Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАО Нурперзент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.41 Кб
Скачать

Бұршақ тұқымдас өсімдіктер

Бұршақтар тұқымдасы ең көп тараған өсімдік тұқымдастарына жатады. Бұл тұқымдастардың жер шарында таралған 550-ге жуық туыстарымен 13 мың түрлері бар жəне өсімдіктер қауымдастығының ірі тұқымдастарының бірі. Қазақстанда бұршақ тұқымдастарының 42 туысы мен 651 түрі өседі. Оның мал азығының сапасын жəне қоректілігін көтеруде алатын орны ерекше. Алайда Қазақстанның негізгі аймақтарының өсімдік қауымында оның үлесі 2-5% аспайды. Сондықтан табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға, олардың мəдени түрлерін жасауға бұршақ тұқымдастар кеңінен қолданылуы тиісті. Бұршақ тұқымдас шөптердің өнімінің жəне оның көпжыл бойына сақталуы сабақтану ерекшелігіне байланысты. Сабақтану ерекшеліктері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: а) тамырсабақтылар – негізгі жəне қосалқы өркендерінің тамыр мойнынан жерасты өркендер немесе тамырсабақтар тарайды да онда бүршіктер салынып содан жаңа өркендер өсіп шығады; б) көгентамырлар – тік өскен қысқа тамырлардан көлденең тамырлар өсіп жайылады да онда бүршіктер салынып, содан жаңа өркендер өсіп шығады; в) кіндіктамырлылар – жақсы дамыған тамыр мойнынан жанама ұсақ тамырлар өсіп шығады. Жаңадан өсіп шыққан өркендер тамыр мойнында жанама тамырларда түзілген бүршіктерден пайда болады. г) төселіп өсетіндер – тамыр мойнынан өркендер-сабақтар жер бетінде төселіп көлденеңдеп өсіп шығады. Жұмыс орындау тəртібі. Студенттер гербарилермен жұмыс істеп бұршақ тұқымдас өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерімен танысады (гүлшоғыры, түктенуі, сабақтану ерекшеліктері, жапырақтарының пішіні т.б). Əр түрлерінің мал азықтық сапасымен, тиімді пайдалану жолымен жəне таралуын анықтап біледі. Бұршақтұқымдастардың түрін анықтағанда алдымен оның жапырақ пішінін, жапырақ шетінің өзгешелігін, түктенуін, жапырақшаларының пішінін, гүлшоғырын жəне басқа да морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Бұршақ шөптерінің сабақтары тік, жартылай төселіп жəне жабысып өседі.

Шалғындық қоңырбас (Poa pratensis L.)- көпжылдық тамыр сабақты төменгі астық тұқымдас шөп сабағының биіктігі 40-60 см,түбінен көптеген қысқа өркендер шығады, ұрықтық өркендер аз.Тамыр шашақты, 1м тереңдікке дейін өседі .Гүлшоғыры –сіпсебас.Өсімдік негізінен жайылымдыққа пайдаланылады, пішендік өнімі орташа (2,5-3,0 т/га).Мәдени түрге енгізілген сорттары бар .Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастықтарында кездеседі .Ылғалдылығы жақсы өзен алқаптарында,таулы жерлерде өседі.

Шалғындық қоңырбас жайылымдықта мал тұяғына жақсв шыдайды,жылына оны бірнеше жыл дүркін пайдалануға болады,алшынкөктігі жақсы.Өсімдік қауымында 30-40 жылға дейін сақталады. Шалғындық қөңырбас осындай ерекшелікрені қарай мәдени жайылымдар жасағанда шөп қоспасында бағалы шөп түрі есептеледі.

Осыған қоса,батпақты қоңырбастыда атауға болады.Ол көбінесе батпақты және ылғалы мол шалғындықтарда өседі.Жайылымда және пішені жақсы желінеді.Жайылымдыққа,пішіндікке қарқынды пайдалануға шыдайды,бірақ жапырылуға икемді.

Жайылымдық үйбидайық- төменгі сирек түпті көпжылдық астық тұқымдас шөп.Сабағының бишктігі 20-70 см.Өсімдік түбінде көптеген жапырақтар құрады.Гүл шоғыры-масақ.Өсімдік массасында жапырақ үлесі жоғары, сондықтаг онын мал азықтық сапасы және желінуі өте жақсы.Жайылымдық үйбидайық климаты жұмсақ және ылғалды шөлейт аймақтарында кездеседі.Құрғақшылдыққа және суыққа төзімділігі нашар.Су астында шыдамдылығы орташа.Жайымдылық үйбидайық топырақ құнарлығына және қарашірігіне талабы жоғары.

