Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПП каз 08.11.12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.17 Mб
Скачать

Жедел бүйрек зақымдалуының (жбз) анықтамасы.

2004ж. АDQI «жедел бүйрек жеткіліксіздігі» терминінің орнына, «жедел бүйрек зақымдалуы» концепциясы ұсынылды және RIFLE бойынша жіктелуі, ЖБЗ әр кезеңдерінің бірінші әрпімен жазылған: (Risk) қауіп, (Injury) зақымдалу, (Failure) жеткіліксіздік, (Loss) жоғалту, (End stage renal disease) терминальді созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (кесте 1).

Кесте 1

ЖБЗ - ның RIFLE класы бойынша жіктелуі (2004)

Класстар

Шумақтық фильтрация бойынша критериилер

Диурез бойынша критериилер

Қауіп

↑Scr* 1,5 есе немесе ↓ КФ** 25% на

<0,5 мл/кг/сағ ≥6 сағат

Зақымдалуы

↑Scr 2 есе немесе↓ КФ 50% на

<0,5 мл/кг/сағ ≥12 сағат

Жеткіліксіздік

↑Scr 3 есе немесе ↓ КФ 75% на немесе Scr≥354 мкмоль/л, 44,2 мкмоль/л кем емес өсуімен

<0,3 мл/кг/сағ ≥24 сағат немесе анурия ≥12 сағат

Бүйрек қызметін жою

Тұрақты ЖБЖ; Бүйрек қызметін толық жою >4 апта

Терминальды бүйрек жеткіліксіздігі

тСБЖ>3ай

Scr*-қан сарысуының креатинині, ШФ**- шумақтық фильтрация

Сәл кейінірек балаларға жүргізілген зерттеулер, балалық шақтағы ЖБЗ - ның таңдалған критериилерінің мәндері бірдей екендігін көрсетті. (2 кесте)

Кесте 2

RIFLE - дың балаларға арналған модифицирленген критерийлері (2007)

Класстары

Шумақтық фильтрация бойынша критериилер

Диурез бойынша критериилер

Қауіп

ШФ 25% ға төмендеуі

<0,5 мл/кг/сағ x 8 сағат

Зақымдалуы

ШФ 50% ға төмендеуі

<0,5 мл/кг/сағ x 16 сағат

Жеткіліксіздік

ШФ 75%ға төмендеуі немесе ↓ШФЖ <30 мл/мин/1,73м2

<0,3 мл/кг/сағ x 24 сағат немесе анурия 12 сағат ішінде

Бүйрек қызметін жою

Тұрақты ЖБЖ; Бүйрек қызметін толық жою >4 апта

Терминальді бүйрек жеткіліксіздігі

тСБЖ>3ай

ЖДЗ анықтау мәселелері және ауырлық стратификациясын қарай отырып, ADQI эксперттері қағидалар қатарын шығарды:

  • Бүйрек қызметінің өзгерісі арнайы базальды деңгейден өту қажет;

  • Созылмалы бүйрек дисфункциясы бар науқастарда бүйрек қызметінің жедел төмендеуінің мүмкіндігі есепке алынуы керек («ЖБЗ БСА фонында»);

  • ЖБЗ диагностикасының критериилері және ауырлығын бағалау, әр түрлі клиникалық орталықтарда оңай қолданылатын болуы қажет;

  • Бұл критериилердің арнайылығы және сезімталдығы анықталуы керек.

Сонымен ЖБЗ анықтау үшін 2 критерии таңдалды – сарысулық креатинин және диурез. ЖБЗ 50% жағдайда олигуриялық емес болуы мүмкін екендігін есепке алу керек, яғни sCr бұл жағдайда – ЖБЗ-ның жалғыз критерийі. RIFLE дың диагностикалық бағасы >200.000 жағдаймен нақтыланды..

Тағы бір Халықаралық жұмыс тобы ЖБЗ оқи отырып – AKIN, RIFLE ға өте ұқсас жіктелуді ұсынды (кесте 3).

Кесте 3

ЖБЗ жіктелуі (AKIN)

Кезеңдері

Креатинин бойынша критериилері

Диурез бойынша критериилері

1

↑Сr ≥ 26 мкмол/л/ ға ≥0,3мг/дл немесе ≥ 150-200% ға негізгіден.

<0,5 мл/кг/сағ > 6 сағат

2

↑Сr > 200-300% ға негізгіден.

