Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Эвристикалық амалдар әдісі

Мәселеде қарастырылатын объектіні қалай өзгерту керек немесе мәселенің шешімін алу үшін қандай бағытта ізденіс жүргізу керек екені туралы қысқаша ұйғарымдарды немесе сілтемелерді қамтитын тәсілдерді, амалдарды немесе ережелерді эвристикалық амалдар әдісі дейді.

Эвристикалық амалдар әдісінде берілген объектіні тап осылай өзгерту керек деген тікелей бірмағыналы сілтемелер жоқ. Бұл амалдар мәселенің шешімін алуды жеңілдетуде ойға салу рольін атқарады, бірақ нақты шешім табуға кепілдік бермейді. Әрине, әр адамға осындай ой салу көмегімен қолайлы шешім табуға әртүрлі жігер жұмсауды керек етеді.

Инженерлер мен өнертапқыштар жұмыстарының тәжірибесін қорытындылай отыра, орыс ғалымдары (Г.С. Альтшуллер, А.И. Половинкин және т.б.) ХХ ғасырдың екінші жартысында инженерлік мәселелерді шешетін идеяларды іздеуге арналған әртүрлі эвристикалық амалдар тізімін құрастырған. Бұл тізімдер эвристикалық амалдар әдісінің негізін қалады. Қазіргі кезде эвристикалық амалдардың әртүрлі қорларын пайдаланатын айтылған әдістің онға таман модификациясы белгілі. Атап айтқанда А.И. Половинкин 180 жеке эвристикалық амалдардан тұратын салааралық қор құрастырды.

Бұл өзгерту амалдары объектінің бар болуы мен жасалуының әртүрлі белгілеріне жатады: оның түрі мен құрамы, оның элементтерінің өзара орналасуы, олардың өзара және қоршаған орта объектілерімен әрекеттесуі, біртұтас объектінің және оның элементтерінің ішкі қорын пайдалану және т.б.

Ақылмандар талқысы әдісі

Ойлауды психологиялық жандандырудың ең бір белгілі әдісі болып

А. Осборн (АҚШ) ұсынған ақылмандар талқысы әдісі табылады.

Ақылмандар талқысы әдісі өнертабыстық шешімдер ізденісінің ұжымдық әдісі болады, сонда оның негізгі ерекшелігі болып қатысушылардың сыншылар және іздеушілер деп бөлінуі, сонымен қатар уақыт бойынша идеялар іздестіру және идеяларды сынау процестерін бөлек жүргізеді. Ақылмандар талқысы әдісі келесі ережелерді орындау арқылы жүргізіледі:

1) Ұсынған идеяларды сынауға болмайды, пікірталас пен талқылау жүргізуге тыйым салынады;

2) Кез келген, тіпті фантастикалық, идеяларды қабылдау. Нашар идеялар жоқ;

3) Жат идеяларды дамытуды, жетілдіруді және қиыстыруды көтермелейді;

4) Идеяларды қысқаша баяндау, идеялар эстафетасын үзбейді;

5) Негізгі мақсат – идеяларды көп мөлшерде алу.

Ақылмандар талқысын жүргізудің міндетті шарттары болып мыналар табылады: психологиялық инерциядан және сынаудан қорқып, жөнсіз идеяларды айтуға қорқудан арылуға, топқа әртүрлі мамандарды жұмылдыруға, олардың шығармалы жұмыс жасауға бейімділігіне жайлы жағдайлар жасау. Топ жетекшісі болып техникалық шығармашылық әдістерін жетік білетін маман тағайындалуы керек.

Ақылмандар талқысы әжептәуір жан-жақты әдіс болып табылады. Оны техникада ерекше шешімдер іздеу үшін, сонымен қатар жаңа бизнес идеялар іздеу үшін ғылыми, техникалық, жарнамалық әрекеттерде қолдануға болады (2-сурет).

2-сурет – Ақылмандар талқысы әдісімен ізденіс

жасау схемасы

Ақылмандар талқысы әдісінің өзге түрі болып кері ақылмандар талқысы әдісі табылады. Мұнда техникалық шешім іздестіру процесі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде барлық мүмкін болатын жақсартылатын объектінің кемшіліктері анықталады. Екінші және үшінші кезеңдер кәдімгі ақылмандар талқысының кезеңдері сияқты болады. Сонымен, объектінің кемшіліктерін толығырақ көрсете отыра, оны жетілдіруге арналған көптеген өнертабыстық шешімдер табуға болады (3-сурет).

3-сурет – Кері ақылмандар талқысы әдісімен ізденіс

жасау схемасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]