- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
Шығармашылық ойлау әрекетінің кез келген өнімі (мәтін, кітап, ашылым, өнертабыс және басқалары) құқықтық қорғауды иемденетін зияткерлік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі мен мемлекеттік заңдарымен, сонымен қатар халықаралық келісімдермен зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың бірнеше түрлері анықталған: сәйкес құжаттар (патенттер мен куәліктер) көмегімен заңды тұлғаларды Бірыңғай мемлекеттік реестрде тіркеу, ғылыми еңбектер мен әдебиет туындыларына автор құқығын қорғайтын арнайы таңба қою және басқалары.
Құқықтық қорғау түріне байланысты зияткерлік меншікті төрт топқа бөледі:
1) Өнеркәсіптік меншігінің объектілері, яғни патенттік құқық негізінде қорғалатын техникамен және өндіріспен байланысты техникалық шығармашылықтың материалдық емес объектілері;
2) Авторлық құқықтың объекттері, яғни ғылыми және көркем әдебиет туындылары, музыкалық туындылар, кино және телефильмдер және т.б.;
3) Куәліктік құқық объектілері, яғни компьютер бағдарламалары және интегралды микросхемалар топологиясы;
4) Қызметтік және коммерциялық құпия объектілері (ноу-хау объектілері), яғни экономикалық мәліметтер, нарық конъюнктурасын білу және коммерциялық операциялар жүргізу тәжірибесі, басқаратын құрылымдар мен өнеркәсіптік меншіктің немесе авторлық құқықтың объектілеріне жатпайтын басқа объектілер.
Өнеркәсіптік меншіктің тобына өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, товар таңбалары және объекттің пайда болу орнының аталуы кіреді.
Өнертабыс деп адам әрекетінің кез келген саласында мәселенің жаңалықты, өнертабыстық деңгейді және өнеркәсіптік қолдануды иемденетін техникалық шешімін түсінеді.
Техникалық шешімнің әлемдік жаңалығы ретінде патентті беру туралы сұраным күніне оның кәдімгі техниканың деңгейінен белгісіз болуы соншалықты, тіпті оны мамандар қайталай алмайтынын түсінеді. Сонда кәдімгі техниканың деңгейі деп мәлімдеме беру мезгілінде әлемде жалпы қол жетімді болған кез келген техникалық мәліметтерді түсінеді.
Техникалық шешімнің өнертабыстық деңгейі оны құрастыратын жаңа белгілер әлемдік техниканың қазірге деңгейінен анық шықпаған жағдайда ғана орын алады..
Техникалық шешімнің өнеркәсіптік қолдануын дәлелденген деп есептеу үшін оны өнеркәсіпте, көлікте, ауыл шаруашылығында және адам әрекетінің басқа салаларында жүзеге асырылуы немесе пайдалануы мүмкін болуы керек.
Пайдалы модельдер деп жаңалық пен өнеркәсіптік қолдануды иемденетін, бірақ өнертабыстық деңгейі болмайтын техникалық шешімді айтады. Пайдалы модельдерге құрылғылар, механизмдер, механика саласындағы істік құралдар, өндірістік құралдар және тұтынатын нәрселер жатады.
Өнеркәсіптік үлгілер деп пішіні, құрамы және бояуы арқылы адамның көру түсінігіне әсер ететін, эстетикалық немесе сәндік жағынан өнімнің сыртқы түрін анықтайтын көркемдік – конструкторлық шешімдерді түсінеді.
Товар таңбасы ретінде бір товардың басқа сол сияқты товарлардан өзгешелігін сөзбен, графикалық немесе қиыстырылған элемент түрінде берілуін түсінеді. Бұл нақты кәсіпорын өнімін басқа кәсіпорындардың өнімдерінен айырып алу үшін өнеркәсіптік меншік объектілеріне қойылады.
Объектінің пайда болу орнының аталуы өнімнің жасалған немесе шығарылған нақты жерін немесе регионын, елін көрсетеді, мысалы «Қазақстанда жасалған».
Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге берілетін құқық патентпен куәландырылады, ал пайдалы модельге және товар таңбасына берілетін құқық куәлікпен куәландырылады.
Патент – авторлық құқықты, басымдықты куәландыратын құқық, сонда басымдық авторлық сұранымды Казпатенттің алу мезгілінен бастап есептеледі және өнертабысты немесе өнеркәсіптік үлгіні автор пайдалануына айырықша құқық беріледі.
Өнертабыс иесіне өнертабысты пайдалануға айырықша құқық беріледі, яғни патентпен қорғалған объектіні оның рұқсатынсыз ешкім пайдалана алмайды. Өнертабыс иесі өзінің патентін басқа жеке тұлға мен заңды тұлғаға жасалған лицензиялық келісім (лицензия) негізінде беруі мүмкін.
Қорғайтын құжатпен қорғалған объектіні рұқсатсыз пайдалану өнертабыс иесінің айырықша құқығын бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда өнертабыс иесінің сот арқылы патентті (куәлікті) бұзбауды талап ету құқығы болады және осыған байланысты шығындарды өтеуді талап ете алады.
Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнама
ҚР келесі құжаттарды ратификациялады: әдеби және көркемөнер туындыларын қорғауға арналған Берн Конвенциясы (Парижский Акт, ВОИС, 24 шілде 1971 ж.); 24 қыркүйек 1993 жылы Мәскеуде қол қойылған авторлық құқық пен сыбайлас құқықты сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 20 ақпан 1883 жылғы өнеркәсіптік меншікті сақтау бойынша Париж конвенциясы; 14 шілде 1967 жылғы Бүкіл әлемдік Зияткерлік Меншіктің Ұйымын (ВОИС) құру Конвенциясы; 14 сәуір 1891 жылғы халықаралық таңбаларды тіркеу туралы Мадрид Келісімі; 19 маусым 1970 жылғы патент кооперациясы (РСТ) туралы Келісім; 9 қыркүйек 1994 жылғы Евразиялық патенттік конвенция.
20 ақпан 1883 жылғы өнеркәсіптік меншікті сақтау бойынша Париж конвенциясы. Бұл конвенцияның негізгі принциптері мыналар: біздің елде шет елдік мәлімдеушілер мен осы конвенцияға қатысушы басқа елдердегі біздің мәлімдеушілер үшін ұлттық ережелер принципі, сонымен қатар қорғайтын құжаттар алғанда қатысушы елдердің мәлімдеушілерінің басымдылықтарын сақтау принципі. Мысалы, 18 қаңтар 1999 жылығы басымдылықпен дұрыс рәсімделген сұранымды қазақ мәлімдеушісі РГКП «Зияткерлік меншіктің ұлттық институтына» берсе, онда ол осы басымдылықты кез келген басқа қатысушы елде өнертабысқа немесе пайдалы модельге сұраным бергенде 12 ай, ал товар таңбасына немесе өнеркәсіптік үлгіге сұраным бергенде 6 ай уақыт ішінде сақтайды.
14 сәуір 1891 жылғы халықаралық таңбаларды тіркеу туралы Мадрид Келісімі. Бұл келісім товарлық таңба үшін құқықтық қорғауды алуды жеңілдетеді, сонда мәлімдеуші өзінің құқығы туралы сұранымды көптеген елдерге жүгінуге міндетті емес, тек қана Женевадағы ВОИС Халықаралық бюроға бір ғана сұраным жасайды. Қалған барлық жұмысты осы бюро тындырады.
