Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биотехнология лабораториялы сабатар жинаы ЖБИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

Азот көзі.

Өндірістік қоректік ортада азот козі болып ақуыздар пептидтер, бос аминқышқылы атқарады. Көбінесе өндірістік ферментаиияда жүгері экстракті, соя ұны немесе ашытқы гидролизаты қолданылады, Минералды азот құрайтын затта көбіне жиі күкірттің аммони тұзы немесе азот қышқылы қолданылады. Биосинтездеуге азот көзі ғана емес ортаның жалпы құрамы да байланысты. Әрбір продуцент-штамм үшін ортадағы азот пен көміртегі қатынастары үлкен рөл атқарады.

Жүгері экстракты сыртқы түрі қою сұйықтың ашық сарыдан қара қоңыр түсін ортасында, бір келкі қою масса болып келеді. Экстрактің химиялык құрамы жүгерінің сортына байланысты өсіру, сақтау және кептіру шартына сондай-ақ суға жібіту процесінің жағдайына байланысты. Экстракт кұрғақ зат құрамы 48 % кем болмау керек, есеп бойынша жалпы азот құрайтын заттар құрғак экстракт 40-50 % дейін (6,4-8 % жалпы азот) болады. Жібіту процесінде жүгері ақуьзын ферментативті гидролиздеуге болады, нәтижесінде экстракттың азот құрайтын затының шамамен жартысы амин қышқылы полипептид және ақуыз болады.

Күлдің құрамы 24 % аспауы керек. Күлдің негізгі элементі фосфор, калий, магний болып табылады. Экстракгідегі жалпы фосфор кұрамы 5 %-ке жетеді, бір бөлігі органикалық қосылыста фитин түрінде болады. Одан басқа да экстракіде В витамин тобы (биогинді) құрайды, кейбіреуі микроорганизмді өсіруші зат және биостимулирлеуші болып келеді. Олай болса, көректік орта компонентті жүгері экстрактінің бағалылығы көміртегі және микроэлемент органикалық азот көзі ассимилирлеуші екені анық. балласты заттардың болмағаны жақсы.

Соя ұны. соя дәнін ултақтағаннан алады, сондай-ақ соя майын алғаннан кейін пайда болатын соя сығындысынан және шроттан алынады. Соя ұнының шикізатын қолдану майсыл, жартылай майсыз болып бөлінеді. Олан басқа да соя ұны дезодорирленген (бумен өңделген) жәнс дезодорирленбеген (бумен өңделмеген). Дезодорирленген соя ұны бір жыл уақыт сақталады, олай болса булау кезінде фермент инактивациясы болады, ал дезодорирленбеген (бумен өңделбеген) 1,5-3 ай сақталады. Ают кұрайтын заттары бар, әсіресе ақуызы бар соя ұнының негізгі бөлігі фсрмснтатация процесі үшін жоғарғы мәнге ие. Негізгі ақуыз болып глицин саналады амин қышқылының барлығы болады, глутамен қышқылы (20 % ) кұрайды, соя ұныныда 25 %-ке дейін көмірсу болады, сондықтан ол кәміртегі көзі ретіндс жиі пайдаданылады, күлдің кұрамы 4.5-6,5 % кұрайды. Күл кұрамына шамамен 45 % калий оксиді кіреді, 30 % фосфор ангідриді және 7,0 % магний оксиді және кальций сондай ақ бірқатар микроэлементтер кіреді. Фосфор органикалық байланыс күйінде фитин түрінде (шамамсн 75 %) болады.

Аммоний нитраты (аммиакты селитра) NН2N03 түссіз кристалл, жылуды жұгумен бірге сула жақсы ериді. Ортаны қышқылдау үшін және азот көзі ретінде қолданылады.

Аммоний сульфаты (ΝН4)ЅО4 жылуды өзіне жүтумен бірге суда жақсы ериді. Азот кұрамы 20-2 І %.

Карбамид ( мочевина ) СО(ΝН2)2 -жоғары концетрлснген (46,5 % азот) азот көзі. Колданғанда, ескерс кету керек карбамид термиялық жолмен зарарсыздандыруда бұзылады.

Амиакты су ( аммоний гидроксиді ) ΝН4ОН - түссіз сұйықтық, өткір иісі бар оңай ұшып кетеді, улы Азот көзі ретінде қолданылады және ортаның рН реттеуші. Аммиакты судын кұрамынын 1 сортында 25 % кем емес, ал 2 сортында 20 % кем емес азот бар.