- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Синектика әдісі
Сонымен қатар ойлауды психологиялық жандандырудың әдістеріне американдық ғалым У. Гордон ұсынған синектика әдісі жатады. Синектика әдісінің негізі ретінде ақылмандар талқысы әдісі алынған, тек бұл әдістен айырмашылығы болып мәселелерді шешу тәжірибесін әрдайым жинақтайтын кәсіптік немесе жартылай кәсіптік топ табылады. Бұл әдіс сынау элементтерін қолдануға рұқсат береді. Бұл әдісте аналогияға негізделген арнайы амалдар пайдаланады, ал оларға тікелей аналогия (берілген мәселе сияқты мәселелер шешімдерін талдау), жеке аналогия (мәселеде қарастырылатын объекттің кейпіне кіруге талпыну және осы тұрғыда жағдайды бағалау), символикалық аналогия (мәселені анықтайтын екі бейнелейтін сөзден мәселенің мәнін түсіну), фантастикалық аналогия (ертегі кейіпкерлерінің көмегімен мәселені шешу).
Морфологиялық талдау әдісі
Жаңа идеялар ізденісінің белгілі жүйелі әдісі болып швейцар астрофизигі Цвики ұсынған морфологиялық талдау әдісі табылады (4-сурет). Морфологиялық талдау әдісі объекті құрастырушы барлық негізгі элементтер саналған және осы элементтердің іске асырылуының мүмкіндік көптеген варианттары көрсетілген кесте құрастырылуына негізделген. Объекті элементтерінің іске асырылуының варианттарын қиыстыра отыра, тіпті ойламаған жаңа шешімдер алуға болады.
4-сурет – Морфологиялық талдау әдісімен ізденіс
жасау схемасы
Сонда келесі әрекеттер жасау керек:
1) Мәселені дәл тұжырымдау;
2) Объектінің маңызды элементтерін анықтау;
3) Элементтердің орындалу варианттарын анықтау;
4) Оларды кестеге енгізу;
5) Кестеде көрсетілген барлық варианттарды бағалау;
6) Оңтайлы вариантты таңдап алу.
Морфологиялық талдаудың негізгі идеясы болып мәселе шешімінің әртүрлі варианттарын ұсыну және қарастыру процестерін бірыңғайлау табылады. Сонда адамның көзіне алдында қарастырылмаған варианттар ілінуі мүмкін. Морфологиялық талдау принципі компьютер құралдарының көмегімен оңай іске асырылады.
Дегенмен көптеген элементтерден тұратын күрделі объектілер үшін кесте өте қолайсыз болады. Көптеген варианттарды қарастыру керектігінен және де олардың кейбіреулерінің тіпті мәні болмайтынынан бұл әдісті қолдану өте еңбек көлемділікті болады. Сонымен бұл әдістің негізгі кемшіліктері ретінде объекті талдаудың оңайлатуын және қарастырылуға ұйғарылатын варианттардың өте көп болуын айтуға болады.
Функционалды талдау объектінің нақты орындалуына қарамай, оның жұмысына көңіл беруге мүмкіндік береді. Функцияның іске асырылуының альтернативті варианттарын іздестіру шығындарды азайту және функцияны орындау деңгейін жоғарылату мақсатымен жүргізіледі. Функционалды талдау техниканы, сонымен қатар басқа техникаға жатпайтын объектілер мен процестерді жетілдіргенде табысты пайдалануы мүмкін.
7-дәріс
Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері (жалғасы)
Бақылау сұрақтары әдісі
Бақылау сұрақтары әдісі шығармашылық процестің психологиялық жандандыру әдістерінің біреуі болады. Оның мақсаты жетелеуші сұрақтар қою арқылы мәселенің шешіміне келтіру. Мұндай сұрақтар тізімі ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылынан бастап әртүрлі авторлармен ұсынылған. Бақылау сұрақтары әдісі бойынша өнертапқыш тізімде келтірілген сұрақтарға жауап бере отырып, осыларға байланысты өзінің мәселесін қарастырады.
А. Осборн, Т. Эйлоарт, Д. Пирсон және басқалары құрастырған жан-жақты сауалнамалар кеңінен тараған. Олар әртүрлі сұрақтардан тұрады. Шет елдерде А. Осборн құрастырған сауалнама жиі пайдаланады және ол сұрақтардың тоғыз тобынан тұрады:
1) Техникалық объектіге сіз қандай жаңа қолданыс ұсынасыз? Қолданыстың жаңа тәсілдері мүмкін бе? Белгілі қолданыс мәселелерін өзгертуге бола ма?
