- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
Пайда болған мұқтаждықты қанағаттандыруға болатын техникалық объекті функциясының баяндамасы алдында келтірілген мұқтаждықты баяндау ережелеріне сәйкес орындалады. Сонда алдымен ілгеріде қойылған мәселені шешетін идеяларды іздестіру үшін техникалық объекті функциясының сапалы баяндамасын берген жеткілікті болады. Жобаланатын объектінің функционалды параметрлерінің сандық мәндері кейінде идеяны техникалық шешімге жеткізу кезінде көрсетуге болады.
Түпнұсқаны таңдау
Әдетте, мәселелік жағдайдың баяндамасында түпнұсқа көрсетіледі, яғни жетілдіру талап етілген объекті, сонымен қатар оның атқаратын техникалық функциясы, элементтер құрамы, кемшіліктер мен оған қойылатын талаптар туралы мәліметтер келтіріледі. Дегенмен, баспатқы түпнұсқамен салыстырғанда белгілі артықшылықтарды иемденетін 1 – 2 қосымша түпнұсқа таңдап алған қолайлы болады. Сонда белгілі техникалық объектілер ішінде жақсы әлемдік үлгілерге жататын объектілерді таңдап алуға тырысады. Техникалық объектінің түпнұсқасын іздестіруді техникалық жүйелердің жетекші кластарындағы қарастырылып отырған объектіге қызметі жақындау, бірақ жоғары техникалық деңгейді иемденетін объектілер ішінен жүргізуге болады.
Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
Техниканың прогрессивті даму заңына сәйкес кез келген қолданыстағы техникалық объектінің белгілі кемшіліктері болады. Бұл кемшіліктерді жою техникалық объектінің жаңа жақсартылған модификациясын алуды қамтамасыз етеді.
Кемшіліктер тізімін құрастырғанда, алдымен, техникалық объектінің жаңа модельінің керек болу себептерін көрсететін мәселелік жағдайдың талдауының нәтижелері ескеріледі. Сонан соң жасағанда, пайдаланғанда және бар техникалық объектіні және оның аналогтарын жөндегенде, сонымен қатар жасалатын объектіге болашақта пайда болуы мүмкін кемшіліктер қарастырады.
Жалпы кемшіліктер тізімі мыналардан тұруы мүмкін:
- техникалық объектінің даму белгілерінің шамалары керекті шамаларға сәйкес келмейді;
- техникалық объектінің тиімділігін төмендететін немесе оны пайдалануды қиындататын факторлар;
- техникалық объектінің жақсарту талап етілген параметрлері мен көрсеткіштері;
- басқа кемшіліктер.
Бастапқы мәселені тұжырымдау
Техникалық мәселені қойылуы алдыңғы операцияларды орындау нәтижелерін қорытындылау түрінде болады, яғни мәселелік жағдайдың талдауы, техникалық қызметтің баяндамасы, түпнұсқаның таңдауы, кемшіліктер тізімі мен талаптардың құрастырылуы. Техникалық мәселеде мәселенің мақсаты тұжырымдалады, бұл мақсатқа қол жеткізуге керекті жағдайлардың баяндамасы және шешім нәтижелері қанағаттандыруға тиісті шектеулер көрсетіледі.
Мәселенің тұжырымдалуы дәстүрлі екі бөліктен тұрады: «берілгені» және «табу керек». Жалпы ол мынадай түрде болады.
Берілгені:
- бастапқы техникалық объекті (таңдалған түпнұсқа, оның қысқаша баяндамасы);
- техникалық объектінің техникалық функциясының баяндамасы;
- түпнұсқа кемшіліктерінің тізімі;
- техникалық объектінің жаңа модельіне қойылатын талаптар тізімі;
Табу керек:
- техникалық объектінің керекті техникалық қызметі орындалып, ал түпнұсқаға тән кемшіліктер техникалық объектіде тіпті болмауы немесе олардың әсері аздау болуын қамтамасыз ететін техникалық шешім табу керек.
Кейбір кездерде мәселелік жағдайдың баяндамасында, сонан соң бастапқы мәселенің тұжырымдалуында техникалық объектінің даму белгілерінің нақты шамалары немесе оның басқа параметрлері туралы мәлімет болмауы мүмкін. Дегенмен мұндай мәліметтің болмауы қойылған мәселені шешетін идеяларды іздестіруге қиындық тудырмайды. Әрине, табылған идеяларды техникалық шешімге жеткізгенде техникалық объектінің кейбір параметрлерінің шамалары қажет болады.
9-дәріс
