Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биотехнология лабораториялы сабатар жинаы ЖБИ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

3. Бақылау сұрақтары:

1. Микробиологиялық өндіріс мекемесінде қандай қауіпсіздік ережелері енгізілген?

2. Қандай цехтар жарылғыш қауіптілігі жатады және оларға қандай құрал-жабдықтар мен қамтамасыз етілуі қажет?

3. Сұйық және құрғақ өнімдерді тасымалдағанда қандай қауіпсіздік шаралары қарастырылады?

4. Технологиялық процестерге қандай қауіпсіздік ережесін регламенттеші құжаттар енгізіледі?

5. Жоспарлы – ескертілген жөндеулер қалай ұйымдастырылып өткізіледі?

6. Жоғарғы қысымдағы аппаратта жұмыс істеуге қандай ережелер жүргізілуі тиіс?

7. Биотехнология өнідірісіндегі бөлмелердің ауасын тазарту қарай жүргізіледі?

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Аркадьева З.А., Безбородов А.М., Блохина И.Н. и др. Промышленная микробиология //Под ред. Н.С.Егорова - М.: Высшая школа, 1989.

2. Бекер М.Е. Введение в биотехнологаю. -М., 1979.

3. Валиханова Г.Ж., Рахимбаев И.Р. Культура клеток и биотехнология растений. -Алма-Ата, 1989.

Қосымша әдебиеттер:

1. Биотехнология. -М.: Наука, 1984.

2. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., ИвановаЛ.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. -М., 1980.

2 Лабораториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Биотехнология аумағына жалпы мәлімет.

1 Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:

1. Микроскоппен жұмыс істеу.

2. Бактериялардың негізгі формаларын анықтау.

2. Жұмыстың мақсаты: Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі болып саналады.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі болып саналады. Олар үш миллиаря жыл бұрын пайда болған деген түсініктемелер бар.

Микроорганизмдер - көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганизмдердің құрлысын, сыртқы пішінің және қозғалуын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп кәрсететін арнаулы құрал микроскоптар қажет. Қазіргі кезде осы мақсатта биологиялық микроскоптар қолданылады.

Микроорганизмдердің басым көмшілігін бір клеткалы организмдер деп атадық. Бірақ олардың ішінде, мәселен заң саңырауқұлақтары, жіпше бактериялары көп клеткалылар болып саналады. Микробтар клеткасы сыртқы ортадан қабығы, ал кейбір топтары цитоплазмалық мембрана арқылы ажырайды. Құрылысы жағынан алғанда негізінен айырмашылығы бар екі типті ажыратуға болады. Бұл эукариот және прокариот клеткалар. Нағыз ядролы микроорганизмдерді эукариоттар, ал қарапайым ядро аппараты барларды прокариоттар деп атайды.

Эукариоттарға саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдар жатады. Бактерияларды және көк жасыл балдырларды прокариоттарға жатқызады.

Эукариот клеткаларында ядро сыртын қоршап тұрған цитоплазмадан кішкене саңылаулары бар екі қабаты ядро мембранасымен қапталған. Ядрода 1-2 ядрошық болады.Мұнда рибосомдық рибонуклеин қышқылы және тұқым қуалаушылықтың негізі орналасқан хромосомдар синтезделеді. Хромосомдар Метоз және мейоз сияқты аса күрделі процестер кезінде бөлінеді.

Прокариоттар клеткасының құрылысы эукариоттарға қарағанда қарапайым. Оларда ядро мен цитоплазманың арасында анық шекара байқалмайды, ядро мембранасы жоқ. Дезоксирибонуклеин қышқылы бұл клеткаларда белокпен байланыспаған, эукариоттардың хромосомдары сияқты структуралар мұнда жоқ. Сондықтан болса керек бұл клеткаларда митоз бен мейоз процестері болмайды және бұларда митохондрийлер және хлоропластар да жоқ.

Бактериялардың негізгі формалары. Сыртқы пішініне қарай бактериялар үш топқа бөлінеді. Олар шар тәрізділер, таяқша тәрізділер және ирек формалар. Шар тәрізділерді коккалар деп атайды. Коккаларды өзара орналасуына қарай бірнеше топқа бөледі.

Олар екі-екіден орналасса - диплококкалар деп атайды, клеткалар өзара тіркесе моншақ тәрізді орналасса стрептококкалар, сегіз-сегізден текшелене орналасқандарын сарциналар деп, сондай-ақ клеткалары жүзім жемісінің орналасқаны сияқты шоқ шоқ болып кететіндерін стафилакоккалар деп атайды. Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралардың түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзетіндерін бациллалар, ал түзбейтіндер бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды да клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі.

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2 микронға тең (бір микрон бір миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр клеткалы түрлерінің ұзындығы 1-4 микронға, ал ені 0,5-1 микронға дейін барады. Судың бір тамшысында микробтардың бірнеше жүздеген миллион клеткаларын орналастыруға болады. Кейбір бактериялар, мәселен жіпше тәрізді күкірт бактерияларының диаметрі 50 микронға жетеді.

Микробиологияда «штамм» және «клон» деген терминдерді жиі қолданады. Штамм деген түрге қарағанда біржақты түсінік. Әдетте штамм деген әр түрлі (тоипырақ, су, организм және т.б.) немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған бір түрде жататын микроорганизмдердің әр түрлі культураларын айтады.

4. Бақылау сұрақтары: 1. Эукариоттар дегеніміз не?

2. Прокариоттар дегеніміз не?

3. Бактериялардың негізгі формалары қандай.

4. Коккалар қандай.

5. Метоз және мейоз.