- •Түркістан 2013
- •3. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1 Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:
- •5. Жұмысты орындау реті:
- •6. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың аты: Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері.
- •Микроорганизмдерді периодты түрде культивирлеу
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1. Жұмыс жоспары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ашық бірсатылы гамогенді - үздіксіз жүйелер
- •Жасуша рецеркуляциясы мен тұйық жүйелер
- •Ашық фазада жасушаларды өсіру мен тұйық жүйе.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың аты: Егіс материалын алу сатысы. Микроорганизм культурасын сақтау әдістері.
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Қысқаша теориялық мәліметтер:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5.Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртібі: Микроорганизмнің қоректенуі. Жасушаға заттың түсуі.
- •Негізгі элементтің көзі
- •Витамин көзі макро - және микроэлемент.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •Көміртегі көзі.
- •Азот көзі.
- •Фосфор көзі.
- •Макро және микро элементтердің көзі.
- •Көмекші материалдар.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Қысқаша теориялық мәліметтер:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Көбіктің пайда болуы және көбікті сөндіру.
- •Химиялық көбік сөндіргіш.
- •Көбік сөндіргіштің физикалық әдісі.
- •Көбік сөндіргішті автоматты басқару.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың орындалу реті: Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысымен танысу.
- •Флотирлеу.
- •Сепарирлеу.
- •Ыстықпен өңдеу және булау
- •Фильтрлеу
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Сұйықтық экстракция әдісі.
- •Ион алмасу.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жасуша массасына экстракция.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Кептірудің басқа әдістері.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •Ағын суды тазарту.
- •Механикалық тазарту
- •Физико-химиялық тазарту
- •Химиялық тазарту
- •Термиялық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Бастапқы қоректік ортаның құрамынан ферментация процесінен кейінгі культуралды сұйықтықтың құрамын немен ажыратады?
2. Өндіріс аппаратында культуралды сұйықтықтағы микроорганизм биомассасының қандай санын алады?
3. Культуралды сұйықтықтағы жасуша биомассасын бөлу әдісін қай топқа жатқызуға болады?
4. Қандай микроорганизмді концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады
5. Бір сатылы Флотатордың жұмыс сітеу принципін түсіндір.
6. Сепараторда культуралды сұйықтықтан биомассаны бөлу қандай күштің әсерінен жүргізіледі?
7. Барабанды сепараторда микроорганизм жасушасы және сұйықтық қалай қозғалады?
8. Культуралды сұйықтықты сепарирлегенде қандай артықшылығы мен кемшілігі бар
9. Биосинтез өнімін булау қандай температурада жүргізеді. Культуралды сұйықтықтың қайнау температурасын қалай ұстауға болады?
10. Биосинтез өнімін булауды қандай қондырғыда жүргізеді?
11. Ваккум – буландырғыш қондырғыда жылуды қалай тұтынады?
12. Культуралды сұйықтықты фильтрлеу жылдамдығы неге байланысты?
13. Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді дақсартуға қандай әдіс қолданылады?
14. Рамалы фильтр-пресс құрылысының ерекшелігін және оның жұмыс істеу принципін түсіндір?
15. Рамалы фильтр-пресстің артықшылығы мен кемшілігі қандай ?
16. Барабанды ваккум-фильтр кемшілігі мен артықшылығы қандай?
17. Барабанды ваккум-фильтрдің жұмыс істеу принципін түсіндір.
5. Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртібі: Инактивтелген биомассаны бөліп алу процесімен танысу.
Қазіргі кезде көптеген биопрепараттар микробиологиялық концентрат түрінде өндіріледі. Микробиологиялық концентраттың негізгі бөлімі ауыл шаруашылық мал азығын құнарландыруға қоспа ретінде (азықтық ақуыз, азықтық антибиотик, аминқышқылы, фермент) қолданылады.
Микробиологиялық концентраттар культуралды сұйықтық белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілген болып келеді. Демек, олар микроорганизм биомассасын, оның метаболизмінің өнімдерін, қоректік ортаның қалған компонентін, көбік сөндіргіш және т.б. құрайды.
Кейбір жағдайда концентрат алуда культуралды сұйықтықты өңдеу қажет болады, дайын өнімді концентрлеу мақсатында немесе керек емес компонент бөлінгенде.
Микробиологиялық концентратты алуда басқа биопрепаратпен салыстырғанда соңғы өнімді бөліп алу сатысының технологиясы қарапайым.
Жалпы барлық микробиологиялық концентрат үшін суды толығымен немесе біртіндеп суды жою болып саналады. Концентрат алуда негізгі технологиялық операция – булау және кептіру.
Тасымалдауда, ұзақ уақыт сақтауда жарамды ақуыз препаратын алуда жасуша биомассасының ылғалдылығын 8-10% дейін кептіру керек. Микроорганизм массасының маңызды жағдайы, бағалы биологиялық активті зат тез жоғалып және әрмен қарай бұзыла бастайды.
