- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
Техникалық мәселе шешу процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) Мәселелік жағдайды оқып білу және бастапқы мәселені қою;
2) Түпнұсқаның функционалды талдауы, түпнұсқаның мүмкіндік өзгеруін іздеу;
3) Бастапқы кемшілік пайда болу себебін талдау әдісімен мәселені шешетін идеяларды іздестіру;
4) Техникалық объектіні жақсартуға кедергілерді анықтау және талдау;
5) Идеалды техникалық шешімді анықтау;
6) Идеалды техникалық шешім бағытында мәселені шешетін идеяларды іздестіру;
7) Жаңа техникалық шешімді сараптау.
Бұл кезеңдердің тізімінде қойылған мәселенің шешімі екі бағытта ізделуі мүмкін:
- дәстүрлі инженерлік әдістермен шешімді іздестіру (2 – 3 кезеңдер);
- өнертабыс деңгейінде шешімді іздестіру (4 – 6 кезеңдер).
Кез келген мәселені (техникалық, экономикалық және т.б.) шешудің маңызды кезеңі болып мәселені қою кезеңі табылады. Қаншалықты шығармашылық мәселе дұрыс қойылса, соншалықты оның шешімін іздестіру тиімді болады. Тәжірибе көрсеткеніндей, дұрыс қойылған мәселе – оны шешудің табысты болуының жартысы деп саналады. Кей кездерде мәселенің шешімі оны қою процесінде табылады.
Техникалық мәселе қойғанда келесі операциялар жүргізеді:
- мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы;
- техникалық объекті қызметінің (қажеттігінің) баяндамасы;
- түпнұсқаны таңдау;
- түпнұсқа кемшіліктерінің тізімін және техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру;
- бастапқы мәселені тұжырымдау.
Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
Техникалық мәселенің тікелей қойылуы мәселелік жағдайды оқып білудің алдында жасалады. Әдетте, мәселелік жағдай баяндамасында техникалық объекті, оның жұмыс істеу жағдайлары және оның қойылған талаптарға сәйкес келмейтін көрсеткіштерінің сапасы, шамалары (төмен ПӘК, технологиялық мүмкіншіліктердің аздығы және т.б.) көрсетілуі түрінде келтірілген кемшіліктер туралы мәліметтер беріледі.
Мәселелік жағдайды зерттеу барысында екі салыстырмалы дербес бөліктерді бөліп алуға тырысады: жағдайды және мәселенің өзі.
Мәселе объектінің сыртқы жұмыс істеу тұрғысында оның сәйкес еместігі тұжырымдалады, яғни объектінің сапа көрсеткіштері қойылған талаптарға сай келмейді.
Жағдайда мәселе немесе оны жою төңірегінде пайда болатын шарттар мен мән-жайды табады. Бұлар, шын мәнісінде, мәселе пайда болу себептері болады және, әдетте, қарастырылатын техникалық объектінің ішкі жұмыс істеуімен байланысты болады.
Бұл себептер техникалық объекті элементтерінің құрамы мен әрекеттесуімен, олардың қасиеттерімен алдын ала анықталады. Техникалық мәселенің пайда болуы, сонымен қатар, техникалық объектінің сыртқы жұмыс істеу жағдайларының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін, мысалы, өңделетін бұйымдардың номенклатурасының үлкеюі, техникалық объекті пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар деңгейінің жоғарылауы.
Мәселелік жағдайды зерттеу нәтижесін қорытындылап, келесі сұрақтарға жауап түрінде қысқаша баяндайды:
1) Мәселе немесе қиындық мәні неде?
2) Қандай мұқтаждықты қанағаттандыру керек, яғни қандай қалайтын нәтиже алу керек?
3) Мәселені жоюға не кедергі болып отыр (мәселе пайда болу себептері)?
4) Мәселені жою нәтижесінде адам, кәсіпорын, халық шаруашылығы үшін қандай жақсы әсер күтуге болады?
