Күнбағыс майы
Күнбағыс майын күнбағыс дәнінен алады. Оның иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған және қоспадан тазартылмаған түрлері шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір, сары, ашық-сары түсті болып келеді. Сонымен бірге олар тұнғанда су жиналмалы. Қоспадан тазартылмаған майдыңтүсі ашық-сары келеді, өзіне тән иісі болады. Тұнғанда аздап су жиналады. Ал иісі кетірілген май әйнек немесе полимерлік герметикалы ыдысқа құйылып шығарылады.Күнбағыс майының құрамында ағза үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60—70%) болады. Бұл майдысалаттар мен винегреттерге қосады. Күнбағыс майынан соустар, тұздықтар дайындайды, сонымен бірге ет, балық, көкөністер мен қамырдай әзірленетін кейбір тағамдарды (пирожныйлар, пончиктер т.б.) қуыруға пайдаланады.
Мақта майы
Мақта майын мақтаның тұқымынан (дәнінен) алады. Тағамға оның тазартылған (иісі кетірілген және кетірілмеген), жоғары немесе бірінші сорттары пайдаланылады.Оның өзіне тән дәмі мен иісі болады, түсі сары болып келеді. Мақта майы майдың сұйық (70—75%) және бөлме температура жағдайындағы қатты қоспаcынан (30—25%) тұрады. Сақтау кезінде қатты майда тұнба пайда болады. Мақта майын шамамен 0°С температураға дейін тоңазытқанда толық қатады, ал оны қыздырғанда ериді де, мөлдір түске енеді. Сондай-ақ, тоңазыту арқылы құрамындағы қатты бөліктерінен салаттық деп аталатын мақта майы шығарылады. Мақта майының құрамында 33%-тен 55%-ке дейін линоль қышқылы бар. Бұл майды кулинарияда күнбағыс майының орнына пайдаланады. Оны Орта Азия республикалары кеңінен қолданады.
Соя майы
Соя майын экстрациялық тәсілмен соя бұршағынан алады. Тағамға тек қоспасынан тазартылған түрін пайдаланады. Тазартылған соя майы ақшыл сары түсті болып келеді, оның өзіне тән дәмі мен иісі болады. Онда 50—57% линоль қышқылы бар. Кулинарияда оны күнбағыс майының орнына пайдаланады.
Қыша майы
Қыша майын (горчица) оның тұқымын (дәнін) престеу арқылы алады. Оның түсі сары, кейде көкшіл. Қыша майының өзіне тән жағымды дәмі мен иісі болады. Құрамындағы қышқылдық мөлшері (20%) біршама аз. Қыша майын нан пісіру өнеркәсібінде нан, бөлкелер, пряник т.б. нан тағамдарын әзірлеу мақсатына пайдаланады. Өзіне тән дәмі мен түсінің тым айқындығы оны кулинарияда кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді. Оны салат майы ретінде аздаған тағамдарға ғана (винегретке, ашыған капустасалатына) пайдалануға болады, себебі ол көптеген азықтардың дәмін бұзады немесе түсін (сарғайтып жібереді) өзгертеді.
Жүгері майы
Жүгері майын дәнінің ұрығынан алады. Сауда орындарына оның тез тазартылған түрі түседі. Жүгері майы дәмсіз, түсі мөлдір және ашық-сары. Бұл майдың құрамындағы толық қаныққан қышқылдық мөлшері 60%-ке дейін (оның ішінде линоль қышқылының мөлшері 50%) жетеді. Басқа өсімдік майында болатын пайдалы азықтың мөлшері жүгері майында мол болып келеді. Жүгері майын салаттарға, винегреттерге құюға, сондай-ақ ет, балық және көкөністердіқуыруға пайдаланады.
Зығыр майы
Зығыр майын дәнін престеу немесе экстракциялау арқылы алады. Оның майы мөлдір, сары түсті, иіссіз болады. Зығыр майының құрамындағы өте қаныққан қышқылдық мөлшері 60—80%, оның 30—60%-і линоль қышқылы. Тамақ әзірлеу үшін жас зығыр майын қыздырмай-ақ пайдалануға болады. Оны ұзақ сақтағанда және ұзақ қыздырғанда тез тотығады, тұтқырланады, сондай-ақ ондағы май қышқылдары химиялық реакцияға ұшырайды. Зығыр майынанолифа иісі шығып, дәмі күйік татитын болғандықтан оны кулинарияда пайдаланбаған жөн.
Сора майы
Сора майының тағамға арналғанын оның ұрығын престеу жолымен алады. Сора майы көкшіл реңді қызыл қоңыр түсті, оның өзіне тән ұнамды иісі болады. Құрамындағыөте қаныққан қышқылдық мөлшері 90%-ке дейін (оның ішінде линоль қышқылы 70%-ке дейін) жетелі. Жас сора майын тағамдарға қосу үшін зығыр майы сияқты қыздырмай-ақ пайдаланады. Оны қыздырғанда жеңіл тотығады және тез бұзылады.
Арахис майы
Арахис майын (қытай жаңғағы) ұрығынан алады. Арахистың майы көкшіл дақты, ашық сары түсті болады. Өзіне тән ұнамды дәмі мен иісі бар. Оның құрамындағы өтеқаныққан қышқылдық мөлшері (33—35%) аз. Ал күнбағыс майы мен жүгері майына қарағанда тағамдық салаттық май ретінде онша бағалы емес.
Рапс майы
Рапс майын күздік немесе жаздық рапстың ұрығын престеу немесе экстракциялау арқылы алады. Зауралье, Сібір мен Қазақстанда өсірілетін жаздық рапстың майы күздік рапстың майына қарағанда майлы-қышқылдылығы жағынан өзгеше болып келеді. Оны қоспасынан мұқият тазартқаннан кейін ашық-сары түске енеді. Рапс майын тазартылған түрінде тағамдық өсімдік майларының бірі ретінде қолданады.
Зәйтүн майы
Зәйтүн майын жұмсағын престеу арқылы алады. Зәйтүн майының түсі көкшіл реңі бар ашық-сары болып келеді де, өзіне тән ұнамды дәмі мен иісі болады. Ол 0°С температурада қатады да, қыздырғанда еріп, мөлдір түске енеді. Құрамында өте қаныққан май қышқылы аз (4—14%), ол қызуға төзімді болып келеді. Оны кулинарияданегізінен еттен сұйық және қою тағам әзірлегенде салаттық май ретінде, сонымен бірге май мен балық консервілерін дайындағанда пайдаланады.
