Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биотехнология лабораториялы сабатар жинаы ЖБИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Биология кафедрасы

б.ғ.к., аға оқытушы Б.Ю.Юсупов

5В060700-Биология мамандығы мамандығы

БИОТЕХНОЛОГИЯ

пәні бойынша

лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Түркістан 2013

Әдістемелік нұсқау кафедраның «__» ____ 2013ж. мәжілісінде талқыланды. (№ хаттама)

Кафедра меңгерушісі

б.ғ.к., доцент З.С.Ажибаева

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды

№ __, «__» ____ 2013ж

Оқу-әдістемелік кеңестің төрайымы: б.ғ.к., доцент А.К.Убайдуллаева

1 Лабораториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

1. Жұмыс мақсаты: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ҚР еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігіндегі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

2. Қысқаша теориялық мәліметтер: Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ҚР еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігіндегі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Елімізде еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі ЕҚСЖ жолға алынған, әрбір өндіріс саласының өз технологиясы болады, сондықтан жобаны жасауда, құрылысты тұрғызуда жаңарту кезінде техникалық қауіпсіздік ережесі ескерілу керек.

Технологиялық процестерінің тізбектелген сатысы жүретін цехтар мен бөлімдерді тұрғызған кезде еңбек қауіпсіздігі, өрт, жарылыс мәселелері жалпы құжаттар негізіне сәйкес болуы керек.

Шикізаттар мен дайын өнімдер сақталатын қоймаларда өрт және жарылысқа қарсы қолданылатын құрал жабдықтар болуы тиіс. Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар, құрғақ ашытқылар мен биопрепараттар бөлек қоймаларда сақталады, қоймаға жақын жерде ережеге сәйкес қашықтықта өрт сөндіретін құрал жабдықтар сай тұрады. Органикалық ерітінідер мен жанғыш заттар мен жұмыс істейтін, жарылыс қаупі бар цехтар жатады. Бұл цехтарда өрт кезінде шығып кететін есіктер болады. Төбесі жарылыс кезінде оңай ұшып кететін материалдан жасалады. Цехтарда өндірістік апат болған жағдайда қоддану үшін, барлық қоймаларда өрт сөндіруге арналған алғашқы көмек беретін құрал-жабдықтар және автоматты жүйеде өрт сөндіретін қондырғылар орнатылады.

Кейбір дыбысты естіртпейтін орында қатты дыбыс шығарып жұмыс істейтін қондырғылар құрал жабдықтар арнаулы амартизацияланған жастықшалар орнатылады. Қатты шу дыбыс адамның басын ауыртып тез шаршатады, кейде құлақтың дыбысты есітпей қалуына әкеп соқтырады, сондықтан шуды бәсеңдетуге үлкен көңіл бөлінеді. Зауыттың барлық цехтары, қоймалары, қондырғылары бір-бірімен үздіксіз технологиялық процестің жүріп-тұруына лайықталып тұрғызылп байланысқан. Шикізаттарды, қоректік ортаның ерітінділерін және басқа да газ күйіндегі құбыр өткізгіш арқылы тасымалдағанда, олардың арнайы қасиетіне қарай, еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік стандартқа сәйкес тасымалдайтын құбыр өткізгіште өтетін затына қарай әртүрлі түске боялады, су құбыры – жасыл түске, бу өтетін құбыры – қызыл, ауа жүретін құбыры – көк, жанатын және жанбайтын газдар – сары, қышқылдар – қызылсары, сілтілер- күлгін, жанатын және жанбайтын сұйықтықтар – қоңыр, басқада қоректік орта культуралды сұйықтық – сұр түске боялып қойылады. Өртке қарсы қолданылатын құбыр өткізгіш қызыл бояумен боялады.

Құрғақ өнімдерді тасымалдаған кезде арнаулы қауіпсіздік шаралары қолданылады, құбырөткізгішті жарылыстан сақтайтын арнаулы клпандар орналастырылады. Өндіріс орындарына қондырғыларда, құрал-жабдықтарды орналастырған кезде, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде бөгет болмауға лайықты орналастырады. Қондырғы жабдықтардың арасы аспаптардың жұмысын үздіксіз бақылап отыратын адамның жүріп-тұруына қолайлы болуы керек.

Жұмыс алаңындағы баспалдақтың жиектері мықты материалдан жасалынады. Технологиялық процестің әрбір кезеңінде алынған биопрепараттардың өзіне сәйкес ерекшеліктері болады, технологиялық регламентке сәйкес болуы керек. Технологиялық регламентте деген бөлім міндетті түрде болуы қажет. Биотехнологиялық өндіріс зауыттарында күрделі аппараттар кеңінен қолданылады. Оларға жататындар: жоғарғы қысымда жұмыс істейтіндер (гидролиз-аппараттары, ферментатор және т.б.), жоғары температурада істейтін (кептіргіштер, бу, қондырғылары және т.б.), жоғарғы жылдамдықта айналатын аппараттар (сепараторлар, центрифугалар және т.б.) жатады.

Бұл апараттарда жұмыс істеу үшін, техника қауіпсіздік ережелері жасалады. Оған бас инженер қолын қойып бекітеді, көрінетін жерге іліп қояды. Бұл нұсқауды аппаратта жұмыс істейтін әрбір жұмысшы білуі тиіс.

