Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы

Техникалық объектілер дамуының қызметтік белгілері

Дамудың қызметтік белгілері техникалық объекті пайдаланудан, нақты пайдалану жағдайларында оны қолданудың құрылыстық және технологиялық мүмкіншіліктерден түсетін пайдалы тиімділікті сипаттайды, яғни оның қызметін жүзеге асыратын негізгі көрсеткіштерді сандық бағалайды. Дамудың қызметтік белгілеріне өнімділік, дәлділік, сенімділік және арнайы белгілер жатады.

Өнімділік белгісі уақыт бірлігінде өңделетін заттың, энергияның немесе ақпараттың көлемін сипаттайды. Ол техникалық объекті дамуының техникалық деңгейінің интегралды көрсеткіші болады және әрдайым жеке көрсеткіштер (объекті өңдеу жылдамдығы, шығатын ағынның шамасы) арқылы өлшеуге немесе есептеуге болады.

Дәлділік белгісі техникалық объектінің берілген техникалық қызметті орындау сапасын сипаттайды және кіретін зат, энергия немесе ақпарат ағынынын өңдеу дәлділігін сандық бағалауды жүзеге асырады. Техникалық объектінің техникалық қызметіне байланысты өлшеу дәлділігінің, өңдеу дәлділігінің, нысанаға тигізу дәлділігің белгілері деп ажыратылады.

Сенімділік белгісі. Сенімділік – техникалық объектінің берілген уақыт аралығында қажетті қызметін берілген жұмыс істеу тәртіптерінде және қолдану, техникалық қарау, жөндеу, сақтау, тасымалдау, басқа әрекеттер жағдайларында орындау қабілеттілігін сипаттайтын барлық параметрлердің шамаларын ұстап тұру қасиеті. Сенімділік күрделі қасиет бола тұра, тоқтаусыз жұмыс істеу узақтығы немесе берілген уақыт аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдылығы, қарастырылып отырған уақыт аралығында тоқтау саны, күрделі жөндеуге дейінгі орташа техникалық ресурс, жұмыстық күйіне қайта оралту қабілеттілігі, техникалық қарау мен жөндеу жұмыстарының көлемі, сақтау мерзімі түрінде байқалады.

Арнайы белгілер. Бұлар жеке белгілер болып табылады және нақты техникалық объектілердің өздеріне жүктелген қызметтерді қажеттігіне сәйкес орындайтын айрықша қабілетін бағалайды.

Техникалық объектілер дамуының технологиялық белгілері

Технологиялық белгілер өндірісті техникалық дайындауда, жасағанда, пайдалануға дайындағанда (орнату), пайдаланғанда, техникалық объекті техникалық қарау мен жөндеу жүргізгенде еңбекке, материалдар мен қаржы құралдарына, уақытқа және басқа ресурстарға жұмсалатын шығындарды сипаттайды. Техникалық объекті дамуының технологиялық белгілеріне жасау еңбек көлемділігінің, технологиялық мүмкіншіліктердің, материалдар пайдаланудың, техникалық объектті элементтерге бөлшектеу белгілері жатады.

Техникалық объекті жасау еңбек көлемділігінің белгісі жинақталған жобалау, жасау және техникалық объекті пайдалануға дайындау еңбек көлемділіктерінің оның негізгі тиімділік көрсеткішіне қатынасы болады, яғни алынатын тиімділіктің бірлігіндегі техникалық объекті жасаудың меншікті еңбек көлемділігін анықтайды.

Техникалық объекті жасаудың технологиялық мүмкіншіліктерінің белгісі қорытындылаушы белгі болып табылады және техникалық объекті элементтерін жасау мен сатып алу мүмкіншіліктерінің тұрғысында олардың сандық және сапалық құрамын көрсетеді. Кез келген техникалық объектінің құрамына элементтердің беске дейін типі кіруі мүмкін (блоктар, тораптар, тетіктер):

- стандартты немесе дайын түрінде сатып алынатын элементтер;

- бар техникалық объектілерден алынған бірыңғайланған элементтер;

- жасағанда қиындықтарды тудырмайтын, бірақ жасаған кезде технологияны жасауды және оны ретке келтіруді талап ететін оригинал (жаңа) элементтер;

- жасаған кезде елеулі қиындықтарды туындататын, бірақ оларды жеңуге болатын оригинал элементтер (жаңа технологияны жасау, күрделі технологиялық жабдықтарды жасау талап етіледі);

- жасаған кезде принципиалды және қарастырылып отырған уақытта өте алмайтын қиындықтарды туындататын оригинал элементтер (керекті жабдықтар, қажетті материалдар тіпті жоқ немесе сатып алуға болмайды, алдын ала ғылыми – зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар талап етіледі).

Материалдар пайдаланудың белгісі бұйым масасының шығындалған материалдың массасына қатынасы болады (құрастыратын сатып алынатын бұйымдардың массалары есепке алынбайды).

