- •Аннотация
- •Кәсіпорынның сипаттамасы
- •Маркетинг жоспар
- •Өнімнің сипаттамасы
- •Өндірістік жоспар
- •Ұйымдастырушылық жоспары
- •Қаржылық жоспар
- •Шығындарды болжау
- •Пайда мен залалды болжау
- •Қаржылық бағалау коэффициенттерін есептеу
- •Инвестициялардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
- •Жобаның тәуекелділігін (сезімталдылығын) талдау
- •Әлеуметтік аспектілер
- •Қоршаған ортаға тигізетін ықпалы
Өнімнің сипаттамасы
Өнімнің аты:« Ихтиол»
Дәрілік түрі: 10% 20% 25г. жақпамай
Құрамы
25г жақпамайдың құрамында:
Белсенді заттар – ихтиол 2,50г. 5,00г.
Көмекші заттар – медициналық вазелин, сусыз ланолин
Сипаттамасы
Қара-қоныр түсті жақпамай.
Фармокотерапиялық тобы: Антисептикалық және дезинфекциялау препараты. Код АТС D08AХ
Фармакологиялық қасиеттері:
Жергілікті қабынуға қарсы препарат. Антисептикалық, адсорбциялық, құрғататын қасиетке ие, қабынған жерге ақуыздардың коагуляциясын шақырады, қабынған және тітіркенген жерде қорғаныш қабатын (барьерін) түзеді, улы заттарды адсорбциялайды. Тері және кілегей тыстармен сіңеді. Қан айналым жүйесін қалпына келтіреді, заттың айырбасын жақсартады.
Қолданылуы:
Терінің жарақаттануында
Экзема
Жай герпес
Фурункулез
Күйікте
Қолдану тәсілі және дозасы:
Препарат тысқы (жергілікті) қолданады. Жақпамайды зақымдалған жерге жұқа қабат етіп таңғышпен немесе ашық күйде жағылады. Таңғышты 1-2 рет күніне ауыстырады.Емдеу ұзақтығы дәрігермен анықталады.
Жағымсыз әсері:
-аллергиялық реакциялар немесе бөртпе
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
-Гиперсезгіштік.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Йодты тұздардың, алкалоидты және ауыр метал тұздарының ерітінділерінде үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар:
Жүктілік, лактации кезінде қолдану мүмкіншілігі.
Сақтау шарттары:
Қараңғы және ылғалсыз жерде +180С температурада сақтау керек. Балдардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі:
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханадан шығауру шарттары:
Рецептсіз.
Өндірістік жоспар
Қазіргі таңда өндірілетін өнімге деген сұраныс жоғары дәрежеде. Жоспар бойынша нарыққа өнім 2015 жылы ақпан,наурыз айларында шығады. Алғашқы 20000 дана шамасында шығарылады,егер сұраныс саны жоғары болса, шығарылатын өнім көлемі ұлғайтылады деп жоспарлануда. Дәрілік зат сапасына қатты мән беріледі. Өнім сапасы-ол өнімнің ары қарай шығарылу немесе шығарылмауына жауап береді. Сол себепті өнім сапасы GMP стандартына сай жасалуын қадағалайды. Өнім сапасы төмен болса, сұраныс көлемі төмендейді, олай болса өндірілетін өнімді шығаруды жалғастыру кәсіпорын үшін тиымсыз болып қалады, шығындарға ұшыратады. Сондықтан өнім сапасы кәсіпорындар үшін ең негізгі пайда көзі болып табылады.
Өнімнің негізі оның құрамын құрайтын шикізаттар болып табылады. Шикізатты кәсіпорын өзі дайындайды, бұл кәсіпорында вазелин үлкен роль ойнайды. Вазелин шикізат ретінде кәсіпорында шығарылатын тек бұл дәріге ғана қолданбайды, көптеген жақпамай,крем, т.б. жасау үшінде вазелинді шикізат көзі ретінде қолданады.
Дайын өнімді шығару үшін арнайы өндіріс жабдықтары, аппараттар қажет, және бар аппараттарда автоматтандыру үшін сезгіш элементтер(датчик) керек. Оларды алу үшін кәсіпорын 2 500 000 теңге шығындалады.
Амортизация-тозымпұл/өтемпұл-жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланған капиталдың көлемін бағалау.
Өндірістің жылдық амортизациясы:
атаулары |
Қызмет көрсету ұзақтылығы |
Жылдық амортизация мөлшері |
ғимарат |
30 жылдан көп |
2 % |
аппараттар мен құрал-жабдықтар |
15-тен 20 жылға дейін |
10-15% |
транспортқа |
7-ден 10жылға дейін |
15-20 % |
компьютер техникаы |
3-тен 5 жылға дейін |
20 % |
Басқа түрлері |
2-ден 3 жылға дейін |
10-35 % |
Заманауи технологиялық аппараттармен жабдықталған кәсіпорын үшін қуат көзі де негізгі роль атқарады. Қазіргі таңда 1кВт/сағ.=13,22
Бұл өнімді, «Ихтиол» жақпа майын нарықтық сауда шығарғанда, кәсіпорнның өндірістік шығыны 2 050 000 теңге, өндірістік емес шығындары 2 430 480 теңге болады, өндіріс технологиясына кететін шығындар 3 500 000 теңге құрайды. Жеке өнімнің өзіндік құны 2 200 000теңге болады деп болжадым.
