- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Өнертабыстың баяндамасын дайындау
Өнертабыстың баяндамасын дайындағанда алдын ала дайндалған бланктерді қолданған пайдалы болады (сурет).
Алдын ала дайындау бланктері
1) Өнертабыстың, идеяның эскиздік көрсетілуі (сызба, схема, сурет);
2) Еркін толық сөзбен жазылған баяндама (мақсат, идея, ерекшелік айырмашылықтар,құрылғының ұсынылған құрылысының құрамы және оның жұмысы);
3)Айырмашылық белгілер
1) 2) 3) 4) 5)
4) жорамал өнертабыстың жаңалығы (әрбір белгі бойынша түпнұсқаға қатысты жаңалық);
5) Маңызды ерекшеліктер (ғылым мен техникадағы барлық белгілі құрылғылардан, тіпті барлық прициптерден өзгешеліктері)
1) 2) 3) 4) 5)
6) Мәлімделген өнертабыстың артықшылықтары мен кемшіліктері (түпнұсқамен салыстырғанда техникалық, техникалық – экономикалық және басқа артықшылықтары)
1) 2) 3) 4) 5)
Сурет. Алдын ала дайындау бланкі
Өнертабысты баяндағанда әрбір бөлімды жеке абзац түрінде баяндау керек. Сонда келесі ережелерді сақтау керек: техниканың осы саласында жалпы қабылданған терминдерді пайдалану керек; терминологияның бірыңғайлануын сақтау қажет; бір өлшем бірліктерін пайдалану керек.
Өнертабыс формуласы патент иесініңқұқығының шегін анықтау үшін қажет. Ол өнертабысты сипаттайтын белгілердің қысқаша сөзбен жазылған немқұрайлы логикалық анықтама түрінде болады. Формула баяндамамен қатал үйлестіріледі және содан шығуы тиіс.
Өнертабыс формуласының дұрыс құрастырылуын тексеру үшін формула сипаттайтын құрылғыны оның мәтіні бойынша көрсетуге тырысу керек. Осы мақсатпен формулада айтылған әрбір элементті жәй фигура түрінде көрсетеді, мысалы, төртбұрыш түрінде, сонда төртбұрышта формула мәтініне сәйкес элементтің жеке бөліктері көрсетіледі, сонан соң формуладағы элементтердің байланыстарының сипатталуына сәйкес элементтерді жалғайды. Егер осының нәтижесінде жұмысқа жарамды құрылғының біткен құрылымының суреті алынса, онда формула дұрыс құрастырылған.
Тәсілдің өнертабысы тәсілдің жеке операциялары жүргізілгенде қандай техникалық құралдар (істік құралдар, құрал-саймандар, жабдықтар және т.б.) пайдаланатынын, солардың ішінде, егер бұл құралдарды айтпай ұсынылған тәсілдің мәнін ашу тіпті мүмкін болмаған жағдайда сипатталуы мүмкін.
15-дәріс
Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Өнертапқыш техникалық шығармашылық әдістерін біле тұра, оларды жақсы игеруі тиіс. Сондықтан бастаушы және тәжірибелі жаңашыл техникалық проблемаларды шешуге әртүрлі әдістерді қолдануға өздігінен машықтануы керек. Бастаушы жаңашылдарға жаттығатын мәселелерді шешу үлкен роль атқаруы мүмкін.
Техникалық шығармашылық әдістемесі өнертабыс жасауға көмектеседі, бірақ өздігінен өнертабыс жасай алмайды. Оның маңызын асыра бағалауға болмайды. Ол тек қана техникалық проблеманы шешуге арналған ең қысқа кейбір жолдарды көрсетеді, бірақ осы жолдар әрдайым мейлінше қысқа және міндетті түрде мақсаттың орындалуына әкелуіне кепілдік бере алмайды. Жаңа идеялар жиі және кез келген ұйғарылған бағытта пайда бола бермейді, яғни олар белгілі ретпен піседі және алынған танымдармен, байқаулармен, тәжірибелермен жеткілікті дайындалғанда ғана дүниеге келеді.
