ басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер 9-10ғ 10 қала ғана болса, 11-13ғ олардын саны 70- ке дейін көтерілді. 10 ғасырдағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз және Лобан қалалары туралы хабарласа, 11-13ғ бас кезінде мұнда, орта ғасырларда авторлардың мәліметтеріне қарағанда, 2- Оғыз, Қаялық- аймақ, астанасы- Нестройнское селение, Ілебалық қалалары болған. Солтүстік-Шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары төрткүл аталатын үлгіге жатады. Олар төртбұрыш, тропеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңгеленіп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен бойында мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. әдетте дуалдардың ортасына орналасқан бір, екі,үш және төрт қақпасы бар.

Төрткүлдер Солтүстік-Шығыс Жетісуда ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Жетісуда, Тянь-Шяньда, орталық Қазақстанда, Монғолияда таралған. Осы үлгідегі нақ осылайша немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төменгі ағысында, Азов теңізінің маңында кездеседі,олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь - Шяньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда қалалар деп атайды. Ыстықкөл қазан шұңқырының төрткүлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп саналады. Солтүстік-Шығыс Жетісудағы төрткүлдер жөніндегі деректерге талдау жасау және бірінші кезекте, олардың көлемін салыстыру ескерткіштерді 3- топқа бөлуге мүмкіндік берді. Антоновское, Дүнгене, Шілік, Талғар,Сүмбе, Ақмола Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан т.б жатқызылған [35].

1 - топқа 30га асатын қалалар енген. Бұлар көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттардың қалындығы 2-3м дейін жетеді және оданда қалың. Бұл қала жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға- Антоновское – Қаялыққа, Дүнгене – Екі – Оғызға баланады. Бірінші топты құрайтын төрткүлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады.2- топтағы қалалардың көлемі 10-30га дейін жетеді. Мұнда қолөнер кәсібінің дамығандығы анықталды, басқа елдерден әкелінген бұйвмдар табылды. Бұлар-көлемі орташа қалалар. 3- топ қалалардың көлемі 10г жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрлысы Жақсылық қаласының орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Олар тұрғын үйлердің дуалдарының жанына ішкі жағына орналасуы, ішкі ауланың болуына тән. Іле қалаларының жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер және жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Олардың кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Бұл кезде отырықшы және қала мәдениеті Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына ойысады. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болады. Мәселен, орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгіл және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткүлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімшілдік, қолөнер, сауда және ауылшаруашылық сипатын көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстанда қала орындары көпшілігіндегі қалалардың салынуы уақыт өте келе өзгерістерге ұшырады. Құйрықтөбе қамалын қазу 9ғ бірінші жартысында құрылыс өрт болып соның салдарынан сарай кешені қирағаннан кейін бірсыпыра уақыт өткеннен соң толық қайта жоспарлау жүргізгенін көрсетті. 7-9ғ бірінші жартысында құрылыс кешендерінің іргелі дуалдары шегінде қарапайым құрылыс махаласы салынды. 11-13ғ басында нақ сол жерде қыш-құмырашылар махаласы орналасады.

Қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, қала бұрынғысынша қаланың жалпы құрылысына қатынасы жөнінен сол баяғы тұйықталуы сақталған жекелеген тұрғын үй махаллаларынан тұрады және махаланың барлық үйлерінің кірек есіктері жалпы махала ішіндегі кішкене көшеге қаратылатын жоспарлау үрдісімен сипатталады. Құйрықтөбе қаласының жұртының шығыс бөлігіндегі 9ғ екінші жартысы – 10ғ бірінші жартысындағы 2-махаллаға ішінара қазба жұмыстары жүргізілді, ал бір махалла толық қазып аршылды.ол бұрынғы қала алаңын толық алып тұр. Оның көлемі 35-30м. Үйлер П тәрізді кішкене көшені бойлай тұрғызылған 5- үй сақталған, орны айқын аңғарылады. Ал махалада барлығы 12 үйден кем болмаған, олардын бір бөлігін су шайып кетсе, басқа біреулері кейінгі кездегі құрылыстардың астында қалған. Құйрықтөбе қаласы жұртының оңтүстік жағында әрқайсысы 8-10 үйден тұратын 10-11ғ 2 махала ішінара аршылды. Құйрықтөбенің оңтүстік-шығыс жағында 3200шаршы метр жерге толық қазба жұмыстары жүргізіліп, қалалық 3 махалланың орны босатылды, олардын мерзімі 11 ғ екінші жартысы – 12ғ басы деп анықталып, шартты түрде «Д,Е,Ж» әріптерімен белгіленді. «Д» – махалласының алып жатқан жері 950 шаршы метр болды. «Е» – махалласының ұзындығы 40м де, ені- 1,5-2м кішкене көшенің екі жағына орналасқан екі тұрғын кешенінен тұрды. Махалланың жалпы көлемі 704 шаршы метр болады. Махаллада 10 үй бар. «Ж» - махалласының көлемі 1050 шаршы метр. 6-үй махалла ішіндегі ұзындығы 32м болатын кішкене көшені бойлай шоғырланған, ал махалланың түпкіріндегі үйлер ұзындығы 15м дейін жететін тұйық көшелермен қосылады. Қала махаллаларын, соның ішінде қыш-құмыралар махалласын зерттеу махаллалардың қолөнер мамандануы туралы мәселелерге назар аударуға мәжбүр етеді. Бір зерттеушілер жазбаша деректемелерді ала отырып, монғолдарға дейінгі кезеңде махалла мен қолөнердің ұйымдастырылуы өзара сәйкес келген деп топшылайды. Басқалардың пікіріне қарағанда,бұлардың сәйкес келуі сирек кездесетін жағдай Махаллалардың әлеуметтік стратификациясы туралы мәселе қызықтырарлық. Топографиялық байқаулармен жазбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, бірқатар қалаларда махаллардың атақ даңқы мен байлық дәрежесі бойынша бөлінетіні байқалды.Әзірше Қазақстан махаллаларына қарап, олардың көрінеуі кедей немесе бай деп бөлуге болмайды. Олардын бәріде әлеуметтік жағынан араласып кеткен. Қарастырып отырған кезеңдегі қала құрылысының құрамында пайда болған жаңа элемент мешіт болып табылды. Құйрықтөбе мен Өрнек қаласының жұртын ұазған кезде мешіттердің орны табылды. 9-12ғ жазбаша деректемелерінде қалаларды сипаттаған кезде мешіт, оның қалада орналасуы – баяндаудын міндетті элементі болды [36].