14 шілде 1967 жылғы Бүкіл әлемдік Зияткерлік Меншіктің Ұйымын (ВОИС) құру Конвенциясы. Бұл конвенция Қазақстанға осы салада басқа елдермен бірдей әлем бірлестігінің маңызды жұмыстарын шешуге қатысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар Қазақстан өзінің ұлттық құқықты қорғау жүйесінің дамуына ақпараттық, кеңестік немесе материалды көмек алуына мүмкіндік беріледі. ВОИС өзінің жұмысында келесі мақсаттарды көздейді (ВОИС құру Конвенциясының 3-бабы):
- бүкіл әлемде зияткерлік меншікті қоғауға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және керекті жағдайларда кез келген басқа халықаралық ұйымдармен іс-әрекет жасау арқылы қолқабыс тигізу;
- Одақтардың әкімшілдік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
19 маусым 1970 жылғы патент кооперациясы (РСТ) туралы Келісім. ВОИС Халықаралық бюросына бір сұраным беру арқылы барлық қатысушы елдерде де өнертабысқа құқықтық қорғауды алуды жеңілдетеді.
9 қыркүйек 1994 жылғы Евразиялық патенттік конвенция. Бұл Конвенция әлемдегі ең жаңа конвенция болып табылады. Қазіргі кезде ол тек қана ТМД тоғыз елін біріктіреді, сонда ол бұл елдердің азаматтары мен ұйымдарына өздерінің техникалық жетістіктерін өнертабыс түрінде осы елдерде рәсімдеуге көмектеседі.
Келтірілген конвенциялар зияткерлік меншік туралы Қазақстан заңнамасын қалыптастыруға және дамытуға маңызды әсерін тигізді, өйткені көтеген елдердің осындай жүйелерінің шоғырланған ұлттық тәжірибесі мен керекті халықаралық параметрлерді иемденеді.
ҚР зияткерлік меншік саласында құқықтық қарым қатынасты реттейтін құқық қайнар көздері болып ҚР Коституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық құқық және сыбайлас құқық туралы» Заң, ҚР Патенттік Заңы, ҚР «Товар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы және товар істелу орнының аталуы туралы» Заң, ҚР «Интегралды микросхемаларының топологиясын құқықтық қорғау туралы» Заң, ҚР «Селекциялық жетістіктерді қоғау туралы» Заң, сонымен қатар ҚР қатысушы болатын әртүрлі халықаралық конвенциялар және басқа кейбір заңнамалық актілер табылады.
ҚР «Авторлық құқық және сыбайлас құқық туралы» Заң зияткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және көркемөнер (авторлық құқық), қойылым, орындау, фонограмма, эфирлік және кабельдік хабар тарататын ұйымдардың бағдарламалар (сыбайлас құқық) туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді.
Авторлық құқық шығармашылық іс-әрекеттердің нәтижесі болатын және олардың қажеттігіне, мазмұнына, артықшылықтарына тәуелсіз болатын ғылым, әдебиет және көркемөнер туындыларын қамтиды. Авторлық құқық объектісіне қойылатын маңызды талап болып туындының шығармашылық сипаты саналады, сонда туынды механикалық көшірілім болмай, идеялар мен фантазиямен толықтырылған ойлау іс-әрекеті болуы шарт.
Зияткерлік меншік объектілерінің пайда болуын, рәсімделуін және қорғалуын реттейтін құқық нормаларының жинағын патенттік құқық дейді және өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер патентермен қорғалады.
ҚР Патенттік Заңы өнеркәсіптік меншік объектілірін жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты пайда болатын мүліктік қарым қатынастарды, сонымен қатар олармен байланысты өзіндік мүлік емес қарым қатынастарды реттейді.
Патенттік заңның қойылымдары өнеркәсіп меншіктерінің объектілірін, өнеркәсіптік меншік құқығы бойынша ҚР Құқық Министрлігінің Комитетінің берген қорғау құжаттарын, сонымен қатар ҚР қатысушы болатын халықаралық келісімдер негізінде берілген өнеркісіп меншігінің объектілерінің патенттерін қамтиды.
ҚР «Товар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы және товар істелу орнының аталуы туралы» Заңы ҚР товарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын және товар істелу орындарын тіркеуге,құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді.
