Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.09 Кб
Скачать
  1. Қаржылық бағалау коэффициенттерін есептеу

Технология рентабельділігі = Сатудан түскен пайда / Толық өзіндік құны

Технология рентабельділігі = 7400611,2/9592300=0,77151582

Сату рентабельділігі = Баланстық пайда / Табыс

Сату рентабельділігі = 3089789/18136120=0,17

Пайда нормасы = Таза пайда / Инвестициялар

Пайда нормасы = 6265184/4764826=1,314882

  1. Инвестициялардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу

Жоба тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін екі топқа бөлуге болады:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдай көрсеткіштері;

  • инвестициялар тиімділігінің көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорынның оперативті қызметінің тиімділігін сипаттайды:

  • жоба пайдалылығы;

  • капиталдың рентабельділігі;

  • қаржылық қызмет көрсеткіштері: өтімділік және қаржылық орнықтылық.

Екінші топ көрсеткіштері жобаға салынған инвестциялардың тиімділігін көрсетеді:

  • өтелу мерзімі (салынған қаражаттың қайтару мерзімін көрсетеді және жобаның тәуекелін сипаттайтын көрсеткіш ретінде пайдаланылады);

  • таза келтірілген табыс (жобаның масштабы мен жаңа өндірістен түсетін табыс мөлшерін сипаттайтын абсолюттік шама);

  • пайдалылық индексі (жобаның пайдалылығын сипаттайды);

  • рентабельділіктің ішкі нормасы (инвестициялардың табыстылығын сипаттайтын сапалық көрсеткіш).

Аталып өткен көрсеткіштерді есептеу барысында дисконттау ставкасы пайдаланылады. Бірақ оны айқындау барысында бизнес-жоспарды әзірлеуші тұлғаларда қиыншылық туғызады. Дисконттау ставкасын белгілегенде банк несиелері немесе депозиттері бойынша күтілетін ставкаларға немесе инвестордың өз тәжірибесіне сүйеніп отырады.

Жоба шеңберінде қарастырылатын қаржылық көрсеткіштер мыналар:

Табыстың есепті нормасы (ARR – Accounting Rate of Return)

ARR = орташа таза пайда / инвестициялар

ARR =14508896/12018697=1,207

Өтелу мерзімі (PBP – Pay Back Period)

РВР = инвестициялар/жылдағы таза ақша ағымы

Таза дисконтталған табыс (NPV – Net Present Value)

NPV = CF1 * К1 + CF2 * К2 + …. + CFn * Kn – ICO

мұндағы, CF – таза ақша ағымы

Kn – біржолғы төлемнің ағымдағы құны

ICO – Initial Cash Outlay – бастапқы инвестициялық шығындар;

Kn = 1/(1+r)n

мұндағы, r – пайыздық ставка;

n – мерзімі, жылдар.

Табыстылық индексі (PI – Profitability Index)

PI = (NPV+ICO) / ICO

Пайданың есептік нормасы көрсеткіші кәсіпорынға сатудан алынған түсімнің 1 теңгесі қанша таза пайда әкелетінін көрсетеді.

Жобаның өтелу көрсеткіші жобаны қанша ай ішінде өтелу мүмкіндігін сипаттайды.

Таза келтірінді табыс көрсеткіші (NPV) болшақтағы инвестициялық жобаны орындаудан алынған қазіргі замандағы әсер көлемін сипаттайды.

Табыс индексі (PI) NPV көрсеткішіне қарағанда салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.

Ол NPV бөлінген бастапқы инвестициялар бөліндісі арқылы есептеледі. табыстылық индексі бір шығынға табыс деңгейін көрсетеді, яғни қары салу тиімділігі.

Әдетте, егер PI > 0 болса, онда жоба қабылдауға үмкін болып есептеледі.

IRR жобаға байланысты ең жоғарғы мүмкін салыстырмалы деңгей шығындарын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]