Үйбидайық-бағалы жайылымдылық өсімдік.Жылына 120-140ц /г дейін көк балауса беред.Ауа райының жақсы шыдап шөп қауымында көп жыл бойы сақталады.Жайылымдық азықтығы жоғары корнектілігі мен ерекшеленеді құрғақ затында шикі протеиін молшері 16-18 пайызға дейін болады.Жылына 2 рет орып, әр гектарынан 4-5 тонна өнім жинайды және шөп құрамында 3-4 жылға дейін сақталады.

Шалғындық түлкіқұйрық- көпжылдық –сиректүпті шөп.Сабағының бишктігі 7-80см,тамыры шашақты 80-100см тереңдікке дейін өседі. Гүлшоғыры жалған масақ,жоғары жағына қарай жіңішкерген сабағы жақсы жапырақтанумен шалғындық түлкіқұйрықтың өнімі және мал азықтық сапасы жоғары.Оны барлық малдар түрі сүисініп жейді.Өнімі әр гектарында 2,5 -4,5 тоннаға дейін жетеді.Шалғындықты жаз кезінде 3-4 рет жайылымға пайдалануға болады.

Жатаған бидайық-көпжылдық жоғары түпті тамыр сабақты өсімдік шалғындығының биіктігі 50-80см өзен алқаптарында 100-120см ге жетеді жайылымдық жерлерде ірі-қара жылқыларға жақсы,қой-ешкілер,түйелер жақсы орташа жиді.Гүлденгеннен кейін сабағы қатайып кетеді де,нашар жетіледі.Гүлденгенге дейінгі бидайық сапалы құнарлы пішен жиналады.Жатаған бидайықтың пішені жақсы қоректілігі мен және жетілуі мен ерекшеленеді.

Киік шөбі-көпжылдық шөптесін өсімдік далалық шалғындықтардың өсімдік қауымдастықтарында кездеседі.Өсімдік құрамында иісті эфир майы болуына байланысты таза күйінде мал жемейді,бірақта шөп қоспаларында желінуі жақсы.

Ақ соты-Көпжылдық төменгі қысқа тамырсабақты өсімдік,биіктігі-30-75 см.Тамыры шашақты, түбінде көптеген жапырақтар түзеді.Гүлшоғыры жайланған сіпсебас.

Ақ суоты ылғал сүйгіш өсімдік,жауын-шашыны мол жылдарында жақсы өніп дамыйда.Су астында ұзақ шыдайды.Ақ суоты көбінесе орманды далалы аймақтарда өзен алқаптарында кең тараған.Себілген шөп құрамында 10 жылға дейін сақталады.Мал жайлығы, немесе орып алғаннан кейін жақсы алшын көгін береді.Малдың барлық түрі жақсы жиді көбінесе жайылымдыққа пайдаланады.Пішенге орған өнімі көп емес гектарына 2 тонна

Альпі тасшөбі-көпжылдық шөптесін өсімдік,сабағының биіктігі 5-30см Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Маусым шілде айында гүлдейді, тамызда тұқымы піседі.Жақсы жайылымдылық шөптер қатарына жатады.Жайылымда барлық мал түрі жақсы жейді.Өсімдік құрамында сапонин және алколиттар кездеседі.Дәрілік қасиеті бай,АҚШ-та жерсіндірілген сорттары бар келешекте республикамызға жерсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Ақселеу-екі түрі бар;1.дөрекі тамыр сабақты өсімдік 2.кіші ақселеу шөбі аз дөңестерде,құм төбелерде кең тараған.Қыс кезінде қойларға жақсы азық болып есептеледі.Ақселеу көбінесе тозған жайылымдарда өседі және 15-20см тереңдікте,жан-жағы 10см тарап орналасқан қуатты тамыр жүйелер арқылы құм бекітуші өсімдік болып есептеледі.Тамырларының кейбіреулері 2метр тереңдікке дейін жетеді.

Құм ерке шөбі-көпжылдық сирек түпті шөп.Жазық құмдарда шөлейттерде шөл аймақтарында өседі.Түйенің жақсы азықтары болып есептеледі.Ерке шөп балшықты ашық қара қоңыр топырақты жерлерде тараған.

Көде тікен шөбі-көпжылдық тамыр сабақты шөп биіктігі 100-250см.Орманды далалы аймақтарда ойпаттарда батпақты аймақтарда өседі.Кейбір жерлерде әжеп тәуір көлемі ұлғайып шалғындықтар түзеді.Сабағы қатты,жапырағының шеттері өткір тісті келет.Жайылымда малдар тек қана жас күінде жейді.Пішенге масақтана бастағанда орады.Әр гектардан 15-50центнерге дейін алады және қамыс қоспасы және кәдімгі бек мия шөптерін осы топқа жатқызуға болады ұқсайды.