Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Салыстыру және өлшеу

Салыстыру ақиқаттың мазмұнын жіктеуге, реттеуге және бағалауға арналған ойлау операциясы болады. Объектілердің ұқсастық және ерекшелік белгілерін анықтау, олардың қасиеттері мен техникалық сипаттамаларының арақатынастары саластыру мақсатымен салыстыру операциясын жүргізеді. Белгілі класс, топ құрастыратын біртекті объектілерді салыстыруға болады. Бір кластағы объектілерді берілген бағалау көзқарас тұрғысында маңызды болатын белгілер бойынша жүргізеді, сонда бір белгілермен салыстырылатын объектілер басқа белгілермен салыстыруға болмайтынын ұмытпау керек.

Өлшеу объектінің (нәрсе, процесс, құбылыс) бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайтын және өлшем бірліктер талаптарын қанағаттандыратын өлшемінің сандық мөлшерін алуға арналған операция болады. Өлшеу операциясында берілген шаманы өлшеудің бірлігі ретінде алынған онымен біртекті шамамен салыстырады.

Индукция және дедукция

Индукция жеке фактілер мен оқиғалардан жалпы қағидаларға, ережелерге өтуді қамтамасыз ететін ой тұжырымының бір түрі болады. Толық, танымал және ғылыми индукция деп үш түрге бөлінеді.

Жалпы индукцияда кластың барлық элементтерін қарастыру негізнде бүтен класс туралы жалпы қағида шығарылады. Ол нақты қорытынды береді, бірақ класс элементтерінің саны жеңіл байқалатын кластарға қолдануға болады.

Танымал индукция үшін қорытындылаудың негізі болып класс элементтерінің бір бөлігі осы белгіні иемденсе болғаны, кластың барлық элементтері осы белгіні иемденеді. Танымал индукцияның пайдалану аясы шексіз болады, бірақ оның қорытындысы ықтималды түрде болады және оны соңынан дәлелдеуді керек етеді.

Ғылыми индукция берілген класс элементтерінің бір бөлігінен барлық класс туралы қорытынды шығарылады, бірақ қорытынды жасау үшін зерттелетін класс элементтерінің маңызды (себептік) байланыстарын ашу арқылы осы белгі барлық класқа тән екенін тлап етеді.

Дедукция деп бір немесе бірнеше ой пікірлерден логика заңдары негізінде ой пікір шығару түріндегі ой тұжырымының бір түрін түсінеді. Дедукция пайдаланғанда әдетте жалпы ережелер мен қағидалардан логикалық ойлау арқылы олардын жеке салдарды шығарады. Индукция мен дедукция бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірін-бірі толықтырады.

Талдау және синтез

Талдау деп ойша немесе іс жүзінде объектіні жеке бөліктерге бөлуді айтады. Талдау объекті элементтерінің құрамын, олардың қасиеттері мен функцияларын, объекті элементтерінің арасындағы маңызды байланыстарды анықтауға, олардың ішінде негізгі және екінші кезектегі факторларды бөліп алуға мүмкіндік береді. Талдау мақсаты болып күрделі бүтіннің элементтері түрінде бөліктерді тану саналады. Дегенмен талдау объектінің әрбір бөлігінің атқаратын рольі мен маңызын толық анықтауға мүмкіндік бере алмайды, бұларды объекті элементтерінің бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде ғана іске асыруға болады, яғни барлық элементтер жиылып, бүтінді құрастырғанда орын алады. Бұл үшін талдаумен бөлшектелгендерді бүтіндік қалпына келтіру керек.

Синтез деп талдау көмегімен бөліп алынған жеке бөліктерді, олардың қасиеттерін, ара байланыстарын бір бүтінге іс жүзінде немесе ойша біріктіру операциясын түсінеді. Синтезбүтін функцияларына көңіл аударады, сонда бұл бөліктердің осылай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді және осылардың арқасында жеке бөліктердің атқаратын рольдерін түсініп, объектінің бүтін түріндегі қылығын түсіндіруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]