- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
Әдістің негізін мәселе шешу мақсаты қалайды, яғни мәселеде көрсетілген кемшілікті (немесе бірнеше кемшіліктерді) жою. Мұндай кешілікті бастапқы кемшілік дейді, ал оны жою мәселесі сәйкес бастапқы мәселе деп аталады. Өзінің мәні бойынша бұл әдіс кәдімгі инженерлік амал болып табылады, сонда белгілі ғылыми білімді іске жаратумен логикалық талдау арқылы бастапқы кемшіліктердің себептерін анықтайды. Сонан соң әрбір анықталған бастапқы кемшіліктің себебі, өз кезегінде, бір немесе бірнеше себептерден болатын кемшілік ретінде қарастырылады. Сонда біртіндеп кемшіліктер талдауының бір деңгейінен (жүйеның сыртқы функциясының кемшіліктерінен бастап) басқа төменірек деңгейге, яғни техникалық объектінің ішкі функциясының кешіліктерін талдауға (оның ішкі жүйелеріне, агрегаттарға және т.б.) өту орын алады. Кезекті жеке кемшілік анықтаумен қатар келесі сұраққа жауап беруге ұмтылады: анықталған кемшіліктен толық немесе жарым жартылай арылуға бола ма? Бұл әдістің өте маңызды процедурасы болады, өйткені бұл сұрақтын жауабының идеясы қарастырылатын жүенің (түпнұсқаның) бастапқы кемшілігін жою немесе азайту бойынша жалпы мәселе шешімінің негізін қалайды.
Талдау нәтижесінде бастапқы кемшілік пен оның себептерінің себеп-салдар байланыстарының логикалық тізбегін алады. Солайша кез келген кемшілікті жою техникалық мәселе болса, онда кемшіліктер мен олардың себептерінің себеп-салдар байланыстарының құрастырылған логикалық тізбегі көптеген жеке мәселелер болады, ал олардың әрбіреуі нақты кемшілікті жою бағытталған. Бұл мәселелердің көпшілігі мәселелер ағашы түрінде көрсетілуі мүмкін.
Қарастырылатын техникалық объектінің бастапқы кемшілігін жою мәселесінің шешу үшін алынған жеке мәселелердің қайсысын таңдап алу керек деген сұрақ орынды болады. Таңдау әрбір жеке мәселе шешімінің пайдалылығын бағалау арқылы жүргізіледі. Сонда таңдау белгісі болып шешім алуға жұмсалатын уақыт және күш ресурстары мен оны соңынан өндіріске енгізу, құралдар мен материалдардың мүмкіндік үнемделуі, кемшіліктерді азайту дәрежесі және т.б. табылады.
Сол немесе басқа әдістің тиімділігі жаңа техникалық шешімнің нақты идеясын алуда байқалуымен қатар шешім іздестірудің мүмкіндік бағытын, жолын анықтау мүмкіндігінен, қарастырылатын объекті туралы жаңа мағлұматтар алу керектігін асқындыру мүмкіндігінен байқалады.
10-дәріс
Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
Техникалық объектілердің техникалық мәселелерінің көпшілігін жалпы белгілі инженерлік – конструкторлық амалдар мен әдістерді пайдалану арқылы шешуге болады. Сонда қандайда болмасын бір құрылымның (тұрқы, арқалық) қаттылығын үлкейту сипаттаушы параметрді үлкейту арқылы істелуі мүмкін, мысалы, көлденең қиманың ауданын үлкейту немесе қосымша элементтер – жоталар, тіреніштер – енгізу. Айналу кедергісін азайту үйкеліс мойын тіректерін домалау мойын тіректеріне алмастыру арқылы қол жеткізілуі мүмкін. Жұмыстық беттің үйкеліске төзімділігін жоғарылату беріктігі жоғарылау материалдар қолдану немесе беттің сапалық көрсеткіштерінің (кедір-бұдырлық, беріктік дәреже) жоғары шамаларын қамтамасыз ету арқылы іске асыруға болады және т.б.
Дегенмен мұндай шешімдер, әдетте, жағымсыз әсерлермен қатарлас келеді: құрылым күрделенеді, материалдық шығындар үлкейеді, өнімділік азаяды. Және де көпшілік жағдайларды жағымсыз әсердің шамасы жақсартылатын техникалық объекті үшін шектік шамадан асып кетуі мүмкін, сондықтан дәстүрлі әдістерді қолдану арқылы алынған шешім қолайсыз болады. Кез келген техникалық объектіде болатын техникалық қайшылықтың асқыну жағдайы пайда болады. Мұндай кездерде техникалық объектіде оның басқа көрсеткіштерін нашарлатпай өзгеріс жүргізу процесінің жақсы нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқа ерекше амал керек. Мұндай ерекше амалдар көпшілік жағдайларда өнертабыс деңгейіндегі техникалық шешімдердің негізін қалайды.
Техникалық мәселелердің шешімдерін іздегенде дәстүрлі инженерлік – конструкторлық шешімдер пайдалануға болмайтын мәселелер өнертабыстық мәселелер деп аталады. Кәдімгі ғылыми – техникалық мәселелерге қарағанда бұл мәселелердің шешімдері қажетті шартты орындау, яғни техникалық қайшылықты шешу немесе оны жою арқылы табылады, сонда оларда қосымша талап «еш нәрсені ұтылмай, ұту» болады.
Өнертабыстық мәселенің қойылуы іс жүзінде ғылыми – техникалық мәселенің қойылуы сияқты болады. Бұл мәселеде сонымен қатар жақсартуға ұйғарылған техникалық объекті (құрылғы, процесс немесе зат), оның кемшіліктері мен оған қойылатын талаптар және де бұл объектіні өзгерту мақсаты көрсетіледі.
Осылармен бірге өнертабыстық мәселеде өнертабыс деңгейінде техникалық шешім алуды қамтамасыз ететін қайшылықты жою анықталуы тиіс. Техникалық объектіні жетілдіргенде мәселе жалпы жаңа шешімдерді іздеуде емес берілген объектінің немесе оның класының даму бағытында шешім іздеу болып табылады. Дамудың негізгі бағытында жаңа техникалық шешім іздеуде көмектесетін амал болып идеалды техникалық шешім амалы есептеледі. Сондықтан, егер кәдімгі ғылыми – техникалық мәселенің шарттарында қосымша техникалық қайшылық және идеалды техникалық шешім тұжырымдалған болса, онда өнертабыстық мәселе толық қойылды деп есептеледі.
