- •Мазмұны
- •1. Сызықтық үлгіні постулаттаы
- •2 Коэффициенттерді араластыру жүйесін анықтау
- •4. Жоспардың қасиеттерін тексеру
- •5. Эксперимент рандомизациясы
- •6. Тәжірибенің дисперсиясын есептеу
- •8. Үлгінің коэффициенттерін есептеу
- •9. Коэффициенттердің мағыналылығын тексеру
- •10. Үлгінің сәйкестігін тексеру
- •11. Алынған үлгіні пайдалануға қатысты шешімді қабылдау
- •12.Үлгіге физикалық талдау беру. Оптимумға жету жолдары
- •13. Үлгінің таңбаланған мәндерінен табиғи мәндерге өту
- •14. Үлгі факторларының таңбаланған мәндерінен табиғи мәндерге өтуінің дұрыстығын тексеру
- •15. Cарынның беті бойынша бірден тік көтерілу
- •16. Бірден тік көтерілудің тиімділігі бағалау
- •17. Үлгіні одан әрі қарай пайдалануға қатысты (бірден тік көтерілудің нәтижелері бойынша) шешімді қабылдау
- •Қорытынды
Мазмұны
Тапсырма
Кіріспе
1. Сызықтық үлгіні постулаттау
2 Коэффициенттерді араластыру жүйесін анықтау
3. Іс-тәжірибенің әріптік белгіленуі
4. Жоспардың қасиеттерін тексеру
5. Эксперимент рандомизациясы
6. Тәжірибенің дисперсиясын есептеу
7. Іс-тәжірибелік мәліметтерде өрескел қателіктердің барын тексеру
8. Үлгінің коэффициенттерін есептеу
9. Коэффициенттердің мағыналылығын тексеру
10. Үлгінің сәйкестігін тексеру
11. Алынған үлгіні пайдалануға қатысты шешімді қабылдау
12.Үлгіге физикалық талдау беру. Оптимумға жету жолдары
13. Үлгінің таңбаланған мәндерінен табиғи мәндерге өту
14. Үлгі факторларының таңбаланған мәндерінен табиғи мәндерге өтуінің
дұрыстығын тексеру
15. Cарынның беті бойынша бірден тік көтерілу
16. Бірден тік көтерілудің тиімділігі бағалау
17. Үлгіні одан әрі қарай пайдалануға қатысты (бірден тік көтерілудің
нәтижелері бойынша) шешімді қабылдау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көптеген зерттеулерді тәжірибенің көмегімен бірнеше мәндердің арасындағы функционалдық немесе тұрақты (статикалық) байланыстарды не іс-тәжірибелік тапсырмалардың шешімін табу үшін жүргізеді. Іс-тәжірибені құрудың әдеттегі тәсілі таңдалып алынған шарттардағы өмір сүру аумағына сай айқынды түрде алмастырылып отырылатын тек бір мәнінен басқа барлық айнымалыларды тіркеп алуды қарастырады.
Бұл тәсіл бір факторлы іс-тәжірибенің негізін құрайды.
Бір факторлы іс тәжірибеде бір факторды өзгерте отырып және басқа факторларды таңдалып алынған деңгейлерге теңестіре отырып, тек бір факторға ғана қатысты мәндерді табады [1].
Бір факторлы іс-тәжірибені көп факторлы үдерісті жан – жақты зерттеу барысында қолдану тәжірибелердің санының өте көп болуын талап етеді. Оларды орындау барасында бірқатар жағдайларда басқарылмайтын факторлардың тәжірибелердің нәтижелерін айтарлықтай етіп өзгертіп жіберетіндей әсер ететін көп уақыт қажет болуы мүмкін. Сол себептен саны жағынан көп іс-тәжірибелердің ақпараттары бір-біріне сәйкеспей қалып жатады. Осыдан, көп факторлы жүйелерді зерттеу барысында алынған бір факторлы іс-тәжірибелердің нәтижелері нақты іс жүзінде көп жағдайларда жарамсыз болып жатады. Сондай-ақ, іс-тәжірибелік тапсырмаларды шешу барысында айтарлықтай көп іс-тәжірибелерден алынған мәліметтер оптимумнан алшақ аумақтарда жасалатындықтан қажетсіз болып қалады. Көп факторлық жүйелерді зерттеу үшін іс-тәжірибелерді жоспарлаудың статикалық тәсілдерін пайдалану тиімді болып табылады. Іс-тәжірибелерді жоспарлаудың астарында қойылған тапсырманы талап етіліп отырған дәлдікпен орындауға қажетті және жеткілікті іс-тәжірибелердің сандары мен оларды жүргізудің шарттарын анықтау үдерісі түсіндіріледі. Іс тәжірибені жоспарлау – бұл математикалық статистиканың жаңа бөлімі. Онда іс-тәжірибелерді жоспарлаудың ститикалық тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Бұл тәсілдер саны жағынан минимал тәжірибелерді жүргізу барысында көп факторлы үдерістердің үлгілерін алуға мүмкіндік береді.
