Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру

Тек қана бір ғана шешім талап ететін іргелі ғылымдардың (математика, механика және т.б.) мәселелеріне қарағанда кез келген техникалық мәселе көптеген шешімді иемденеді. Осыған байланысты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, қойылған мәселенің көптеген мүмкіндік шешімдерін табуға және олардың ішінен ең жақсы шешімді таңдап алуға тырысады. Алдымен мәселені өте белгілі дәстүрлі әдістермен, яғни байқап көру қателесу, түрнұсқаның функционалды талдауы немесе түпнұсқа кемшіліктерінің логикалы талдауы әдістері арқылы шешіп көреді.

Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі

Техникалық жүйенің функционалды көзқарас тұрғысында түпнұсқаның құрылысы туралы толық түсінік алу мақсатымен функционалды талдау жүргізеді. Талдау барысында түпнұсқа элементтерінің құрамы, элементтердің өзара байланыстары мен олардың параметрлері, бөліп алынған элементтердің техникалық функциялары анықталады. Түпнұсқаның құрылыстық функционалды құрылымы жасалады.

Функционалды талдау операцияларын орындаумен қатар мына сұрақтарға жауап бере отырып, қарастырылатын техникалық жүйені жетілдіру бойынша жаңа техникалық шешім идеяларын іздестіреді:

1) Түпнұсқаның кемшіліктерін жою немесе олардың техникалық объектінің сапасына тигізітен әсерін азайту үшін қандай жаңа элементтер енгізуге болады?

2) Осындай мақсатпен (кемшіліктерді жою) түпнұсқадан қандай элементтерді алып тастауға болады?

3) Түпнұсқадан қандай элементтерді, олардың функциясые басқа элементтерге беріп, алып тастаған жөн?

4) Бірнеше функция атқаратын қайсы элементтердің функциясын бөлген және бір элементтің орынына екі және одан да көп элементтер енгізген жөн?

Идея ізденісінің нәтижелілігін жоғарылату үшін шығармалық іс-әрекетті жандандырудың интуитивтік және эвристикалық әдістерін пайдаланады (бақылау сұрақьары әдісі, эвристикалық амалдар әдісі, инверсия. Эмпатия амалдары және басқалары).

Жоғарыда келтірілген сұрақтардың мақұлдаған жауаптары техникалық объектінің жақсартылған құрылыстық функционалды құрылымын жасау және соңынан жаңа техникалық шешім іріктеу үшін негіз болады.

Көп жағдайларда техникалық объекті басқа күрделірек техникалық жүйенің элементі болады. Сондықтан мәселе шешімінің идеялары алынсада, алынбасада техникалық жүйенің иерархиясы (сыртқы жүйе) бойынша талдау жүргізеді. Сонда бұл талдау техникалық объектінің сыртқы жүйесін өзгерту арқылы оның кемшіліктерін жоятын жаңа идеялар табуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Сыртқы жүйені талдағанда қарастырылатын техникалық объектімен әрекеттесетін объектілер, олардың функциялары мен ара байланыстары анықталады. Әрі қарай, түпнұсқаның талдауы сияқты, мәселенің шешу идеяларын іздестіру мына сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі:

1) Қарастырылатын объектінің функциясын көршіліс объектілірге өзгерістер енгізу арқылы орындауға бола ма?

2) Қарастырылатын объектінің функциясын орындауды қайсы бір көршіліес объектіге жарым жартылай немесе толық беруге бола ма?

3) Керекті өзгерістерді енгізуге не кедергі жасайды және кедергі болатын факторларды жою мүмкін бе?

Осы сұрақтардың мақұлданған жауаптары болған жағдайда қарастырылатын техникалық объектінің сыртқы жүйесін өзгерту және бастапқы мәселеге қатысты оның шешімінің пайдалылығының техникалық – экономикалық негізделуі туралы мәселе қою керектігі пайда болады.

Егер де сыртқы жүйені өзгерту арқылы мәселені шешу тиімдірек болса, онда қайтадан бірінші және екінші кезеңдерді зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]