Техникалық объекті элементтерге бөлшектеу белгісі жобалау, аяқтап бітіру, жасау, орнату, жөндеу, сонымен қатар берілген техникалық объектінің керекті жалғастырушылық еңбек көлемділігін сипаттайды, яғни оның бірыңғайлылығы. Бұл белгі техникалық объектінің әрбір жаңа буынында техникалық объектінің жеке элементтерінің (тетіктер, тораптар, блоктар, агрегаттар) оңтайлы санына жақындау қамтамасыз етіледі.

Техникалық объектілер дамуының экономикалық белгілері

Экономикалық белгілер техникалық объекті жасағанда және пайдаланғанда ресурстарды (материалдар, энергия, отын, ақпарат) үнемді пайдалану тұрғысында оның техникалық жетілгендігін көрсететін қасиеттерді сипаттайды. Техникалық объектілер дамуының экономикалық белгілеріне материалдар шығынының, энергия шығынының, ақпараттық қамсыздандыру шығындары, габариттік өлшемдер белгілері жатады.

Материалдар шығынының белгісі техникалық объекті массасының оның негізгі тиімділігіне қатынасына тең болады.

Энергия шығынының белгісі техникалық объекті жасауға және пайдалануға кеткен энергия шығындарының оны пайдаланған кезде болатын пайдалы тиімділік шамасына қатынасы арқылы анықталады.

Ақпараттық қамсыздандыру шығындарының белгісі ақпаратты дайындауға және өңдеуге кеткен шығындардың (бұларға есептейтін техниканың құны мен оны пайдалануға жұмсалған шығындар және бағдарламалық және ақпараттық қамсыздандыруды жасауға жұмсалған шығындар кіреді) техникалық объекті тиімділігінің негізгі көрсеткішіне қатынасымен анықталады.

Техникалық объекттің габариттік өлшемдер белгісі техникалық объектінің габариттік өлшемдерінің оның тиімділігінің негізгі көрсеткішіне қатынасына тең болады.

Техникалық объектілер дамуының антропологиялық белгілері

Антропологиялық белгілер техникалық объектілер пайдаланатын адамның антропометрлі, биомеханикалы, физиологиялы және психологиялы қасиеттерге бейімділігін, сонымен қатар техникалық объектінің адамға тигізетін зиянды және қауіпті әсерін сипаттайды. Антропологиялық белгілерге техникалық объектінің эргономикалы, эстетикалық, қауіпсіздік, экологиялы белгілері жатады.

Техникалық объектінің эргономикалы белгісі адамға техниканы керекті сапамен және оның денсаулығына зиян келтірмей басқару, техникалық қарау және пайдалану қызметтерін орындауға мүмкіндік беретін техникалық объектінің эргономикалы қасиеттерін сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады. Техникалық объектінің эргономикалы қасиеттері адамға тигізетін физикалық әсерлер (температура, ылғал, электрлік және магниттік өрістер, шаң, діріл) түрінде, оның құрылысы мен бөлшектерінің адам денесінің өлшемдері мен пішініне, оның салмағына, күштік, көретін, еститін мүмкіншіліктеріне сәйкестігі түрінде көрсететін қорытындылаушы көрсеткіш болады.

Техникалық объектінің эстетикалық белгісі қазіргі кезде қоғамда орын алған эстетикалық түсініктер мен мәдениет нормаларына сәйкес техникалық объектіге іске асырылған пішін мен құрылыстық шешімдер оның қажеттігін, бөліктері мен біртұтас бұйымның көркемдік айқындылығы мен келістілігін, сонымен қатар бұйым элементтерінің беттерін орындау сапасын, фирмалық белгілердің, жазулардың, суреттердің айқын бейнеленуін көрсететін қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады. Эстетикалық белгінің құрамына ақпараттық айқындылық, пішіннің ұтымдылығы, құрылымның біртұтастығы сияқты топтық көрсеткіштер кіреді.

Техникалық объектінің қауіпсіздік белгісі техникалық объекті пайдалану, сақтау және қайта кәдеге жарату процестерінде қызмет көрсететін қызметкерлерге, сонымен қатар жанында тұрған адамдарға қауіптілік деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік белгінің шамасы зиянды және қауіпті әсерлердің, мүмкіндік зақымдану дәрежесінің (кәсіптік ауру, жарақат) және басқа факторлар санына байланысты болады.

Техникалық объектінің экологиялы белгісі техникалық объектінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің деңгейін бағалайды. Техникалық объектінің экологиялы қасиеттері техникалық объектінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық әсерлер түрінде байқалады. Бұл қасиеттер жасаған, пайдаланған, жөндеген және қайта кәдеге жаратқан кезде пайдаланатын табиғи материалдық және энергетикалық ресурстарға (мұнай, құм, ағаш, су) байланысты болады, сонымен қатар техникалық объектінің барлық өмірлік циклінің сатыларында мүмкін болатын қоршаған ортаға шығарылатын әртүрлі ластану түрінде болады. Мұндай ластануларға зиянды заттар мен шаң, радиациялы, электрлік, магниттік ағындар, жарық және сәулеленудің басқа түрлері жатады.

5-дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]