Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру

(жалғасы)

Техникалық қайшылықтарды табу және талдау

Қарастырылатын техникалық объекті жақсартқанда техникалық қайшылықтар табу үшін келесі процедураларды орындайды:

1) Мәселенің қойылуында көрсетілген түпнұсқа кемшіліктерінің тізімінен санды көрсеткіштерді жақсартумен байланысты, солардың ішінде алдымен, техникалық объектінің даму белгілеріне жататын көрсеткіштерді таңдайды;

2) Қандай техникалық шешімдер таңдап алынған кемшіліктерді жоюға немесе әсерін азайтуға мүмкіндік беретіндігі анықталады (әдетте, белгілі инженерлік шешімдерді пайдаланады);

3) Қарастырылып отырған көрсеткішті жақсартатын қабылданған шешімді пайдаланғанда техникалық объектінің қандай көрсеткіші елеулі нашарлайтынын анықтайды.

Осы процедураларды орындау нәтижелерін техникалық қайшылықтың тұжырымдалуы түрінде қорытындылайды. Жиі техникалық қайшылықты мына түрде тұжырымдайды: «Егер А параметрі (әрі қарай қандай өзгерістер арқылы объекті жақсартылады) жақсартылса, онда В параметрі шамадан тыс нашарлайды».

Техникалық қайшылық анықталғаннан кейін оны шешуге арналған идеяларды іздестіру жүргізіледі. Сонда кестелер мен қайшылықтардан арылудың типтік амалдарының тізімі, эвристикалық амалдар, жаңа шешім іздестірудің әртүрлі әдістері (ақылмандар талқысы, бақылау сұрақтар әдісі және т.б.) пайдаланады. Дегенмен бірден қайшылықты шешетін идея, көпшілік жағдайларда, кез келе қоймайды. Сондықтан техникалық қайшылыққа талдау жүргізу өте пайдалы болады.

Қайшылықты талдау техникалық қайшылықтың асқынуын туындататын жақсартылатын объектінің элементтерін анықтауға мүмкіндік береді, сонда қайшылықтың асқынуы осы элементтердің қасиеттерінің, жағдайларының өзгерісі (немесе олардың қоршаған орта элементтерімен әрекеттесуі өзгерісі) салдарынан болады. Мұндай элементтер түйіндік компонент немесе қайшылықтың түйіндік звеносы деп аталады. Сонымен қатар қайшылықты талдау оны шешудің мүмкіндік бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Техникалық қайшылықтарға техникалық объекті элементтерінің қасиеттері, олардың өзара байланыстары, жеке элементтер мен біртұтас техникалық объектінің қоршаған орта объектілерімен қызметтік әрекеттесуі себепші болады. Бұл байланыстар мен әрекеттесулер жобаланатын объекті параметрлерінің кейбір санды шамаларын анықтайтын болғандықтан, қайшылықты талдау келесі бір-бірімен тығыз байланысқан екі мәселені шешу үшін қажет, атап айтқанда:

- ұтымды тиімділік алу үшін (А параметрін жақсарту) ұсынылған техникалық шешімді қабылдағанда объекті элементтерінің қасиеттерінің, олардың байланыстарының, өзара әрекеттесулерінің өзгерістері анықталады;

- осы өзгерістердің жағымсыз тиімділік (В параметрінің нашарлауы) туындататын объекті элементтерінің қасиеттерінде, олардың байланыстары мен әрекеттесулерінде жағымсыз өзгерістер анықталады.

Сонымен, техникалық қайшылықты талдау барысында техникалық объектінің ішкі қызмет жасау деңгейінде оның айқындалуы жүргізіледі. Талдау нәтижелерін себеп-салдар тізбегі түрінде көрсеткен пайдалы болады, сонда тізбек түйіндері ұтымды тиімділік пен жағымсыз тиімділіктің логикалы байланыстыратын жеке элементтердің немесе біртұтас объектінің жағдайларының, қасиеттерінің, жұмыс істеу шарттарының нақты өзгерістерінің қысқаша баяндамасы болады.

Техникалық қайшылық құрамының себеп-салдар тізбегі оны шешуді іздестірудің жекеше мәселелерін қысқа түрде тұжырымдауға мүмкіндік береді. Әрбір жекеше мәселе тұжырымдалуында қарастырылатын техникалық объекті параметрлерінің біреуінің мәні түрінде мақсаты және көрсетілген мақсат іске асырылғанда осы объектінің басқа параметрінің мәні түрінде шарты болады.

Техникалық қайшылықтың шешімін іздестірудің жекеше мәселелерін анықтау диалектиканың терістеуді терістеу заңына негізделген, сонда бұл заңға сәйкес бір нәрсенің сапалы екінші нәрсеге айналуы біріншісінің жойылуы арқасында және де оның жақсы жақтарын сақтау арқылы болады. Терістеуді техникалық қайшылыққа қолданғанда терістеуге жағымсыз тиімділікті, сонымен бірге онымен байланысты себеп-салдар тізбегінің түйіндерін душар қылады (ұтымды тиімділік түйінін қоспағанда).

Мұндай терістеуді жүзеге асыру техникалық қайшылық құрамының тізбегінің мағналы мазмұны бойынша қарама-қарсы тізбек құрастыру түрінде болады.

Бұл мәселелердің алдында келтірілген жекеше мәселелерден маңызды айырмашылығын айтқан жөн. Бастапқы кемшіліктің себептерін талдау барысында анықталған мәселелер техникалық объектінің сыртқы қызметінің мәселелері болады, өйткені бұларда, әдетте, біртұтас объектінің немесе оның элементтерінің параметрлеріне (тиімділік белгілеріне) қойылатын талаптар көрсетіледі.

Ал техникалық қайшылықты талдау нәтижелерінен шығатын мәселелер физикалық сипатты талаптардан тұрады, яғни жеке элементтердің қасиеттері мен олардың өзара және қоршаған орта объектілерімен әрекеттесуіне қойылатын талаптардан тұрады. Мұндай мәселелер физикалық мәселелер болады.

Техникалық қайшылықтың құрастырылған себеп-салдар тізбегі оны шешу идеяларын іздестірудің жекеше мәселелерін анықтаумен қатар жақсартылатын объектінің ішкі қызметінің деңгейінде техникалық қайшылыққа себепші болатын физикалық қайшылықты тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Тұжырымдалған физикалық қайшылық техникалық қайшылықты асқындырып жібереді, бірақ оны шешу идеяларын іздестіруді мақсатты бағытқа жетектейді, өйткені табылған идея бірден екі қарама-қарсы талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Осындай идея негізінде табылған техникалық шешім, практика көрсеткеніндей, өнертабыс деңгейінде жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]