Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RZ_transformator_kursovoy_Akynbek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................4

Бөлім 1. ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ ГАЗДЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ............................5

Бөлім 2. КҮШТІК ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ БОЙЛЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ...............................................................7

Бөлім 3. ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ МАКСИМАЛДЫҚ ТОК ҚОРҒАНЫСЫ.........................................................................................................20

Бөлім 4. ТОК ТРАНСФОРМАТОРЛАРЫН ТЕКСЕРУ......................................24

Қорытынды..............................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................27

Кіріспе

Энергожүйенің электр бөлігінде электр жеткізу желісінің (ЭЖЖ) электр станциялары (ЭС) мен қосалқы станцияларының (ҚС) электр жабдықтарының және электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмысының ақаулары және қалыптан тыс режимі туындауы мүмкін.

Кернеудің төмендеуі электр энергия тұтынушылардың және ЭС энергожүйесінің (ЭЭЖ) тұрақты қосарластық (параллель) жұмысының қалыпты жұмысын бұзады.

Қалыптан тыс режимдер кернеудің, токтың және жиіліктің, белгіленген мөлшерден ауытқуына алып кеп соқтырады. Жиілік пен кернеудің төмендеуі кезінде тұтынушының қалыпты жұмысының бұзылуына және ЭЭЖ орнықтылығына қауіп туады, ал ток пен кернеудің көтерілуі ЭЖЖ және жабдықтардың бұзылуына қатер төндіреді.

Ақау орнындағы бұзылуды төмендету және ЭЭЖ зақымдалған бөлігінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ақау орнын тез анықтап және ЭЭЖ зақымдалмаған бөлігінен ақау орын бөліп алу қажет.

Ақауды анықтау мен ажыратуды тез іске асыру қажет- көп жағдайларда ондық және жүздік секунд мөлшерінде, бұл тек автоматика құралдарынмен ғана қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты ЭЭЖ және оның элеметнттерін ақаудың қауіпті салдары мен қалыптан тыс режимдерден қорғайтын автоматты құрылғыларды жасау және қолдану қажеттілігі туды. Бастапқыда аталған (қорғау) автоматика түрінде ерігіш сақтандырғыш қолданылған. Соңынан электрлік автоматтар көмегімен қорғаныс құрылғылар реле жасалды.

  1. Трансформатордың газдық қорғанысы

Газдық қорғаныс трансформаторларда электр доғасы пайда болған кездегі оқшаулағыш материалдар мен майдың таралу нәтижесіндегі трансформатор майынан газдың бөлінуі кезінде іске қосылады. Трансформатор түтікше арқылы майкеңейткіш багымен жалғанады. Трансформатордың ішінде доғаның пайда болуы кезінде оның айналасында газдық бөліну пайда болып,бактың қысымы жоғарылап, нәтижесінде май ағымы түтікше арқылы майкеңейткішке қарай жылжиды. Осы май мен газ ағымына трансформатор багы мен майкеңейткішті жалғап тұрған түтікшеде орналасқан газ релесі іске қосылады.

РГЧЗ-66 газ релесінің құрылысының сұлбалық көрінісінде көрсетілгендей трансформатордың ішкі ақаулануындағы май мен газ ағынының бағыты (1.1 Сурет) көрсетілген.Реле алюминниден тұратын чашкалар 2 и 3 бекітілген шарнирі бар 7 сыртқы резервуардан 1 тұрады.Қалыпты режимде резервуар толықтай маймен толып,чашкалар көлденең қалыптағы серіппелермен 4 ұсталып тұрады. Резервуардағы 1 газдың пайда болу салдарынан немесе трансформатор багының ағу кезінде май деңгейі алдымен жоғарғы чашка төмендеп (чашкаларда қалған май салмағы салдарынан),кейін төменгі.Қозғалмалы түйіспелері 6 қозғалмайтын түйіспелерімен 5 тұйықталады.Қарқынды газ пайда болу кезінде май мен газ ағымы 8 қабырғасына соғылып, 3 чашкасы бұрыла отырып 5 және 6 түйіспелері тұйықталады.Май мен газ жылдамдығына байланысты реленің іске қосылу уақыты 0,05-0,5 с.