ҚР «Селекциялық жетістіктерді қоғау туралы» Заңы селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы іс-әрекеттің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды, сонымен қатар олармен байланысты туындайтын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.
ҚР «Интегралды микросхемаларының топологиясын құқықтық қорғау туралы» Заңы интегралды микросхемалар топологияларын жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты пайда болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді және олар осы заң бойынша материалды тасығыштарды түсіріп алынғанын анықтайды.
Кәсіпорынның ноу-хоу (өндіріс құпиясы, коммерциялық құпия) деп мемлекеттік құпия болмайтын ғылыми-итехникалық және өндірістік іс-әрекетпен, технологиялық, маркетингілік және коммерциялық ақпаратпен байланысты мәліметтерді түсінеді, сонда үшінші түлғалардың оларға еркін қолжетімдіктері болмайды және оларды рұқсатсыз пайдалану заң түрінде қудаланады. Ноу-хоу иесі оны өзі қорғайды және үшінші тұлғалардан құпия түрінде сақтайды. Кейбір салаларда ноу-хоу иесі болып екі немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, сонда олардың әрбіреуі ноу-хоу құпия пайдаланады және ноу-хоу әрбіреуінікі болады.
Зияткерлік меншік саласында ноу-хоу ұғымы өнертабысты тиімді пайдалану шарттарына жататын технологиялық және басқа мәліметтерді атау үшін қолданады.
Патенттік ізденіс
Патенттік ізденіс деп техникалық шешім деңгейін, патенттік құжат иесінің құқығының шегін және бұл құқықтың жүзеге асырылу шарттарын анықтау мақсатымен көбінесе патенттік құжаттар фондында жүргізілетін ақпараттық ізденістің түрін айтады.
Патенттік ізденістің мақсаты жаңа техниканы жасаудың, өндірудің және іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде патенттік құжаттардағы техникалық шешімдерді пайдалану мәселелерімен анықталады.
Патенттік ізденістің үш түрі белгілі, яғни тақырыптық, атаулы және құжаттың немқұрайды белгілері бойынша (номерлік) ізденіс.
Тақырыптық патенттік ізденіс негізгі және көп тараған ізденіс процедурасы болады. Әлемдік жаңалыққа сұранымды тексергеннен кейін авторлық куәлік немесе патент беру мақсатымен жүргізілетін тақырыптық ізденісте өнертабыстардың халықаралық жіктелуін пайдалану керек.
Атаулы патенттік ізденіс бәсекелес әрекетін бақылау үшін, сонымен қатар тақырыптық ізденістің алдын ала кезеңдерінің біреуі ретінде қолданады (патент иесі болатын фирманың аталуы бойынша оған берілген патенттердің номері анықталады және бұл патенттердің өнертабыстардың халықаралық жіктелу рубрикасы анықталады).
Номерлік патенттік ізденіс (құжаттың номері бойынша ізденіс) құжаттың тақырыптық қатыстылығын, оның басқа құжаттармен байланысын және тексерген мезгілде құқықтық мәртебесін анықтау үшін жүргізіледі. Номерлік патенттік ізденіс жүйелері, әдетте, келесі элементтерден тұрады: елдің коды; құжат номері (патент номері немесе сұраным номері және т.б. болуы мүмкін); патенттік құжаттың түрінің коды; құжат жататын өнертабыстардың жіктелу рубрикасы; қорғайтын құжат күшінің мерзімі туралы анықтама; құжаттың фондта бар екені туралы анықтама.
Ізденіс тереңдігі деп патенттік ізденіс жүргізуге керекті жылдар санын түсінеді. Жобаланған объектінің техникалық деңгейі мен жаңалығын анықтау үшін ізденіс тереңдігі техниканың сәйкес саласындағы объектілердің даму тенденциясын ескере отырып, таңдалады және 10...20 жыл болуы мүмкін, бірақ 50 жылдан аспауы тиіс. Патенттік тазалыққа сараптама жүргізу үшін ізденіс тереңдігі оны жүргізілетін елде патенттердің күш мерзіміне тең деп қабылданады.
