Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАО Нурперзент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.41 Кб
Скачать

Аралас шөп топтарының өсімдіктері

Бұл топқа жататын өсімдіктермен танысқанда алдымен олардың шаруашылық маңызына көңіл аудару керек. Мал азықтық маңызы бойынша аралас шөптер топтары 4 түрге бөлінеді: - желінетіндер; - желінбейтіндер немесе нашар желінетіндер; - зиянды өсімдіктер – малға, одан өндірілетін өнімдерді (жүнін ластайтын, еттің, сүттің дəмін, түсін, иісін бұзатын) бұзатын; - улы өсімдіктер мал организмін улайтын, ауруға, одан өлімге соқтыратын. Қазақстанда аралас шөптер тобына жататын ең негізгі 3-4 тұқымдастар бар. Олар: алабота, күрделігүлділер, айқышгүлділер, қарақұмықтар тұқымдастары. Алабота тұқымдастары көбінесе бұталар жəне бұташықтар – изень, күйреуік, теріскен, қараматау, шоған, шеркез, сексеуіл. Күрделігүлділер тұқымдастары – гүлді өсімдіктердің ішінде ең көп таралғаны. Ол 800-ден астам туысты жəне өсімдіктің 15 мыңнан астам түрлерін біріктіреді. Бұл тұқымдастардың жалпы белгілері мынадай: көбінесе шөптесін өсімдіктер, гүлшелері орауышпен қоршалған кəрзеңкеге жинақталған. Ол бір қатарлы, қос қатарлы болып орналасқан жəне қойнынан гүл шығатын жапырақтардан тұрады. Гүл тұғыры сидам, жұқа немесе түкті. Гүл күлтесі - тұтасып біткен бес гүл жапырақшасынан пайда болады. Тұқымшаның жемістері көбінесе түктердің айдаршығымен қамтылған, ол жемістерді желмен таратуға бейімделген. Көптеген күрделігүлділер сүттіген шырынын бөліп шығарады. Олардың басқа аты - инулин. Сора (алабота) тұқымдастарының 500-ге жуық түрлері кездеседі. Бұл - кезекті, кейде қарама-қарсы жапырақтарымен, бөбешік жапырақтарынсыз шөптесін өсімдіктер. Гүлшелері дара жынысты немесе бес түрлі қос жынысты. Желмен насекомдармен тозаңданады немесе өздігінен тозаңданады. Сораң мен алаботаның көптеген түрлерінің жемістерімен сабақтары күзге қарай антоцианның пайда болуына байланысты айқын қызыл түске айналады. Жемісі - гүл қоршауымен тұтасып бітетін тұқымшалар. Тұқымның сақина тəрізді иілген ұрыны бар. Көптеген соратұқымдастары (қараматау т.б) сор-сортаң топырақты жерлерде жақсы өсіп жетіледі. Егістікте өсірілетін сора тұқымдастардан қызылша мен шпинатты атауға болады. Алабота тұқымдасына изень (прутняк) күйреуік т.б. жатады. Аталған өсімдіктердің мал азықтық маңызы жоғары (4.4.1- кесте). Студенттер оқытушы ұсынған өсімдіктермен таныса отырып 6- кестенің схемасы бойынша олардың толық сипаттамасын береді. Бұл жұмысты студенттер көбінесе өз бетінше анықтама əдебиеттерін пайдалана отырып орындайды. Осы топқа жататын мал азықтық өсімдіктерді суреттеп баяндау ісі қысқы жəне жазғы тəжірибе өткенде жүргізеді. Тəжрибе өткен жерден өсімдіктерді жинап, кемінде 30 шақты өсімдікке сипаттама беріп, гербарийлер жасайды.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымына сипаттама

Көпжылдық астықтұқымдас шөптердің егістік материалы болып тұқымдары гүл қабыршағындағы дəні жатады. Көпшілік көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің егістік материалдарына тұқымдары эспарцеттікі – бұршақ басы, түйе жоңышқанікі бұршақбасы мен тұқымының қоспасы жатады. Тұқымдардың пішіні жұмыртқа тəріздес, бүйрек тəріздес, домалақ, жүрек тəріздес, үшқырлы жəне тағы басқадай болуы мүмкін. Тұқымның ұзындығын, орташа көлденеңін жəне қалыңдығын өлшейді. Ұзындығын өлшегенде қылтықтары мен мұрттары есепке алынбайды. Ірілігі бойынша тұқымдар өте ірі (8 мм жоғары), ірі (4-8 мм), орташа (2-4 мм), ұсақ (1-2 мм) жəне өте ұсақ (1 мм дейін) болып бөлінеді. Астық тұқымдастарының қылтықтары түзу қисайған, майысқан бұратылған болуы мүмкін. Əр түрлерінің сыртқы гүл қабықшақтары əр түрлі болып келеді (тегіс, тісті, түкті т.б)

Масақ өзегінің пішіні мен ұзындығы əр түрлі болуы мүмкін. Тұқымдардың түсі көбінесе біркелкі сары-сарғыш-жасылдау болады. Бұршақ тұқымдастар тұқымының түсі жəне жылтырлығы əр түрлі болады – ақшыл сарғыштан қара түске дейін жəне түсі бірыңғайдан алаға дейін кездеседі.