- •Түркістан 2013
- •3. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1 Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:
- •5. Жұмысты орындау реті:
- •6. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың аты: Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері.
- •Микроорганизмдерді периодты түрде культивирлеу
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1. Жұмыс жоспары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Ашық бірсатылы гамогенді - үздіксіз жүйелер
- •Жасуша рецеркуляциясы мен тұйық жүйелер
- •Ашық фазада жасушаларды өсіру мен тұйық жүйе.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың аты: Егіс материалын алу сатысы. Микроорганизм культурасын сақтау әдістері.
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Қысқаша теориялық мәліметтер:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5.Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртібі: Микроорганизмнің қоректенуі. Жасушаға заттың түсуі.
- •Негізгі элементтің көзі
- •Витамин көзі макро - және микроэлемент.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •Көміртегі көзі.
- •Азот көзі.
- •Фосфор көзі.
- •Макро және микро элементтердің көзі.
- •Көмекші материалдар.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Қысқаша теориялық мәліметтер:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Көбіктің пайда болуы және көбікті сөндіру.
- •Химиялық көбік сөндіргіш.
- •Көбік сөндіргіштің физикалық әдісі.
- •Көбік сөндіргішті автоматты басқару.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Лабораториялық жұмыстың орындалу реті: Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысымен танысу.
- •Флотирлеу.
- •Сепарирлеу.
- •Ыстықпен өңдеу және булау
- •Фильтрлеу
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыс жоспары:
- •Сұйықтық экстракция әдісі.
- •Ион алмасу.
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Жасуша массасына экстракция.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Кептірудің басқа әдістері.
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •Жұмыс жоспары:
- •Ағын суды тазарту.
- •Механикалық тазарту
- •Физико-химиялық тазарту
- •Химиялық тазарту
- •Термиялық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
4. Бақылау сұрақтары:
Микробиологиялық өндірісте көміртегі көзі ретінде қандай шикізат қолданылады.
Азот көзі көзі ретінде қандай шикізат қолданылады.
Фосфор көзі көзі ретінде қандай шикізат қолданылады.
Микроэлемент көзі болып қолданылатын негізгі тұздарды атаңыз.
Қоректік ортаны дайындауға арналған құрал жабдықтар.
Қоректік ортаны заласыздандыруға қандай әдістер қолданылады.
5. Лабораториялық жұмыстың орындау тәртібі: Қоректік ортаны дяйындау технологиясы. Өндірісте қолданылатын көміртегі көбіне байланысты, әрбір нақтылы биотехнологялық процесгерде қоректік ортаны дайындау сатысынын ерекшеліктері бар.
Еріген көміртегін (мысалы қантты} алдын ала суда ерітіп, ертіндіні белгілі қажетті концентрацияга жеткізіп, кішірек араластырғыш бұлғағышы бар ашық реакторда дайындалады содан соң түбі жалпақ жабык реактор араластырғышқа беріледі, буды беру барботаж кондырғымен камтамасыз етіледі.
Ерімеген көміртегі бұлғағышы бар реакторда сула мұқият суспензия жасалады және суспензйаны реактор аралсатырғышқа ауыстырады, құрамында крахмалы бар шикизатты алдын ала клейстерлейді. Минералды тұз бұлғағышы бар реакторда ерітіліп, реактор - араластырғышка жіберер алдында шламды (типс және баска ерімсйтін түнбаны) жою үшін фильтрлейді.
Микроэлемент ертіндісі бөлек дайындалады. Реактор араластырғышта барлық қажетті компонент мөлшері мүкият араластырылады ортаның рН мәнін қажет мәнге жеткізу үшін аммиакты су немесе қышқыл қосылады.
Қоректік ортаны дайындау үшін реактор берік орнатылған бұлғағышпен қамтамасыз етіледі,сондай-ақ қоршау бөлігін шағылыстырғышпен қамтамасыз етіледі қозғалып айналуда ортаның тәртіпсіз кұйындауын болдырмайды.