Жасуша суспензиясы буланғаннан кейін, 24-26% құрғақ затты құрайтын арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі.
Кептіргіш қондырғы. Жаншып үгетін білікті кептіргіш өнімділігі аз өндірілетін өндірісте қолданылады. Кептіру процесіндегі мұндай аппаратта айналатын барабанның ыстық бетінебиомасса суспензиясы жанасады. Мұндай кептіргіштің құрылысы бір және екі білікті кептіргіш болып келеді, батырлыған және батырылмаған. Батырылмаған ВСГ типтегі екі білікті кептіргіш екі жартылай көлденең болаттан жасалған барабаннан тұрады
Барабанның су берілетін жанында жабылатын қақпағы бар. Барабан қатаң параллель құрастырылған.
Барабанның жанының жоғарғы жағында барабан мен ваннаның арасында сына орнатылған, оған биомасса концентраты үздіксіз түседі.
Биомасса концентраты ваннада шамамен 1000С температураға дейін қыздырылады және осы кезде судың бір бөлігі буланып кетеді. Барабан бір-біріне қарама-қарсы айналғанда жасуша биомассасы жұқа қабатпен оның бетіне жағылады, және ылғалдылығы 8-10% дейін кептіріледі.
Құрғақ биомасса барабанның бетінен пышақпен сылынып алынады және көлденең шнекке құйылып түседі. Содан соң буып түюге беріледі.
Батырылған типтегі СДА екі білікті кептіргіш 1200/3600 жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы бар кептіргіш барабан жасуша суспензиясымен ваннаға батырылған және өздігінен жұмыс істейді. Суспензия ваннада бұлғағыш араластырғышопен араластырылады, ваннаға берілер алдында жылу алмастырғышта қыздырылады. Білікті кептіргіште ақуыздың жоғалуы 15% жетеді.
Шашыратқыш кептіргіш микробиологиялық синтездің көптеген өнімін өндіруде қолданылады. Олар кептіргіш агенттің кептіргіш материалымен әрекеттесу әдісімен ажыратылады (тура ағымдағы, ақарама-қарсы ағымдағы немесе аралас) температурамен және газ тасымалдағыш құрамымен, шашыратқыш механизм қондырғысымен және т.б.
Азықтық ашытқыны кептіруде өнімділігі жоғары шашыратқыш кептіргіш қолданылады. Ортадан тепкіш күштің әсерінен диск айналғанда пайда болатын ерітінді қабықша түрінде үздіксіз жоғары жылдамдықпен дискінің шет-шетіне көшеді және майда тамшыға 50-70 мкм ыдырайды. Кептіргіш агент (қыздырылған ауа немесе түтінді газ ауамен араласқан) кептіргіш камераға газ өтетін түтікпен беріледі, ол аппаратураға бағыттағыш аппарат көмегімен кептіргіш камерадан шығарылады, жылу тасымалдағыштың үлкен жылдамдығы құрылады және бір мезгілде спираль тәрізді жылу тасымалдағыштың жылжуы бағытталады.
Кептіргіш агенттің алғашқы температурасы азықтық ашытқыны кептіруде 300-3500С жетеді. Ашытқы суспензиясы шашыратқыш жылу тасымалдағышпен контактіде болып суды кептіреді.
Ашытқы суспензиясынан судың булануы шашыратқыштың жоғары дәрежесінің арқасында кептіргіш агент тез салқындайды және оны температурасы кептіргіштен шығарда 900С температураға жоғарыламайды. Кептірілген ашытқы осы температурадан жоғары қыздырылмайды.
Құрғақ азықтық ашытқы ұнтақ түрінде кептіргіштің төменгі конусты бөлігіне түседі, содан үздіксіз жойылады. Қолданылған жылу тасымалдағыш кептіргіш камерадан газ жүретін жерден шығарылады. Ашытқының бір бөлігі (15-20%) жылу тасымалдағышпен бірге шығарылады және оны ұстау үшін арнайы шаң ұстағыш аппараттар-циклондар орнатылады.
Құрғақ ашытқы конусты кептіргіштен және циклоннан пневмотасымалдағышпен буып түюге беріледі.
Шашыратқыш кептіргіш күрделі және қауіпсіз қондырғы, сол себептен оның жұмысын автоматтандыруға болады. Кептіру процесін автоматты басқару, процесті тиімді етуге көмектеседі, кептірілген өнімнің сапасын жоғарылатады, отынның және энергияның меншікті шығынын қысқартады.
№ 13 Лабораториялық жұмыс
Лабораториялық жұмыстың аты: Культуралды сұйықтықтан метаболизм өнімін бөліп алу.
