Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАО Нурперзент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.41 Кб
Скачать

Көпжылдық астықтұқымдас (қоңырбас) шөптер

Астық тұқымдас шөптердің табиғи өсімдік қауымында алатын орны ерекше. Бұл өсімдіктердің жер шарында 5 мыңға жуық түрі кездеседі, өте көп тараған тұқымдастар тобына жатады. Əсіресе, далалық аймақтық өсімдік құрамында 70% кездеседі. Солтүстікте орманды-далалық жəне оңтүстікте шөл жəне шөлейт аймақтардың өсімдік қауымында астықтұқымдастардың үлесі азая бастайды. Астық тұқымдастар екі топқа бөлінеді: 1) масақты; 2) шашақты дақылдар. Астықтұқымдас шөптердің өнімі жəне ұзақ өмір сүруі, түптенуіне байланысты болып келеді. Олар мынадай түптену типтеріне бөлінеді: - тамырсабақтылар – түптену буыны топырақ бетінің 5-20 см тереңдігінде орналасады жəне түптену буынынан көлденең өркендер (тамырсабақтар) тарайды да сонда түзілген бүршіктерден жаңа өркендер өсіп шығады; - сиректүптілер - өсімдіктің түптену буыны 2-5 см тереңдікте орналасады да сол жерден өркендер өсіп тарайды; - тамырсабақты – сиректүптілер – бірнеше сиректүпті бірімен-бірі қысқа көгентамырымен жалғасып жатқан өсімдік топтарын құрады; - тығыз түптілер - өсімдіктің түптену буыны топырақ бетінде (1-2 см) орналасады; - жер бетіндегі өркендері жатаған өсетіндер – бұл өсімдіктердің өркендері жер бетіне жатаған өседі де солардан қосымша тамырлар жайылу арқылы көбейеді. Көпжылдық астықтұқымдас шөптер көпжылдық мəдени шабындықтар жəне жайылымдар жасау үшін қолданылады. Бұл жағдайда олардың жапырақ құру сипатын ескереді. Астықтұқымдастарының өркендері үш типке бөлінеді: ұрықтық өркендер, вегетивті ұзынша, вегетивті қысқа сабақтар (өркендер). Ұрықты өркендерде гүлшоғыры орналасады. Вегетативтік (ұрықсыз) ұзынша өркендер ұрықтық өркендермен бірдей биіктікте өседі, бірақ, гүлшоғырын салмайды. Вегетативтік қысқа сабақтар негізінен жапырақтардан тұрады, басқаларынан қысқа болады. Жоғары түпті астықтұқымдастар негізінен ұрықтық жəне вегетативтік ұзынша өркендерден тұрады. Ал төмен түпті астықтұқымдастар негізінен вегетативті қысқа өркендер құрады. Жартылай жоғары түпті шөптер аралық негізде дамиды.

Көпжылдық қияқ тұқымдастары

Қазақстанда қияқ (өлең, майман) тұқымдастары барлық аймақтарда кездеседі. Көбінесе олар батпақты, сулы жерлерде өседі. Таулы жерлерде қияқ жəне доңызсырттар кездеседі. Қазақстанда мал азығы ретінде қуаңшылыққа төзімді келетіні - шөлді өлең. Бұл өсімдік құмға жайылып өскен құмдық өлең деп те аталады. Олар өздерінің көген тамырларымен сусымалы құмдарды бекітеді. Қияқтұқымдастар негізінен көпжылдық өсімдіктер. Түптенуі астықтұқымдастар сияқты. Қияқшөптердің сабағы үшқырлы немесе цилиндр тəрізді, кейде жапырайған, əдетте қуыс, жапырақтанған немесе жапырақтары жоқ. Гүл шоғыры сопақ, қалқан тəрізді немесе шашақты, əдетте ұшарбасты. Жемісі 1 ұялы немесе 3 ұялы, қауашағында 3 ірі немесе көптеген ұсақ дəндері бар. Жер шарында қияқтұқымдастарының 350-ге жуық түрі бар. Қазақстанда 60 шақты түрі кездеседі. Бұл өсімдіктер жайылымға қарағанда пішен күйінде жақсы желінетін, қоректілігі орташа мал азықтық өсімдік. Төменде қияқтұқымдастарының кейбір түрлерінің сипатын келтіреміз