Қоректік ортаның құрамына карай колданылатын араластырғыш қондырғылардың түрі таңдалады. Қоректік органы дайындайтын реактор араластырғыштың өзінде алларатта әр түрлі көміртегі көзін (қант ерітіндісінің меласса араласқан крахмал клейстеризациясын) дайындайды. кейбір түтікше бұлгағыштың түрлері келтірілген. Дайынндалған қоректік орта реактор араластырғышта зарасыздандырылуы керек. Қоректік ортаны зарарсыздау үшін екі әдіс қолданылады: периодты культивирлеуде -- циклді және үздік күльтивирлеуде үздіксіз әдістер қолданылады.
Қоректік ортаны циклдік әдісте зарарсыздау өте қарапайым. Номерация фсрментерде жургізіледі. Мұндай орта және кұрал - жабдық мезгілде зарарсыздандырылады. Қоректік ортаны зарарсыздауда ферментерді салқындату және қыздыру келтірілген. Көбінесе комбинирленген өткір бу мен бу қолданылады. Откір бу қоректік ортаға беріледі, ал бу - жейдеге (немесе жыланшаға) жылу алмастырғышқа беріледі.
Өткір бу ферментерге штуцер арқылы келіп түседі, егіс материалі зарарсыздау ұшін және сынама алуда. Сондықтан ферментермен байланысқан барлық арматуралар өткір бумен зарарсыздандырылады.
Қоректік ортаны өткір бумен өндеуде конденсат пайда болады. Осыған байланысты ортаның конденсатпен араласуын ертерек ескеріп және қоректік ортаның рецептеріне озгерістер енгізіп қоректік ортаны дұрыстап дайындау керек. Қоректік ортаны зарарсыздаудың соңында барлық қоректік компонентін қажетті концетрациясы ортада болу керек. Циклді зарарсыздауда 121° С температураны ұстап тұру керек, қаныққан будың кысымы 100 кПа тең.
Қоректік ортаны осындай температурада 30-40 минуттей ұстайды. Ферментердегі үлкен көлемді салкындату, ұстау, кыздырудың толық циклі бірнеше сағатқа созылады. Ыстықпен ұзақ уақыт зарарсыздауда қоректік ортаның кұрамы белгілі химиялық өзгеріске ұшырайды.
Микроорганизмнің, қоректік заттың кейбіреулері ыстыққа төзімсіз қосылыстары бұзылады және шығынға ұшырайды. Басқа қосылыстар бір -бірімен байланысып, микрооріанизмнің өсуін ингибирлеуші өнім пайда болады. Көбінесе қоректік ортадағы химиялық компоненттің құрамының еруі температураның зарарасыздау температурасынан жоғары болуымен анықталады. Ортаны тез салқындатқанда және қыздырғанда, қоректік ортаны минимум өзгеруі, эффективті зарарсыздауда болады. Сондықтан казір; кезде көлемі кішірек аппаратта қоректік ортаны зарарсыздау үшін циклды әдіс қабылданған.
Жоғары температурада үздіксіз зарарсыздау әдісі зауыттарда қолданылады, қоректік ортаның сапасының минимум нашарлауына мүмкіндІк береді зарарсыздаудың эффективтілігін төмендетпейді.
Периодты және үздіксіз зарарсыздауда зарарсыздау ұзақтығына байланысты сүйықтың көлеміндегі температурасының өзгеруі келтірілген. Үздіксіз зарарсыздаудың зарарсыздау уақытын шамалап қысқартуға болады, сондықтан будың шығыны төмендейді. Одан басқа үздіксіз зарарсыздауды автоматтің жүйеде орындау онай болады. Қоректік орта бөлек ыдыстарда дайындалып насос арқылы үздіксіз зарарсыздау қондырғысымсн алдын ала зарарсыздалып дайындалған ферментерге жіберіледі. Циклдік зарарсыздауға қарағанда жоғары температурада зарарсыздауды колдану қоректік ортаны ұстау ұзақтығы тез арада қысқартылуына мүмкіндік жасайды, максималды температурада периодты қыздыру және салқындату бірнеше секундқа созылады.