1.1 Сурет Газдық реленің құрылысы

1.2 Сурет Газдық қорғаныстың принципиялды сұлбасы

Газдық қорғаныстың қысқартылған принципиалды сұлбасы 1.2 суретте келтірілген. Оперативті қоректендіру көздері ретінде аккумулятор батареяларынан басқа алдын ала зарядталған конденсаторлар, қоректендіру блоктары, өздік қажетті трансформаторлар қызмет етеді.

Бак ағымындағы немесе газдық реленің жоғарғы бөлігінде газды өңдеу кезінде KSG 2 түйіспесінде тұйықталады. Газды қарқынды түрде өңдеу кезінде газдық реленің KSG 1 түйіспесі Т трансформатордың барлық жағынан Q1 және Q2 ажыратқыштарының сөндірілуіне әсер ететін, KL1 аралық реленің өңделуін шақыра отырып тұйықталады. Газды қарқынды өңделуі кезінде KSG 2 түйіспесі дірілдеуі мүмкін, сонда KL1 аралық релесінің өңделуінің сенімділігі үшін KL1.1 түйіспелерінің өзін алып жүру тізбегі қарастырылған. Өзін алып жүру тізбегі трансформатор сөндірілгеннен кейін Q1 ажыратқышының SQ1 көмекші түйіспелерімен бқғатталынбайды.

SX қойылымын 1 күйінен 2 күйіне қоса отырып қорғаныс қимылын өшіруге емес сигналға ауыстыруға болады. Бқл газдық қорғаныс үшін және қателігін тексеру кезінде қолданылады, сонымен қатар жұмыс жасап тұрған трансформатордың жүйе элементтерін маймен салқындату кезінде және басқа да жағдайларда қолданылады.

II. Күштік трансформаторлардың бойлық дифференциалдық қорғанысы

Бойлық токтық дифференциялдық қорғаныс қорғалатын желінің соңдары бойынша ток мәндерін салыстырады. Желінің басындағы А қосалқы стансасы мен желінің соңында орналасқан Б қосалқы стансаларында бірдей трансформациялау коэффициенттерінен тұратын ТА1 және ТА2 ток трансформаторлары орнатылады. Трансформаторлардың екінші ретті орамдары КА ток релесіне қосылатын екі сымды желіге қосылады.Реледегі ток I=I -I .Реленің іске қосылуы кезінде Q1 және Q2 ажыратқыштарының ажыратылуына белгі беріледі.Желідегі ҚТ кезіндегі ток трансформаторларының арасындағы аймақта,мысалға алсақ К1 нүктесінде реледегі ток екінші реттік токтардың қосындысына тең болып,реле іске қосылады.Егер желінің қоректенуі біржақты болса,мысалға Б шиналар тарапынан желі ажыратылған болса,онда К1 нүктесінен тек қана I және I токтары ағады.І21 тогы І22=0 болатын ТА2 трансформаторы арқылы тармақталмай,КА релесінің орамы арқылы бүтіндей өтеді де реле іске қосылады.Бұл дегеніміз ток трансформаторының бірінші ретті орамында ток болмаған кезде оның екінші орамындағы кедергісі анықталады,яғни реле орамының кедергісінен үлкен болатын тармақтың магниттелген кедергісімен анықталады.

Қалыпты режим мен сыртқы ҚТ кездерінде,яғни ток трансформаторының арасындағы аймақтардан тыс жерде болатын тұйықталуларда,мысалға, К2 нүктесінде реле арқылы токтардың қатынасы ағады.Себебі бұл режимде реле тогы I21=I22 нолге тең.Қорғаныс қалыпты режим тогы мен сыртқы ҚТ кезінде іске қосылмай,ерекше іріктеушілік қасиетке ие болып ішкі ақауларға ғана іске қосылады.

ТА трансформаторының шегінің нәтижесінде олардың екінші реттік токтары әртүрлі болады,сондықтан қалыпты режимде реле арқылы тұрақсыз ток ағады.Іске қосылу тогын тұрақсыз токтан артық етіп алады.Алайда сыртқы ҚТ кезінде тұрақсыз ток кенеттен артып,қорғаныстың алдамшы іске қосылуға әкеп соғады.Мұның алдын алу үшін релені аралық трансформаторлар арқылы қосып немесе тежегіш дифференциалдық реле қорлданады.

Қорғаныстың кемшілігіне басқару жүйелері мен жалғану сымдарындағы олардың сенімділігін төмендетіп,құнын арттыратын қажеттілік болып отыр.Сондықтан ұорғаныстың бұл түрін 10-15 км ұзындықтағы 110-220 кВ желілерде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]