- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
Өнертабыспен жұмыс істегенде ұсынған идеяны дайындау және рәсімдеу өте көп күш пен уақытты алатыны сонша, тіпті кейбір өнертапқыштың өзінің өнертабысын қорғайтын құжат алуға деген қызығушылығына өте аз уақыт қалады. Өзінің идеясына патент алу үшін Казпатенттің қазіргі кездегі ұсыныстары мен нұсқауларын заң ретінде қарау керек және де осы құжаттар төңірегінде әрекет жасалуы тиіс.
Өнертабыс баяндамасын дайындағанда мәлімдеушілер жиі жорамал өнертабыстың түрін дұрыс анықтамайды, сонда тәсілді құрылғы белгілерімен, ал құрылғыны тәсіл белгілерімен немесе формулаға технологиялық және конструкторлық белгілерді енгізіп сипаттайды, дегенмен әртүрлі объектіге жататын бөліктерді бір бүтін жасаймын деп қате жинақтайды.
Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланатынын естен шығармау керек:
- құрылыстық элемент (элементтер) болуы;
- элементтер арасында байланыстар болуы;
- элементтердің өзара орналасуы;
- элементтің немесе құрылғының орындалуының геометриялық пішіні;
- элементтер арасындағы байланыстардың орындалу пішіні;
- элемент (элементтер) параметрлері мен басқа сипаттамалары, олардың арабайланысы;
- элементтің (элементтер) немесе құрылғының жасалу материалы; элемент функциясын атқаратын орта.
Егер механизм бөліктерін алмалы-салмалы қылып орындау, сонда бұл бөліктер белгілі болуы және бұл механизмге қойылатын талаптар бойынша алмалы-салмалылық бекітілген болса, ал жеке бөліктердің құрылыстық рәсімделуі қарапайым болса, онда бұл өнертабыс болмайтынын естен шығармау керек.
Өнертабыс объектісі ретінде қарастырылатын тәсілге материалды объектінің үстінен жүргізілетін процестерді орындау әрекеті жатады. Сондықтан тәсілдің сипаттамасы ретінде келесі белгілерді пайдаланады:
- әрекет немесе әрекеттер болуы;
- уақыт бойынша осында әрекеттердің орындалу тәртібі (бірінен соң бірі, бір мезгілде, әртүрлі қиыстырумен және т.б.);
- әрекеттердің жүргізілу шарттары, заттардың пайдалану шарттары (бастапқы шикізат, реагенттер, катализаторлар және т.б.).
Өнертабыстың баяндамасы, формуласы мен суреттері сұранымның негізгі құжаттары болады және өнертабыстың техникалық мәнін толық ашуы тиіс; әрі қарай жобалау үшін жеткілікті ақпаратты қамтуы керек; мәлімделген техникалық шешімінің жаңалығын, маңызды ерекшеліктерін (айқындылықсыз) және өнеркәсіптік қолданылымын дәл, анық көрсету керек.
Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
Патенттік зерттеулер ұйымдастырғандатехника объектілерінің даму тенденциясы мен тахникалық деңгейін, олардың татенттік қабілеттілігін мен патенттік тазалығын, сонымен қатар осы саладағы патент иесінің біліктілік деңгейін талдау және бағалау көзделінеді. Патенттік зерттеу процесі келесі кезеңдерді қамтиды:
- патенттік зерттеу мақсатын анықтау;
- патенттік ізденіс регламентін жасау;
- патенттік және ғылыми-техникалық әдебиет бойынша ізденіс жүргізу;
- алынған ақпаратты талдау;
- қрытындылар тұжырымдау, нәтижелерді рәсімдеу.
Зерттеу мақсаты ретінде объекті жасаушының іс-әрекетінің күтілетін нәтижесін түсінеді. Объектімен жұмыс жасаудың әртүрлі кезеңдерінде патенттік ізденістің мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Жаңа объекті жасау немесе бар объектіні жетілдіру кезеңінде патенттік ізденістің мақсаты болып объекті жататын техника саласында оның техникалық деңгейін анықтау табылады. Егер де объекті жасалған болса, онда патенттік ізденістің мақсаты болып қорғаныс қабілеттілігін дәлелдеуге арналған оның жаңалығын анықтау табылады. Ақырында, егер объекті сатуға дайындалса (жоба құжаттарының пакеті немесе дайын өнім түрінде), онда оның патенттік тазалығын (осы объектіні сатуға ұйғарылған елдерде) анықтау мақсатымен конъюнктуралық зерттеулер жүргізіледі. Ізденіс жоспарына мыналар кіреді: патенттік ізденістің түрін, ізденіс тереңдігі мен кеңдігін, МПК индексін анықтау.
Патенттік зерттеулер орындағанда үш түрдегі патенттік ізденіс жүргізіледі: тақырыптық, атаулы және номерлік ізденістер.
Техниканың сәйкес саласындағы берілген тақырып бойынша тақырыптық ізденіс техникалық объектінің техникалық деңгейін немесе жаңалығын анықтау керек болған жағдайда орындайды.
Егер автордың есімі немесе патент иесі белгілі және олардың қорғайтын құжаттарын табу керек болса, онда атаулы ізденіс пайдаланады.
Қорғайтын құжаттардың номері бойынша олардың объектілерінің баяндамасы керек болған жағдайда номерлік ізденіс жүргізеді.
Ізденістің тереңдігі (ізденіс жүргізілетін жылдар саны) патенттік ізденіс мақсатына байланысты анықталады. Объектінің техникалық деңгейі мен жаңалығын анықтағанда ізденіс тереңдігі техника саласының даму тенденциясын ескере таңдайды және ол 50 жылдан аспауы тиіс. Патенттік тазалыққа сараптау кезінде ізденіс тереңдігі патенттердің әсерлік мерзіміне тең қылып алу керек. Егер де зерттеменің мақсаты болып фирманың немесе тұлғаның біліктілігін анықтау болса, онда ізденіс тереңдігі 5...10 жыл болуы тиіс. Ізденіс кеңдігі ретінде патенттік ізденіс жүргізілуге жоспарланған елдердің тізімін түсінеді. Объекті жататын техника саласының мейлінше дамыған елдері таңдалады.
Патенттік ізденіс аяқталғанда зерттеуші қолында өнертабыс формуласы түрінде табылған аналогтардың қысқаша баяндамалары немесе кітаптардан, журналдардан, фирмалардың проспектілерінен табылған аналогтардың рефераттары болады. Бұл алдын ала табылған аналогтар талданады және соңынан пайдалануға таңдалады.
Зерттеулер нәтижелері есептеме түрінде рәсімделеді, сонда бұл есептемеде табылған және таңдап алынған аналогтарсоңынан пайдалану үшін жеткілікті деген пікір мақұлдау түрінде көрсетіледі.