Егер қоректік ортада суспензирленген бөлшектер болмаса, онда 150-І60°С температурада ортаны көп рет зарарсыздайды. Ортада суспензирленген бөлшек болса, онда ортаның оптимальды зарарсыздау темпертурасынан төмен болуы керек демек бөлшектерді уақыты ұзақтау болады. Мұндай жағдайда зарарсыздау 135°С құрайды, ұстау уақытты 5-15 минутқа жетеді.
Зарарсыздандыруға арналған аппаратура. Үздіксіз зарарсыздандыру қондырғысы тізбектеле қосылған аппараттан тұрады: қыздырғыш, ұстағыш, тоңазытқыш.
Қыздырғыш аппарат будың аз жұмсалып, қоректік ортаны зарасыздау температурасына дейін тез қыздыру үшін қажет. Қыздырғыш аппарат конституциясы жұмыс жасау режіміне байланысты, әртүрлі режимде болуы мүмкін. Кеңінен таралған қыздырғыштың түрі бағаналы бу инжекторы, екі құбырлы (құбырдағы құбыр) және пластикалы. Қоректі ортаны зарарсыздауға арналған бағаналы қыздырғыштың сызба нұсқасы келтірілген.
Бағананың сыртында құбыр қорабы болып келеді, құбыр ішінде саңылауы бар кескіндер орналасқан. Бу ішкі құбырдың жоғары жағынан беріліп және саңылау арқылы қоректік ортаға түседі. Қоректік орта төменнен жоғары қарай беріледі және бұрандалы бағыттауыш арқасында иректеліп жоғары қарай жылжиды. Қоректік ортаны қыздыру уақыты 10-25 секундты құрайды.
Аппарат қарапайым, размері кішкентай болып келеді, бірақ буды конденсациясы кезінде оның жұмыс істеуі гидравликалық соққымен жүргізіледі.
Ұстағыш - аппарат қоректік ортаны белгілі бір температура зарарсыздап ұстайды, әрбір қоректік орта белгілі бір уақытта ұстағыш болса, онда аппарат толық ығыстыру принципімен жұмыс жасайды. Құбырлы ұстағыш зарарсыздағыш келтірілген. Үш құбырда тұрады, тізбектеле штуцермен бекітілген. Құбырдың қоректік орта шығарылатын жерінде зарарсыздау температураға сәйкес қысымын автоматты түрде реттеуші орнатылған. Ұстағыш манометрмен және термометрмен жабдықталған.
Тоңазытқыш-аппарат, қоректік ортаны зарарсыздағаннан кейін салқындатады. Қабырғасы арқылы салқындатылады, жейдеде циркуляцияланады.
Пластинка типті қалқымдатқыш және қос құбырлы жылу алмастырғыш (құбырдағы құбыр) құбырдағы құбыр типті жыл; алмастырғыш келтірілген. Қоректік орта ішкі құбырға беріледі салқындатқыш су қарама қарсы жейдеде жылжиды.
Жылу алмастырғыш ауа кірмейтіндей герметикалық болуы қажет зарарсызданған ортаға судың түсуі инфицирлендіруді болдыруы мүмкін. Тоңазытқыш бағасы қымбат үздіксіз зарарсыздаушы аппараттар. Кейбір микроорганизмдерді култивирлеу кезінде ыстықпен зарарсыздағанда бұлінуге ұшырамайтын, қыздыруға шыдамды компоненттерді қоректік ортаның құрамына қосуды қажет етеді. Бұл компоненттер жеке зарарсыздандырылады, содан сон зарарсызданған қоректік ортаға асептикалық күйде қосылады. Оларды зарарсыздау үшін арнайы фильтрлер арқылы шағылыстыру немесе фильтрлеу қабылданады. Қоректік ортаны дайындаудың жалпы технологиялық сызба нұсқасын салу. Ағымда үздіксіз зарарсыздандырудың сызба нұсқасы келтіріру.