Материалды диалектиканы жақсылап біліп, оны өнерлі пайдалану керек. Ақиқатты философиялық түсінбей жемісті өнертабыстық іс-әрекет мүмкін емес.
Беделділердің пікірлерінен қорықпау керек. Өнертапқыш үшін тек қана бір шынайы бедел болып табиғаттың ұлы заңдары табылады.
Өзіңнің шешіміңнің кемшіліктерін іздеу өте маңызды болады, сонда ұсынылған пікірді дәлелдейтінге көңіл аудармай, оған қарсы пікірге ерекше көңіл аудару керек. Жаңылысуды жек көрмеу керек. Техникалық шығармашылықтың тарихы жалған болжамдар мен абайсыз жаңылысу негізінде пайда болған мыңдаған ұлы өнертабыстарды біледі. Өзіңнің байқауыңның, зерттеуіңнің нәтижелерін және ізденіс процесінде алынған мәліметтерді әрдайым мұқият талдау керек, дегенмен түсініксіз құбылыстан ешқашан қашпау керек.
Басқа бағыт белгілі және тексерілген болса да өзіңнің шығармашылық ұсыныстарыңды жаңа бағытпен істеген дұрыс болады. Техникада дамудың параллель бағыттағы бәсекелестігі үздіксіз жүріп жатады.
Өзіңнің өнертабысыңды дамыту және әрі қарай жетілдіру мүмкіндігін ешқашанда ұмытпау керек. Жаңартылмайтын өнертабыс болмайтынын естен шығармау керек.
Белгілі техникалық объектілердің техника саласының даму тенденциясына сәйкестігі тұрғысында әрдайым талдауолардың маңызды кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл белгілі техникалық объектілерді жетілдіруге арналған шығармашылық мәселелерді қоюдың негізі болады.
Қазіргі кезде ешкім шешпеген мәселелерді шешем деп ұмтылу өте маңызды болады. Техникалық шығармашылық теориясы көрсеткеніндей, инженер өнертапқыш екенін ұмытпау керек, тек қана бұл теорияның әдістері мен құралдарын пайдалана білу керек. Техникалық шығармашылықтың барлық тарихы мүмкін емес нәрсені мүмкін қылуға арналған күрес болып табылады.
Кез келген әжептәуір идея алдымен ақылсыз сияқты көрінеді. Өнертапқыштық табиғытты революциялық түрлендіру болып табылады, ал революция өзінің кенеттік екеніне қарамастан заңды құбылыс екені рас.
Жаңашылдың негізгі жаулары болып қиялдаудың аңқындығы, шабытты асыра бағалау, «бақытты жағдай» туралы аңызға сену, ізденістің жеткіліксіз мақсаттылығы, ойлаудың селқостығы табылады. Жаңа өнертабыстың пайда болуы жиі осы селқостықты жеңуге байланысты болады. Герберт Уэллс айтқанындай, әрбір паровоз алдында аттың көлеңкесі жүгеріп отырады.
Ұлы өнертабыстардың тарихында әдетте шабыттандыратын болып адамгершілік, рухани ояну табылады, ал өнертабыстарды іске жарату экономикалық себептерге байланысты болады. Сондықтан ұснылатын техникалық шешімнің экономикалық пайдалылығын тексерген өте маңызды болады.
1912 жылы академик П. Вальден былай жазған: «Егер де әрбір елдің келешігі ондағы ғылымның жағдайына тәуелді екені рас болса, онда біздің елдің халқының ахуалы елдегі өнертапқыштар класының жағдауына тәуелді болатыны рас болады. Өмір сүруге күресте ең күшті болатын елде өзбетімен және өнімді жұмыс істейтін өнертапқыштар саны мейлінше көп болуы тиіс». Біздің елдің және халықтың өте жақсы келешегін жасағанда өнертапқыштық теориясының әрі қарай дамуы мен ғылым ашқан техникалық шығармашылықтың объективті заңдылықтарын іс жүзінде пайдалану өте маңызды болады.
