Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биотехнология лабораториялы сабатар жинаы ЖБИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

4. Бақылау сұрақтары:

1. Аэробты микроорганизмдерді өсіретін аппаратқа қандай мақсатпен ауаны жібереді?

2. Ауаны тазалау мен зарарсыздаудың технологиялық сызба нұсқасы қандай бөлімдерден тұрады?

3. Ауаны қатаң тазалайтын негізгі мінднті және оның құрылысы және жұмыс істеу принципі. ?

4. Басты фильтрде қандай фильтрлеуші материалдар қолданылады?

5. Ауаны нәзік тазартатын фильтрдің жұмыс істейтін орны мен атқаратын міндеті?

6. Фланцты және патронды фильтрлердің құрылыстарының айырмашылығы неде?

7. Ауаны нәзік тазартатын фильтрде қандай фильтрлеуші материалдар қолданылады?

8. Ауаны тазартуға арналған фильтрлерді қалай зарарсыздайды?

5. Лабораториялық жұмыстың орындау тәртібі: Ауаны зарарсыздаудың және тазартудың принципиальды технологиялық сызба нұсқасын сурет ретінде салу. ҚТФ 60 нәзік тазартатын фильтрдің сызба нұсқасы келтіру, филтрлеуші материал ретінде қағаз базальтты супер талшық, гофрирленген базалььты қатты қағаз (карторн) фторопласты элементтер және тағы басқа қолданылады. Ауаны нәзік тазартатын фильтрлер ауаның тазалығы мен зарарсыздығы 100% болуын қамтамасыз етеді.

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Аркадьева З.А., Безбородов А.М., Блохина И.Н. и др. Промышленная микробиология //Под ред. Н.С.Егорова - М.: Высшая школа, 1989.

2. Бекер М.Е. Введение в биотехнологаю. -М., 1979.

3. Валиханова Г.Ж., Рахимбаев И.Р. Культура клеток и биотехнология растений. -Алма-Ата, 1989.

Қосымша әдебиеттер:

1. Биотехнология. -М.: Наука, 1984.

2. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., ИвановаЛ.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. -М., 1980.

10 Лабораториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Ферментация сатысы.

  1. Жұмыс жоспары:

  1. Ферментация сатысы.

2. Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері.

3. Ферменттердің құрылысы.

2. Жұмыс мақсаты: «Ферментация» термині ертеректе ашу процесінде қолданылған, қазіргі кезде кеңінен қолданылуда. Ферментация процесінің арқасында микроорганизмдерді әртүрлі мақсатта өсіруде, микроорганизмдерді культивирлеу процесі әртүрлі.

  1. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Ферментация сатысы.

«Ферментация» термині ертеректе ашу процесінде қолданылған, қазіргі кезде кеңінен қолданылуда. Ферментация процесінің арқасында микроорганизмдерді әртүрлі мақсатта өсіруде, микроорганизмдерді культивирлеу процесі әртүрлі. Микроорганизм – продуцентінің қасиетінің әртүрлілігмен түсінідіріледі. Бірінші кезекте оның өсіру технологиясы құрылуда ескеріледі.

Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері.

Технологиялық өрнектеу бойынша келесі биотехнологиялық процестер анықталады:

  1. Аэробты және анаэробты культиверлеу;

  2. беттік және түптік культивирлеу;

  3. периодты және үздіксіз култивирлеу.

Өндірісте сұйық қоректік ортада аэробты микроорганизмді түптік культвирлеу процесі кеңінен таралған. Аэробты микроорганизмді түптік культивирллеуде бірқатар ерекшеліктер бар. Культивирлоеу процесі күрделі көп фазалы жүйеде жүреді: газ – сұйық – қатты дене (жасаушылар).

Қатты фаза күйінде және суда ерімейтін көміртегі көзі түрінде болады (мысалы, н – парафиндер).

Өмір сүретін микроорганизмдерден жылу бөлінеді және егер лабораториялық жағдайда көлемі үлкен емес сосудта микроорганизмдер өсірілсе жылу бөліну процесі сезілмейді, ал көлемді аппараттар микроорганизмдерді культивирлеу процесінде жылудың бөлінгені сезіледі. Сондықтан культивирлеу процесінде культуралды сұйықтықтың барлық бөлінген температураның барлық уақытта ұзақ ұстап тұруы керек. Олай болса, микроорганизмді өсіру процесінде көп мөлшерде оттегі қажет, ал ол культурады сұйықтықтың төмен еруін, үлкен көлемде ауаның аппараттан үздіксіз беруін және шығаруын қамтамасыз етеді.

Ферментация процесінде көбік пайда болады, процесте көбіктің болмағаны дұрыс және оны жою керек. Көп жағдайда ферментация процесі кезінде аппаратқа бөгде микрофлора түспеуі қажет, демек зарарсыздау процесін ұзақ ұсатуы қажет.

Биотехнологиялық процестің жалпы ерекшеліктері, сондай-ақ кейбір басқа да микроорганизмнің нақты культурасы үшін ферментация процесінің ферменттерінің арнайы конструкциясын қайта өңдеуді ескертеді.