<0,5 мл/кг/сағ > 12 сағат

3

↑Сr > 300% ға негізгіден немесе Сr ≥350 мкмоль/л. ге

<0,3 мл/кг/сағ 12сағ ішінде немесе анурия 12 сағ

Бұл екі жіктелудің айырмашылығы - RIFLE бойынша, креатинин деңгейінің жоғарылауы 7 күн ішінде бағаланады, ал AKIN бойынша, 48 сағат ішінде бағаланады. Сонымен қатар соңғысында, 3 кестеде көрініп тұрғандай, 5 кезеңнің орнына 3 кезеңге бөлінген. Осы жылғы (2012ж) жарияланған KDIGO эгидасының ЖБЗ-ы тәжірибесінің ұсынысында келесі бүйрек зақымдалуы анықтамасында екі аталған топтың ұсынысына байланысты қойды.

ЖБЗ анықталады:

SCr жоғарылауы ≥0,3мг/дл (≥26,5мкмоль/л) 48 сағат ішінде; немесе

SCr жоғарылауы ≥1,5 есе дейін бастапқы деңгеймен салыстырғанда (егер бұның 7 күн ішінде болғаны белгілі болса немесе солай болжанса); немесе зәрдің көлемі <0,5 мл/кг/сағ 6 сағатта.

ЖБЗ кезеңдерінің стратификациясы келесі белгілер бойынша ұсынылады:

Кесте 4

ЖБЗ - ның кезеңдері (KDIGO, 2012)

Кезеңдері

Плазманың креатинині

Бөлінген зәрдің көлемі

1

1,5-1,9 есе жоғары бастапқы деңгеймен салыстырғанда немесе 0,3мг/дл (≥26,5мкмоль/л) ға жоғарылауы.

<0,5 мл/кг/сағ 6-12 сағатта

2

2,0-2,9 есе жоғары, бастапқымен салыстырғанда.

<0,5 мл/кг/сағ ≥ 12 сағатта

3

3,0 есе жоғары бастапқымен салыстырғанда немесе ≥4,0мг/дл дейін жоғарылауы (≤353,6 мкмоль/л) немесе БАТ ң бастамасы немесе 18 жастан кіші науқаста, ШФЖ ң <35 мл/мин/1,73м2 дейін төмендеуі.

<0,3 мл/кг/сағ ≥ 24сағатта немесе анурия ≥12 сағат ішінде

ЖБЗ жаңа анықтамасы тек нефрологтарға және интенсивистерге ғана емес, сонымен қатар, ЖБЗ мен жиі кездеспейтін дәрігерлерге де ұсынылған. Дәрігерлер ЖБЗ-ң критериилерімен қаншалықты таныс болса, жаңа жіктеменің оң тараптарына тәуелді болады. Ол ЖБЗ-ң басқа жіктемесін алмастырмайды. ЖБЗ-ң критериилері дәрігерді ЖБЗ болуы мүмкіндігі жөнінде мағлұмат береді, оның олигуриялық емес нұсқасын қоса, дер кезінде диагностикалауға көмектеседі. Бүйрек қызметінің төмендеуінің тез даму (48 сағаттан аз) мүмкіндікін есепке алу ұсынылады және бағдар ретінде – креатининнің осы уақытта абсолютті өсуі ≥26,5мкмоль/л. ЖБЗ дамуы 1-7 тәулік ішінде өтуі мүмкін және креатининнің деңгейі 1,5 есе және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Жіктелуден бүйрек қызметінің бұзылуы бір айдан жоғары болса да, «жедел» деп қаралуы мүмкін екендігі шығады. RIFLE жіктемесі ЖБЗ және СБЗ арасындағы уақытша қырын анықтауға мүмкіндік береді. ЖБЗ 3 айдан аз уақытта қатысады.

KDIGO-ның (2012) тәжірибелік ұсынысынан: «ЖБЗ бар науқастар - бүйрек қызметінің қайта қалпына келуін бағалау үшін, ЖБЗ қайталамалы эпизоды болу мүмкіндігін немесе бұрыннан келе жатқан СБА-ң ағымының нашарлауын ажырату үшін 3 айдың ішінде бақылануы керек.

  • Егер науқаста БСА бар болса, оның емі KDOQI ұйымының БСА бойынша енгізген тәжірибелік ұсынысына сәйкес жүргізілуі керек.

  • Егер науқаста БСА жоқ болса, мұндай науқастарда БСА даму қаупі жоғары екендігін ескеру керек, және оны KDOQI тәжірибелік ұсынысымен сәйкес жүргізу керек.»

ЖБЗ даму қаупімен науқастарда SCr және зәр көлемі мұқият бақылануы керек. Науқастарды ЖБЗ даму қаупі дәрежесіне сәйкес топтарға бөлуді ұсынады. Науқастарды жүргізу тактикасы - бейімдейтін факторларға байланысты. Бірінші кезекте науқастарды ЖБЗ-ның қайтымды себептерін анықтау үшін тексеру керек, ол осы факторларды (мысалы, постренальді) кідірмей тауып, жоюға мүмкіндік береді.