Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.09 Кб
Скачать

Кестелер тізімі

1-кесте – Өнім тұтынушыларының сипаттамасы................................................8

2-кесте – Күнтізбелік жоспар..............................................................................13

3-кесте – Тұрақты шығындар..............................................................................14

4-кесте – Айнымалы шығындар..........................................................................15

5-кесте – Пайда/залал туралы есептілік..............................................................16

6-кесте – Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептілік (Кэш-фло)..................17

7-кесте – Несиені өтеу кестесі..............................................................................19

  1. Аннотация

Жобаны жүзеге асырушы кәсіпорынның атауы:АО «Химфарм»,ҚР. Шымкент қ.

Жобаның атауы: «Ихтиол» дәрілік препаратының жасалу жолының бизнес жоспары

Жоба авторлары:Нариман Нұрсұлтан Салаватұлы

Жоба жетекшісі: Джаналиев Б.М.

Бизнес сферасы: Дәрі-дәрмек жасау,саудаға шығару.

Бизнес-жоспарды жүзеге асыру уақыт мен дайындау орны: Бизнес-жоспар 2015-2016 жылдары аралығында жүзеге асырылады.

  1. Түйін

Кәсіпорынның толық атауы, мекен-жайы мен телефоны:АО «Химфарм»,ҚР. Шымкент қ. Рашид көшесі Cайт:standart@santo.kz

Кәсіпорынның сипаттамасы, оның спецификасы, бүгінгі күнге дейін кәсіпорынның даму жолы

Шымкент химия-фармацевтика зауытының тарихы тереңде. Бүкіл дүние жүзіндегі фармацевтикалық кәсіпорындардың ең байырғыларының бірі әрі бірегейі болып саналады. Зауыттың негізін 1882 жылыорыскөпестері Иванов пен Савинков қалаған. Мұндай кәсіпорынның пайда болуына қазақ жеріндегі, оның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы даңқты дермене тікелей себепкер болған. Сонау 1885 жылы Түркістан өлкесіндегі дермене кәсіпорны өзінің ең алғашқы өнімі - 189 пұт сантонин шығарады. Ресейде бұл өнімнің 2-3 пұты ғана пайдаланылып, қалғаны түгелдей шетелге шығарылады.1918 жылғы 15 мамырда Түркістан республикасы халық комиссарлары кеңесінің бұйрығымен зауыт национализацияланды. 1921 жылдың 22 қарашасында В.И.Ленин қолқойған «Шымкент сантонин заводын басқаруды ұйымдастыру туралы» декрет бойынша Түркістан республикасы халық шаруашылығы кеңесінен РКФСР халықшаруашылығы кеңесіне беріледі. Дермене өсімдігі мемлекеттік монополия иелігіне айналдырылады. 1925 жылы 3 маусымда Шымкент сантонин зауыты бірінші мемлекеттік химия-фармацевтика зауыты болып қайта құрылады. 1923-1929 жылдары КСРО-да тұңғышрет никотин өндіруді, 1931 жылы анабазин сульфатынөндіруді, кейінірек те диоспонин, полиспонин, цитизин сияқты жаңа препараттар жасауды игереді.Осылайша бір ғасыр бойы жергілікті жұртшылық Шымкенттегі осы зауыттың немен айналысатынын да, қаншама қыруарбайлықтың шетке кетіп жатқанын да білмеді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық өндірісті игеріп, игілікке жаратуға шынайы бетбұрыс жасала бастады. 1993 жылы «Химфарм» АҚ құрылды. Кейіннен дайын дәрілік өнімдер шығару қолға алынды.Шетелдік әріптестермен ынтымақтаса ықпалдасу заманауи жабдықтарды игеруге мүмкіндік туғызды. Басқарудың ғылыми жүйесіне көшу, кәсіби шеберлікті алдыңғы орынға шығару, жоғары технологияларды меңгеру - міне, мұның бәрі де Шымкент химия-фармацевтика зауытын қысқа мерзімде айтарлықтай алға бастырды. Осылайша бастауыш субстанциялар өндірумен шектелетін кәсіпорын SANTO сауда маркалы халықаралық стандартқа сай келетін дайын дәрілік дүниелер шығаратын заманауи зауытқа айналды.

Бүгінде біздің зауытыстық түсіретін дәрі-дәрмектер, антацидтер, асқазан жарасын емдеуге қажетті, өт айдайтын препараттар, диареяға, вирустарға, жөтелге, суықтауға қарсы препараттар, жүйкені тыныштандыратын, теріні және жарақаттарды дезинфекциялайтын дүниелер шығарады. Сондай-ақ, фармацевтикалық тұнбалар, парафармацевтикалық, тамақтануға қосымша қоспалар, урология, дерматология, гинекология және акушерлік, эндокринология, иммунология салаларына қажетті, тағы басқа да толып жатқан дәрі-дәрмектер әзірлейді.

Зауыттыңбасты инвесторы - «Полфарма» халықаралық фармацевтикалық тобы. Поляк инвесторлары қазіргі «Химфарм» АҚ үшін өзара әріптестік табыстардың, жеңістер мен жемістердің қайнар көзі болып табылады. Зауыттың көптеген қызметкерлері Польшада арнайы даярлықтан өтеді. Жаңаша құрылыстар салынып, жаңаша жабдықтар көптеп алынуда.

2013 жылдан бері кәсіпорын толық қуатында жұмыс іс­тей бастады. Инъекциялық ерітінділер, онкологиялық және биотехнологиялық препараттар шығарылады. Жаңа цехтың пайдалануға берілуі қосымша 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Үстіміздегі жылғы қазан айында Шымкентте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы басқосудың барысында «Химфарм» АҚ пен Santo Member of Polpharma Group және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл да біздің зауыттың өркендеп, өсуі және өнімдерін молайта түсуі үшін үлкен серпіліс тудырады.

Santo Member of Polpharma Group компаниясы - «Химфарм» АҚ саудамаркасы. Бұл компания Қазақстан мен Орталық Азия үшін жоғары сапалы, қолжетімді дәрі-дәрмектер өндіріп, рынокқа шығарады. Компанияның өндірістік қуаты өте жоғары. Жылына 1 миллиард таблетка, капсул және түйіршіктер, 350 миллион ампула, 24 миллион құты антибиотиктер, 4 миллион пакет инфузиялар өндіреді. Осының нәтижесінде қазір Шымкентте және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 1300 адам жұмыспен қамтылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]