Ізденіс кеңдігі деп патенттік ізденіс жүргізілуі жоспарланған елдердің тізімін түсінеді. Егер объектінің техникалық деңгейі мен жаңалығы анықталатын болса, онда объекті жататын техника саласының ең үлкен дамыған елдерін таңдайды. Патенттік тазалыққа сараптама жүргізгенде, әдетте, объектіні сатуға ұйғарылған елдермен шектейді.
Қазіргі кезде патенттік зерттеулер жүргізгенде Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ) қолданады. Ол сатылы жүйе болып табылады. Жіктелудің жалпы ірілендірілген жүйесі 8 бөлімнен, 20 бөлімшеден, 118 кластан, 615 класс тармағынан және 64 мың тақырыптық топтан (рубрикадан) тұрады.
Өнертабыстардың халықаралық жіктелу индексінің құрамы суретте көрсетілген.
Сурет. МКИ индексінің құрамы
Ізденіс процедурасын келесі кезеңдермен көрсетуге болады:
1) Ізденіс тақырыбын анықтау (айқындау және тақырып бойынша рубрика құрастыру);
2) Елдер шеңберін анықтау;
3) Ізденістің уақыттық аралығын таңдау (жоспарлағанда – 5...10 жыл, патенттік ізденісте – 10...15 жыл, патенттік тазалыққа зерттеу жүргізгенде – патенттердің күш мерзімі);
4) Өнертабыстардың баяндамасын қарау және іріктеу (библиографиялық сілтемелерді пайдалана отырып, тақырыптық, атаулы, номерлік ізденістер).
Патенттік зерттеулердің нәтижесін есептеме түрінде рәсімдейді және табылған аналогтардың және өнертабыс ретінде мәлімделетін жаңа объектіге түпнұсқа ретінде алынған аналогтың өнертабыс формулаларын немесе рефераттарын қысқаша баяндамалары келтіріледі.
Ақпарат көздері
Патенттік ізденіс жүргізгенде ақпарат қайнар көзі болып келесілер табылады:
- патенттік құжат – «Өнеркәсіптік меншік» деген ресми бюллетень, қорғалатын құжаттардың баяндамалары, үшінші тұлғалар танысуына болатын өнертабыс және пайдалы модель сұранымдары;
- ғылыми-техникалық әдебиет, яғни реферативтік журналдар, салалық периодикалық басылымдар, конференциялар мен симпозиумдардың ғылыми материалдары және т.б.
Қазіргі кезде толық патенттік ізденісті тек қана әртүрлі ақпарат тасығыштарды қиыстыра жүгізуге болады: қағаз түрндегі фонд және интернеттегі мәліметтер қоры (БД). Өнеркәсібі дамыған елдердің көпшілігі өздерінің фондтарын машина оқитын тасығыштарға көшірген, сонда оларға пайдаланушылардың қол жетімдігі қамтамасыз етіледі: еркін мәтіндер бойынша (реферат, формула, баяндама) және форматтық нольдер бойынша (құжат номері, жарияланған күні, сұраным номері, МПК, автор, мәлімдеуші және т.б.)
Техниканың белгілі саласы бойынша ақпарат қандай патенттік құжатта бар екенін анықтау үшін МПК алфавиттік – тақырыптық көрсеткішін пайдалана отырып, МПК сәйкес бөлімін, қызықтыратын рубриканы табу керек, сәйкес индекстерді белгілеп, сонан соң осы индекстермен патенттік фондтан өнертабыстың баяндамасына жүгіну керек.
Аналогтарды іздестіруді толық және дұрыс жүргізу үшін МПК екі принципін ескеру керек, яғни салалық және функционалды. Өте жақын аналог (түпнұсқа) дұрыс таңдалмаса, оның кешіліктерін және мәлімделген өнертабыстың артықшылығын анықтау мүмкін болмайды.
13-дәріс