Бұндай аппаратта апатсыз жұмыс істеудің негізгі шарты болып жоспарланған – ескертілген жөндеуді ЖЕЖ өз уақытында жүргізу және эксплуатация ережесін дұрыс сақтау саналады. ЖЕЖ жасау уақытын өзгерту немесе төменгі категорияда жөндеуге ауысуы тек бас инженердің рұқсатымен және арнайы акты жасаумен іске асырылады. Жөнделетін құрал-жабдық мұқият тазалануы және зиянды заттардан жуылуы керек. Құрал-жабдық жөнделгеннен кейін эксплуатацияға жіберер алдында бос күйінде қосылып тексеріледі.

Жоғары қысымда жұмыс істейтін аппараттарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Аппарат эксплаутациясы 0,67 кПа қысымнан жоғары қысымда жұмыс жасаса қауіпсіздік және құрылыс ережесіне сай болуы керек. Қысыммен жұмыс істейтін аппаратта қауіпсіздік ең алдымен мына жағдайларға байланысты: кез келген құбырөткізгіштен буды, газды немесе сұйықтықты өшіру мүмкіндігі, аппараттағы сұйықтықты төгу немесе газды шығару. Одан басқа да барлық бақылау өлшегіш аппаратуралар сапалы, сенімді жұмыс істеу керек және қатты дәнекерленіп бекітілуі қажет.

Электротехникалық құралдар барлық технологиялық процесте бар, және сол себепті жұмысшылардың электр тогымен жараланбау қауіпсіздік шаралары жасалу керек: электр құралдарын орналастыру, электр құралдарын қондыру ережесіне сай болады. Барлық электродвигательдерді қосуда қондырғы искра беруі мүмкін, сол себепті олар жарылысқа төзімді жасауы керек.

Өндірісте үлкен қауіпсіздік тудыратын статикалық электр разрядталуынан, олар сұйықтардың, газдардың, будың, үгілгіш заттардың араласуына әкеліп соқтырады, жанатын газбен ұнтақтар шашырауы мүмкін, оларды диэлектриктер деп атайды. Қорғанудың ең қарапайым әдісі болып техникалық құралдарды жер асты орнату керек. Демек статикалық электрлердің зарядының жиналуы.

Биотехнологиялық өндіріс, зауыттардың бөлімдерінде ластанған ауа қауіпті болып келеді. Бұл барлық цехтар мен бөлімшелерге қатысты. Ауа құрамында: қоректік орта дайындау бөлімінде – кептірілген компонент ортасындағы шаң, экстракцияны және өнімді бөлу бөлімшесінде – будың және культуралдысұйықтық ерітінділері, буып түю бөлімінде препараттар ұнтақ тәрізді ұнтақ бөлшектер және микроорганизм споралары және т.б. болады. Бұл жағдайды болдырмау үшін, шаңды азайту үшін құралдар мен жабдықтар мен бөлімшелерде герметизациялау жұмысы жүргізу керек. Биотехнологиялық өндірістің негізгі ерекшелігі болып биологиялық активті заттармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Ферментация және егіс материалын дайындау сатысы биомассаны бөлу және кептіру. Беттік активтік заттар жұмысшылардың ағзасына демалу жолдары арқылы түсіп, көптеген аллергиялық реакциялар тудырады. Мұндай жерде жұмыс істеу кезінде респираторды қолдану қажет, микроорганизмдер, беттік активтік заттар прдуценті есебінде қолданылады, өзінің патогендігімен ажыратылады. Олардың кейбіреуі шартты патогенді, көбісі аз патогенді немесе патогенді емес болып келеді. Кандида тұқымдас шартты патогенді микроорганизмдер, адамның терісіне де, сілекейлі қабықша және асқазан ішектерінде дамиды. Олар ауру қоздырғыш кандидоз деп аталатын болып келеді. Авитаминозбен немесе адам ағзасы әлсіреген кандидоз ауруына шалдығуы мүмкін.

Биотехнологиялық өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар желдеткіштің көмегімен ауа тазартылып ауруға шалдықпауға болады. Жұмысшы бөлмелеріндегі ауа оптимальды температураға дейін жылытылып және тазартылады. Барлық уақытта ауадағы токсинді газ бен бу тексеріліп отырады. Кейбір биотехнологиялық өндірістегі жұмыс алаңшасында болатын ауадағы заттардың концентрациясының пайдалы қажетті коэффициенті төмендегі көрсетілген мг/м3.

Аммиак 20 күкірт қышқылы 1

Ацетон 200 тұз қышқылы 5

Бензин 300 көмірсутектер 300

Азықтық ашытқы 6 формалин 0,5

Натрий гидроксиді 0,5 төртхлорлы көміртек 20

Метил спирті 5 этил спирті 1000

Азот қышқылы 5

«Жұмыс алаңының ауасы», «Жалпы санитарлы – гигиеналық талаптарға» - сәйкес болуы керек, жұмысшы орындардағы ауаның құрамын қадағалап отыру қажет. Еңбекті қорғау ережесінің талаптары орындалуын бөлім жетекшілері (лаборатория, бөлім, цех басшылары) ал өндірістің барлық бөлімшелеріне директор мен бас инженер жауапкершілік білдіреді. Әрбір жұмысшы өндіріске жұмысқа орналасар алдында техника қауіпсіздік ережелерінен өтеді. Аппаратта күрделі құрал-жабдықтарда жұмыс істейтіндер арнайы оқу курсын өтіп емтихан тапсырады.

Әрбір жұмысшы биотехнологиялық өнідірісте санитарлық гигиенасын, техникалық қауіпсіздігін сақтау керек. Ең маңыздысы биотехнологиялық өндірісте барлық жұмысшылар өз уақытында медициналық тексеруден өту қажет.