- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Техникалық объекттердегі қайшылықтар
Кез келген техникалық объектіде көптеген қайшылықтар болады, олар түрі мен орын алуы бойынша әртүрлі, өтетін тарихи сипатты, бір бірімен байланысқан және бір бірінен туындайтын болады. Қайшылықтар шартты үш түрге бөлінеді: әлеуметтік – техникалық, техникалық, физикалық.
Әлеуметтік – техникалық қайшылықтар деп қоғам мұқтаждықтары мен техникалық құралдар көмегімен оларды қанағаттандыру мүмкіншілігі арасындағы қайшылықтарды айтады. Жаңа сапалы мұқтаждық пайда болғанда (ал оны қанағаттандыратын техникалық құрал жоқ), не бар мұқтаждық санды өскенде бұл қайшылықтар пайда болады және асқынады.
Техникалық қайшылықтар деп техникалық объекінің параметрлерінің (даму белгілерінің) арасындағы қайшылықтарды айтады. Техникалық объектінің кейбір параметрін жақсарту мақсатымен оған құрылыстық немесе басқа өзгерістер енгізгенде олар асқынады және объектінің басқа параметрінің нашарлауы түрінде байқалады.
Физикалық қайшылықтар деп объектінің бір элементіне немесе біртұтас объектіге өзара қарама қарсы талаптар қойған кезде пайда болатын қайшылықтарды айтады. Мысалы, объекті элементі бір мезгілде ұзын және қысқа немесе қатты және сұйық болуы керек, ток өткізуі және ток өткізбеуі керек.
Қарастырылып отырған қайшылықтардың үш түрі «адам – техника» жүйесінде орын алатын жалпы бір қайшылықтың тізбегі болып табылады. Сонда техникалық объектінің қоршаған орта объектілерімен әрекеттесуінің деңгейінде пайда болатын қайшылықтар әлеуметтік – техникалық қайшылықтар болса, онда физикалық қайшылықтар техникалық объектінің ішкі функция жасау деңгейінде пайда болатын қайшылықтар болады. Техникалық қайшылық біртұтас техникалық объектінің функциясын сипаттайтын параметрлердің арасындағы қайшылық қатынасты көрсетеді. Егер физикалық қайшылықты шешетін идея табылса, онда қайшылықтардың өзара тығыз байланыстығының салдарымен техникалық және әлеуметтік – техникалық қайшылықтар бірінен соң бірі шешіледі.
Идеалды техникалық шешім
Идеалды техникалық шешім тұжырымдау деген жаңа жасалатын немесе жетілдірілетін техникалық объектінің қандай да болмасын бір элементке қалаулы қасиеттер, қызмет, әрекет берумен бірдей болады. Мұндай элемент ретінде объектінің техникалық қайшылықты туындататын немесе мейлінше өзгертуге болатын бөлігін таңдап алуға тырысады. Керекті қасиеттерді, қызметтерді, әрекеттерді иемденетін элементті қоршаған ортадан таңдап алуға болады, сонымен қатар қарастырылып отырған техникалық объекті кіретін сыртқы жүйеден де таңдап алуға болады. Қоршаған ортаның қасиеттерін өзгерту мүмкіншіліктері шексіз болатынын ескерген дұрыс, өйткені оның объектілері кез келген элементтің немесе құбылыстың пішінін ала алады.
Таңдап алынған элементтің қандай қасиеттерді, қызметтерді, әрекеттерді иемденетін анықтау ешқандай қиындық тудырмайды: олар жаңа техникалық объектіні жасау мәселесінің қойылуында талаптар тізімінде толық көрсетілген.
Техникалық шешім тұжырымдалуы, егер ол жобаланатын техникалық объектіде төменде көрсетілген бір немесе бірнеше қасиеттерді қамтамасыз етсе, онда идеалды деп танылады:
1) Идеалды техникалық шешімде техникалық объектінің өлшемдері өңделетін немесе тасымалданатын объектінің өлшемдеріне жақындайды немесе олармен бірдей болады; техникалық объектінің өзіндік массасы өңделетін объектінің массасынан әлде қайда кіші болады;
2) Идеалды техникалық шешімде техникалық объектінің немесе оның негізгі функционалды элементтерінің массасы мен өлшемдері өте кішкентай шамаларға жақындайды, шектік жағдайда нольге тең болады (яғни құрылғы жоқ, бірақ оның қызметі орындалады);
3) Идеалды техникалық шешімде объектіні (зат, энергия,ақпарат) өңдеу уақыты нольге жақындайды немесе тіпті нольге теңеседі;
4) Идеалды техникалық шешімде техникалық объектінің пайдалы әсер коэффициенті бірге жақындайды немесе бірге тең болады, яғни энергия шығыны нольге жақындайды немесе нольге тең болады;
5) Идеалды техникалық шешімде техникалық объектінің барлық бөліктері әрдайым өздерінің есептік мүмкіншіліктеріне сәйкес пайдалы жұмыс жасайды;
6) Идеалды техникалық шешімде техникалық объекті тоқтаусыз және жөндеусіз шексіз ұзақ уақыт ішінде жүктелген қызметін атқарады;
7) Идеалды техникалық шешімде техникалық объекті адамның мейлінше аз қатысуымен немесе қатысуынсыз жүктелген қызметін атқарады;
8) Идеалды техникалық шешімде техникалық объекті адамға және қоршаған ортаға ешқандай зиянын келтірмейді.
Идеалды техникалық шешім тұжырымдағанда келесі сұраққа жауап беруге ұмтылады, яғни «Идеалды жағдайда не алу тіленеді?». Бұл сұраққа жауап беру үшін бастапқы ақпарат болып жаңа техникалық объекті жасау бойынша қойылған мәселенің мақсаты мен мәселелері табылады. Сонда идеалды техникалық шешімнің қасиеттерін ескере отырып, идеалды техникалық шешімнен шегіншектемеуге және келесі екі ережені орындауға тырысады:
- алдын ала идеалды техникалық шешімге қол жеткізуге болады немесе болмайды деп ойламау керек;
- алдын ала идеалды техникалық шешімге қалай және қандай жолдармен қол жеткізіледі деп ойламау керек.
11-дәріс
