- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
Ғылыми дәлелденген және техникалық шығармашылық практикасында өзін жақсы жақтан көрсеткен әдістердің біреуі болып өнертапқыш Г.С. Альтшуллер жасаған техникалық мәселелерді бағдарламалық шешу әдістемесі табылады. Ол бұл әдістемені өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі деп атаған. Әдістеме қайшылықтар туралы білімге негізделген.
Алгоритм деп өнертабыстық мәселелерді шешуге бағытталған ретпен орындалатын әрекеттер (адымдар, кезеңдер) кешенін айтады. (Мұнда «алгоритм» деген ұғым математикалық қатал түрде пайдаланбай, одан да кеңейтілген түрде қолданылады).
Шешу процесі анықтауға, түзетуге және техникалық қайшылықтан арылуға арналған реттелген операциялар түрінде қарастырылады. Сонда реттілік, бағыттылық және ойлауды жандандыру идеалды соңғы нәтижені, яғни идеалды шешімді, тәсілді, құрылғыны, бетке ұстау арқылы іске асырылады.
Жетілдіретін техникалық объекті өзара байланысқан элементтерден құрастырылған ішкі жүйелерден тұратын бүтін жүйе түрінде қарастырылуымен қатар ол өзара байланысқан жүйелерден тұратын сыртқы жүйенің бөлігі түрінде қарастырылады. Техникалық объектімен байланысты тікелей мәселені шешудің алдында сыртқы жүйедегі мәселелердің ізденісін жүргізеді және ең тиімді жолды таңдайды.
Өнеркәсіптік мәселелерді шешу алгоритмі (1-сурет) бойынша техникалық шешім іздеу стратегиясы былай істелінеді. Психологиялық инерция мен берілген саладағы және техниканың басқа салаларындағы техникалық шешімдерінің векторының әсерін ескере отырып, бастапқы мәселенің түзетілуін жүргізеді.
Техникалық объектінің элементтерін санаудан және солардың ішіндегі бір элементтің тудыратын жағымсыз әсерінен тұратын мәселенің шарттарын баяндайды. Сонан соң белгілі схема бойынша идеалды техникалық шешім тұжырымдайды. Бұл мәселені шешу процесінде бағыттық нысана болады (идеалды техникалық шешім тұжырымдағанда оған қалай қол жеткізуге болатыны ескерілмейді).
ЗИ – бастапқы мәселе; ВИ – психологиялық инерцияның векторы;
ЗО - өңделген мәселе; ИКР – идеалды техникалық шешім
1-сурет. Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі бойынша
техникалық шешім іздестіру схемасы
Идеалды техникалық шешіммен нақты техникалық объектімен салыстыра отырып, техникалық қайшылық, ал сонан соң оның себебі – физикалық қайшылық анықталады.
Техникалық қайшылық туралы ұғым кез келген техникалық жүйе, машина немесе процесс өзара байланысқан параметрлер кешенімен сипатталады, мысалы, салмақ, қуат және т.б. Белгілі тәсілдермен мәселені шешкенде бір параметрді жақсартуға ұмтылыс қандайда болмасын басқа параметрдің нашарлауына соқтырады. Мысалы, құрылымның беріктігін үлкейту салмақтың шамадан тыс үлкеюмен байланысты болуы мүмкін, өнімділіктің үлкеюі шамадан тыс сапаның нашарлауына, дәлділіктің жоғарылауы шамадан тыс шығындардың үлкеюіне соқтырады және т.б.
Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмінің мәні идеалды және нақты техникалық шешімдерді салыстыру негізінде техникалық қайшылықты немесе оның себебін – физикалық қайшылықты – анықтау және біраз варианттар қарастырып, оларды жою болады.
