- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Функционалды – құндық талдау
Функционалды – құндық талдау негізінде техникалық – экономикалық талдау әдістерінің тобына жатады.
Функционалды – құндық талдау тұрғысында өнімді жасауға кететін барлық шығындарды екі негізгі топқа бөлуге болады: біртұтас бұйымның және оның құрастырушы бөліктердің өздеріне жүктелген қажеттік қызметті атқаруға арналған керекті пайдалы шығындар және құрылысының жетілмегенінен, материал дұрыс таңдалмағанынан, өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерінен туындайтын шамадан тыс пайдасыз шығындар. Пайдасыз шығындар ресурстің анық немесе жасырын ысырабы болады. Неғұрлым олар көп болса, соғұрлым бұйымның құны жоғары және сапасы, сенімділігі, үнемділігі төмен, яғни бір сөзбен айтқанда, оның пайдасы, тұтынушылық құны төмен болады.
Қазіргі кезде функционалды – құндық талдау материалды және еңбек ресурстерінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған объектіні (бұйым, процесс, құрам және басқалары) жүйелі зерттеу әдісі деп қарастырады.
Функционалды – құндық талдау, әдетте, типтік бағдарлама (әдістеме) бойынша жүргізіледі және мұнда жұмыстың ретті кезеңдері көзделінеді: дайындау, ақпараттық, аналитикалық, шығармашылық, зерттеулік, ұсыныс және енгізу. Іс жүзінде экспресс-ФҚТ жүргізгенде кезеңдердің бөліктері біріктіріледі.
Жалпы әрбір кезеңдегі жұмыстардың мазмұны қысқаша баяндалады.
Дайындау кезеңі. Талдау жүргізілетін объекті таңдалады, нақты мақсат анықталады, сонан соң орындаушылар ұжымын, әдетте, уақытша жұмыстық шығармашылық топ қалыптастырады. Функционалды – құндық талдау жүргізу жоспары, топтың жұмыстық жоспары, басқа құжаттарды тағайындау құрастырылуымен бұл кезең аяқталады.
Ақпараттық кезең. Талданатын объекті мен оның аналогтарының қолданушылық және экономикалық көрсеткіштері, құрылысы, өндіру технологиясы туралы мәліметтерді зерттеу, жүйелеу, жинастыру, іздестіру жүргізеді. Объектінің құрамдық схемасы, техникалық параметрлері мен негізгі экономикалық көрсеткіштерінің кестелері құрастырылады.
Аналитикалық кезең. Талданатын объектінің қасиеттері түбегейлі оқылады. Объектінің (оның құрастыру бірліктері мен тетіктері) қызметі зерттеледі және оның ішінен негізгі және қосымша элементтер бөліп алынады, ал соңғылардың ішінен артық элементтер анықталады. Қызмет матрицасы, кемшіліктерді диагностикалау кестесі, объектіге қойылатын талаптар және басқа құжаттар құрастырылады. Мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін идея, жаңа шығармашылық немесе ұйымдастыру шешімдерін іздестіру мәселелерін қалыптастырады.
Шығармашылық кезең. Объектіні жетілдіру, табылған кемшіліктерді жою бойынша идеялар мен ұсыныстарды тудырады. Шығармашылықтың тиімді әдістерін пайдаланып, шешім ізденісін жүргізеді.
Ұсыныс кезеңі. Ұсыныстар мен шешімдерге сараптама жүргізеді, сонан соң кәсіпорын (фирма) басшылығына бекітуге қояды. Бекітілгеннен кейін олар ресми ұсыныстар деген мәртебе алады. Іске асыру уақыты мен жауапты орындаушылар енгізу жоспар – графикте анықталады.
Енгізу кезеңі. Кәсіпорынның (фирманың) сәйкес бөлімдерінде жоспар – график негізінде техникалық және басқа құжаттар жасалады, өндіріске дайындық жүргізеді жоспарланған жұмыстарды іске асырады. Соңғы процедура – функционалды – құндық талдау – нәтижелері мен енгізу акт туралы есеп беру құрастырылады.
Әдетте, функционалды – құндық талдау процесінде берілген пайдалы шешімдердің көпшілігін іске асыру үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
8-дәріс
