- •Аннотация
- •Кәсіпорынның сипаттамасы
- •Маркетинг жоспар
- •Өнімнің сипаттамасы
- •Өндірістік жоспар
- •Ұйымдастырушылық жоспары
- •Қаржылық жоспар
- •Шығындарды болжау
- •Пайда мен залалды болжау
- •Қаржылық бағалау коэффициенттерін есептеу
- •Инвестициялардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
- •Жобаның тәуекелділігін (сезімталдылығын) талдау
- •Әлеуметтік аспектілер
- •Қоршаған ортаға тигізетін ықпалы
Кәсіпорынның сипаттамасы
АО «Химфарм» заводы 1955 жылы құрылды. Бұл кәсіпорынның алғашқы өндірген өнімі Сонау 1885 жылы Түркістан өлкесіндегі дермене кәсіпорны өзінің ең алғашқы өнімі - 189 пұт сантонин шығарады.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары зауыт медицина препараттарының 30-ға жуық түрлерін шығаруға қол жеткізді. Өкінішке қарай, осындай бірегей кәсіпорынның өнімдері түгелдей Ресейге, Беларусьқа, Украинаға, Балтық бойы республикаларына, сондай-ақ, Болгария, Франция, Моңғолия, Куба сияқты елдерге жіберіліп, Қазақстанның өзі, жергілікті халық оның игілігін көрмеді. Шымкент сантонині жақын және алыс шетелдерге жөнелтіліп, препараттар сол жақтарда жасалатын.
Компанияның басты мақсаты - өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғарылату және GMP талаптарына сай келетін деңгейде өнім өндіру.
Химфарм
Маркетинг жоспар
«Химфарм» кәсіпорыны өндіріс көлемі 8,2 млрд. тенге фармацевтикалық нарықтың 55%-ын құрайды.Жоғары сапалы фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен және осындай тауарлардың кең спектрымен уақытылы қамтамасыз ету. Бұл компанияның негізгі ұстанатын өнімі қазіргі кездегі жетік технологиялармен дайындалған, көптеген ауруларға ем болып жатқан дәрілік препараттар. Химфарм компаниясының зауыттары GMP өндірістік тәжірибесінің ережелерінің талаптарына сәйкес әлемдегі белгілі өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығымен жарақтандырылған. Ол әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания зауыттарында асепетикалық шашыранды антибиотик ұнтақтарды және инфузиялар, иньекциялық ерітінділер шығарылады. Қазіргі таңда кәсіпорын өндіретін дәрілік заттарды кез келген дәріханаларда сатады.
Кәсіпорын өндіретін өнімдер қызмет көрсету бәсеке түріне жатады, себебі мұнда өндірілетін өнімдер тек халыққа, тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Бәсекелес пайда болған жағдайда кәсіпорын өндіретін өнімін мүмкіндігінше аз мерзімде жүзеге асырады, себебі өндірілетін «Ихтиол» мерзімдік өнім болуына байланысты және қарапайым тұтынушыларға қол жетімді. Өндірілетін өнім бәсекеге қабілетті.
Басқа кәсіпорындармен бәсекеге түсуге қабілетті, және бұған нарықтың маңызы да әсер етеді. Өнім өндіретін кездегі шығындар аз мөлшерде болады, себебі өндіретін жақпамай құрамы күрделі емес. Атап айтқандай кәсіпорын заманауи технологиялық аппараттармен жабдықталған, сол себепті жақпамайды жасау аз уақыт көлемінде болады. Жетекші жұмыскерлер қызметі қатты қажет емес, өйткені аппараттардың көпшілігі автоматтандырылған. Шығарылатын өнім осы кәсіпорында өндіріледі, барлық құқықтары қорғалған, потентелінген.
Осы уақытта компанияның ең ірі инвестициялық жобасы қолға алынды, фармацевтикалық өндірістің модернизациясы мен GMP халықааралық қалыптарымен жүзеге асыруда, жалпы көлемі 100 млн. АҚШ доллар құрап жатыр. Осы жобаның шегінде жанадан цех құрылды, инфузия мен ампула өндірісі Шымкент қаласында.
Өндірілетін өнімге саясат жағынан еш әсер етпейді, барлық құқығы қорғалған. Бұл өнім қоршаған орта атмосферасына зиян тигізбейді, себебі құрамындағы заттардың қоршаған орта атмосферасына келетін газы жоқ. Энергосыйымдылық пен отынға деген бағаның өзгеру ықтималдығы бар, өнімді шығаратын аппараттар автоматтандырылу, энергия көзімен жұмыс істеу себебі, энергияны талап етеді.
Кәсіпорын шығаратын өнімнің секторы ұлғаюда, жаңа өнім шығару қай кәсіпорынға болсада, көптеген жетістіктер мен пайда алып келеді, әрине шығыныда болады, алайда сол шығынды аз мөлшерде болады.
Қазіргі кездегі валюта курсы айнымалы болу себепті, шығарылатын өнімге кері әсерін тигізуі мүмкін, бұл дегеніміз шығынға алып келуі әбден мүмкін. Алайда мұны алдын алу шаралары қарастырылған, бұл шикізат өнімдерін жеткізетін кәсіпорындармен, банкпен келісімге отыру.Егер инфляция болатын жағдай болса, бұл да кәсіпорынға ғана емес өндіретін өнімгеде залалын тигізеді. Өнім шығаруға қажет жоғары технологиялық аппараттарды, шикізаттарды алуға қажет қаражат тапшы болуы ықтимал, соған байланысты, кәсіпорын осы өнім шығару үшін сапалы, қол жетімді шикізаттарда қолданады. Бұл өнімді шығару үшін қосымша жұмысшы күші аса қажет емес,сондықтан кәсіпорындағы жұмыссыздық деңгейі аса өзгере қоймасы анық.
Жаңа өндірістік технологиялар бұл өнімді шығаруда тездетуге мүмкіндік береді.
Аппараттардың көп бөлігі автоматтандырылғандықтан басқару бөлімінде компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде барлығы компьютерленгендіктен шығындарды бақылау, есеп жүргізу,және т.б. компьютер арқылы жүзеге асады.
SWOT-талдауы
Күшті жақтары: |
Әлсіз жақтары |
|
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
Аллергиялық реакциялар; Препараттың құрамдас бөліктерін жеке көтере алмаушылықта қолдануға болмайды; нарықтың жоғарғы табысты сегметінде мықты бәсекелестердің болуы. |
1-кесте
Өнім тұтынушыларының сипаттамасы
жыл |
Күтілетін сұраныс |
Күтілетін ұсыныс |
Өндіріс көлемі |
баға |
тұтынушылар |
Келісімнің бар,жоғы |
2015 |
20000дана |
21000дана |
20000дана |
1-дана үшін 110 тнг. |
Кез келген жастағы |
бар |