2) Өнертабыстық мәселені ыңғайлау, оңайлату, қысқарту жолдарымен шешуге бола ма? Берілген техникалық объекті сізге нені еске салады? Аналогия жаңа идея шақыра ма? Қазір пайдаға жарайтын өткенде осындай мәселелік жағдай болған ба? Нені көшіруге болады? Қандай техникалық объектіден озу керек?
3) Техникалық объектінің қандай модификациялары мүмкін? Айналдыру, ию, бұрау, бұру жолдарымен модификация жасау мүмкін бе? Қажеттіктің (қызметтің), қозғалыс, иіс, пішін, кескін түрлерінің өзгерістері мүмкін бе? Басқа да өзгерістер мүмкін бе?
4) Техникалық объектіде нені үлкейтуге болады? Нені жалғауға болады? Әрекеттесу уақытын үлкейтуге бола ма? Жиілікті, өлшемдерді, беріктікті үлкейтуге бола ма? Сапаны қалай жоғарылатуға болады? Жаңа ингредиент қосуға бола ма? Қосарлауға бола ма? Жұмыстық элементтерге немесе біртұтас объектіге мультипликация жасауға бола ма? Элементтерді немесе біртұтас объектіні тіпті үлкейтуге, еселеуге бола ма?
5) Техникалық объектіде нені кішірейтуге болады? Нені алмастыруға болады? Нені тығыздауға, қысуға, тарылтуға, алып тастауға, бөлшектеуге, сұйыққа айналдыруға, кішірейту тәсілін қолдануға бола ма?
6) Техникалық объектіде нені азайтуға болады? Нені, қанша және немен алмастыруға болады? Басқа ингредиент қосуға болады? Басқа материал қолдануға бола ма? Басқа процесс қолдануға болады? Басқа энергияның көзін пайдалануға болады? Басқаша орналастыруға болады? Басқа түсті, дыбысты, жарықтандыруды пайдалануға бола ма?
7) Техникалық объектіде нені өзгертуге болады? Қандай компоненттерді өзара алмастыруға болады? Модельді өзгертуге бола ма? Бөлшектеуді, белгілеуді, жоспарлауды өзгертуге бола ма? Операциялардың бір ізділігін өзгертуге бола ма? Себеп пен тиімділікті өзгертуге бола ма? Жылдамдық пен қарқынды өзгертуге бола ма? Жұмыс істеу тәртібін өзгертуге бола ма?
8) Техникалық объектіде нені кер қарай бұруға болады? Жақсы және жағымсыз әсерлерді өзгертуге бола ма? Қарама-қарсы орналасқан элементтердің орындарын алмастыруға бола ма? Олардың артқы жағын алдына қоюға бола ма? Олардың төменгі жағын жоғары қаратып қоюға бола ма? Олардың орындарын алмастыруға бола ма? Олардың қызметтерін алмастыруға бола ма? Қысқыштардың орындарын алмастыруға бола ма?
9) Техникалық объекті элементтерінің жаңа біріктірілуін жасауға болады? Жаңа қоспа, қорытпа, ассортимент жасауға бола ма? Тораптарды, блоктарды, агрегаттарды жаңаша біріктіруге бола ма? Мақсаттарды біріктіруге бола ма? Қызықтыратын белгілерді біріктіруге бола ма? Идеяларды біріктіруге бола ма?
Бақылау сұрақтары әдісі «байқап көру қателесу» әдісінің әрі қарай жетілдірілген түрі болады. Шын мәнісінде, әрбір сұрақ «байқап көру» (немесе бірнеше рет «байқап көру») болады. Сұрақтар тізімін құрастыра отырып, олардың авторлары, әрине, өздерінің өнертабыстық тәжірибесіне сүйенеді және күштірек сұрақтарды іріктейді. Сондықтан бұл әдіс «байқап көру қателесу» әдісіне қарағанда мықты болады. Бірақ өнертапқыштықтың ішкі заңдылықтарын түсінбей іріктеу жүргізсе, онда сыртқы жеңіл-желпі сұрақтар тізімге кіріп кетуі ықтимал.
