Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биотехнология лабораториялы сабатар жинаы ЖБИ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

Флотирлеу.

Азықтық ақуыз өндірісінде ашытқы жасушасын концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады. Орындалу мақсаты культуралды сұйықтықкөбіктенгенде ашытқының негізгі массасы ауамен бірге көбікке ауысады, оны культуралды сұйықтықтан бөліп алады. Флотирлеу процесі арнайы аппаратта – құрылысы әртүрлі флотаторда жүргізіледі. Биотехнологиялық өндірісте флотаорлы аппарат қолданылады, бірнеше вариантта орындалады: көлденең конусты, тігінен цилиндрлі, бір сатылы және екі сатылы ішінде стақаны бар болып келеді.

Флотатор түбі тегіс цилиндрлі корпустан және ішкі жағында көбік жинағыш стақаны бар. Корпус пен көбік жинағыштың арасындағы сақиналы кеңістік (І-Ү) тігінен секциялы бөліктерге бөлінген. Бөлгіш қоршаулар бірінші мен соңғы секциядан басқасы түбіне жетпей тұрады. ІІ-Ү секцияда аэратор орнатылған.

Ашытқы суспензиясы ашытқы өсіруші аппараттан бірінші ұзындығы бойынша ең үлкен флотатордың секциясына келеді, осы жерде ашытқының негізгі массасы газ суспензиясы құрамының есебінен флотирлеу іске асырылады. Пайда болған көбік ішкі стақанның жоғарғы жағынан асып ағып, көбік жинағышқа келеді. Культруралды сұйықтықта қалған ашытқы, флотирлеудің қалған секциясында, аэратор арқылы берілген ауаның көмегімен іске асырылады. Пайда болған көбік, көбік жинағышқа келіп түседі. Көбік жинағыштағы көбікті механикалық көбік сөндіргішпен сөндіріледі. Көбік жинағыштан ашытқы концентраты сепарацияға беріледі.

Өңделген культуралды сұйықтық соңғы секциядағы гидрозатордың қызметін атқаратын қалтасынан шығарылады. Флотатордың өнімділігі бастапқы ашытқы суспензиясы бойынша 40-70 м3/сағ құрайды. Флотирлеу әдісі тек қана ашытқыны концентрлеу үшін қолданылады.

Сепарирлеу.

Микроорганизмнің биомассасын концентрлеу, сепарирлеу әдісімен жүргізіледі, үлкен көлемдегі қиын фильтрленетін суспензияны жоғарғы жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Сепарирлеу процесі флотирлеу процесімен салыстырғанда энергия көлемді жұмсалады, сондықтан алдын ала флотирлеуге мүмкіндік жасайды, ол сепарирлеу сатысының санын қысқартады.

Культуралды сұйықтықты сепарирлеу алдында сұйылтуға немесе газдан тазарту үшін деэмульгирлейді. Культуралды сұйықтықты сепарирлеу үшін және культуралды сұйықтықтың бірқалыпты құйылуына мүмкіндік жасайды.

Деэмульгирлеу әр түрлі әдіспен іске асырылады: механикалық (флотаторда механикалық көбік сөндіру немесе флотирлеу сатысы болмаған кезде механикалық көбік сөндіру), химиялық (көбік сөндіруге химиялық заттарды қолдану) немесе табиғи (арнайы деэмульгаторлар) заттарды қолданады.

Сепарирлеу процесі ықшам және өнімділігі жоғары сепаратор аппаратында жүргізіледі.

Биомассасын бөліп алу сепараторда ортадан тепкіш күштің әсерінен жүргізіледі. Сепаратордың жұмысшы құралы барабан болып табылады, оның ішінде табақты ұстағыш конусты табаққа бекітіледі. Табақтың сырт жағында қабырға бар, осының арасында 0,8 мм саңылау пайда болады. Барабан ұршық – білікке кигізілген. Сепаратордың осы құрылысының кемшілігі табақтардың арасындағы бос жерлеріне биомасса қалдығының тез толып қалатындығы. Сепаратордың жұмыс істеу ұзақтығы 12-24 сағатқа дейін созылады, содан соң барабанды ажыратып алып жуады.