Құйрықтөбе мен Өрнек қаласының жұртын қазған кезде мешіттердің орны табылды. Бұлар – Қазақстандағы ең көне мешіттер. Қаланың әскери бекінісі жөнінде бірсыпыра деректер ашылды. Аршылған учаскілерде 11-12ғ басында Отырар дуалы байқалған жоқ. Сірә, деректемелердегі Отырардың бекіністі дуалдарын монғолдар жермен – жексен етті деп хабарлануы шын болса керек. Отырар рабадының бүкіл дуалын көлденен қазып қарағанда оның биіктігі 1м болатын топырақтан үйілген алаңға салынғаны анықталды. Дуалдын ені 6,2м болатын табаны үш қатар етіп шикі кірпіштен қаланған. Шикі кірпіштен тұрғызылған қабырға екі жағынан күйдірілген балшық блоктармен қаланып бекітілген. Блоктардын арасы құрылыс қалдықтарымен және топырақпен толтырылған. Дуалдын жоғарғы жағы жентектелген балшық қабаттарымен және шикі кірпіштермен қаланып бекітілген. Дуал 10-12ғ тұрғызылған деп саналады, соңғы рет 12ғ аяғы – 13ғ басында жөндеу жүргізілген.

Оңтүстік – Батыс Жетісуда да қамал құрылысында өзгерістер байқалды. Қызылөзен қаласы жұртының қамалында, 8-9ғ бірінші жартысында мықты бекіністі сарай кешенінің төңірегінде қарапайым тұрғын үй салынған. Степнинское Ақтөбе қала жұртының қамалында қалалық бай усадьба мен монша болды. Тараздың қамалынан да 10-11ғ моншаның орны ашылды. Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар қаласының жұртын қазу жұмыстары оның құрлысында жекелеген махаллаларды анықтауға мүмкіндік берді. Көлемі 4000 шаршы метр болатын 11-12ғ басында махалла толық аршылды. Ол үлкен көшенің учаскісі біріктірген және қалған құрлыстан шеткі үйлердің бүйірдегі қасбеті саңылаусыз қабырғалармен оқшауланған үйлерден тұрған. Үйлердің шағын көшелерге шығатын есіктері бар, ал бұл учаскідегі ондай үйлердін саны 12-14. Талғар мақаласын Құйрықтөбенің жағынан сәйкес келетін мақалаларының салыстырғанда алғашқысының көлемі үлкен екені аңғарылады. Махалладаға үйлер саны бірдей болғанымен, Талғардағы махалла алып жатқан учаске 4-еседей үлкен. Мұны Іле қаласын ерекшеліктерін түсіндіруге болады, олар жерге көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы нәтижесінде пайда болған және олар өз құрылысында бұрынғы өмірін көптеген белгілерін сақтап қалған, атап айтқанда, үйлердің қасында мал ұстайтын үлкен аулалар болған. Сірә, Талғар махаллалары да , жоғарыда оңтүстік Қазақстан қаласына байланысты жазылғандай, туысқандар үйлері тобының шоғырлануына сияқты қалыптасқан болса керек. Солтүстік-Шығыс Жетісу қалаларының бекіністерін зерттеу Талғар дуалының таспалау әдісі мен саз балшықтан тұрғызылғанын көрсетеді. Дуал табанының ені 7м , сақталған биіктігі- 4м дейін жетеді. Дуалдың табанына қойтастар қойылған олардың арасы балшықпен толтырылған, ал дуалдын жоғарғы жағы 20см дейін жететін балшық қабатымен өсірілген. Балшық дуалының екі жағынан да, бірақ негізінен сырт жағынан алынған, мұнын өзі дуал салумен бір мезгілде ор қазуға мүмкіндік берген. Сүмбе қаласы жұрттың дуалдарына да осындай құрылым тән. Жалпы алғанда, 9ғ орта шенінен 13ғ басына дейін кезеңде Қазақстан қалаларының құрылысында елеулі өзгерістер болған, олар рабадтардың қалыптасуынан махаллалар көлемінің ұлғаюынан көрінеді. Сонымен бірге көптеген қалаларда қамалдар салудың сипаты өзгереді. Мешіттермен қоғамдық моншалар қала құрылымдағы жаңа элементтер болды. Қорғаныс бекіністері неғұрлым мықты бола түсті [37].