- •Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
- •Инженерлік іс-әрекет процесінде техникалық объектілерді зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер
- •Салыстыру және өлшеу
- •Индукция және дедукция
- •Талдау және синтез
- •Абстракциялау
- •Модельдеу
- •Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі
- •Техниканың инвариантты ұғымдары
- •Техникалық жүйелерді функционалды талдау негіздері
- •Техникалық жүйелер элементтерінің олардың орындайтын функцияларына байланысты жіктелуі
- •Функционалды талдау әдістемесі
- •Техникалық объектілердің даму белгілері Техникалық объектінің сапасы және техникалық деңгейі туралы түсініктер
- •Техникалық объектілердің даму белгілерінің жіктелуі
- •Техникалық объектілердің даму белгілер топтарының сипаттамасы
- •Техникалық жүйелердің құрылысы мен даму заңдары
- •Техникалық объектінің буындары мен модельдері
- •Техника құрылысының заңдары мен заңдылықтары
- •Жүйе бөліктерінің толықтық заңы
- •Жүйе бөліктерінің энергия өткізгіштік заңы
- •Жүйе бөліктерінің ырғақтарының үйлесу заңы
- •Техникалық жүйенің функциясы мен құрылымының арасындағы сәйкестік заңы
- •Техниканың прогрессивті даму заңы
- •Техниканың сатылы даму заңы
- •Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
- •Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
- •«Байқап көру қателесу» әдісі
- •Эвристикалық амалдар әдісі
- •Ақылмандар талқысы әдісі
- •Синектика әдісі
- •Морфологиялық талдау әдісі
- •Бақылау сұрақтары әдісі
- •Өнертабыстық мәселелерді шешу алгоритмі
- •Вепольдік талдау
- •Функционалды – құндық талдау
- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
- •Техникалық мәселенің шешімін дәстүрлі әдістермен іздестіру
- •Түпнұсқаның функционалды талдауы әдісі
- •Бастапқы кемшіліктер пайда болу себептерін талдау әдісімен шешім іздестіру
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру Өнертабыстық мәселе ұғымы
- •Техникалық объекттердегі қайшылықтар
- •Идеалды техникалық шешім
- •Техникалық мәселенің өнертабыс деңгейіндегі шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықтарды табу және талдау
- •Идеалды техникалық шешім негізінде мәселенің шешімін іздестіру
- •Техникалық қайшылықты талдау әдісімен мәселенің шешімін іздестіру
- •Патенттану негіздері Зияткерлік меншік ұғымы
- •Өнертабыс объектілері
- •Өнертабысқа патент беру сұранымын рәсімдеу
- •Өнертабыс баяндамасының бөлімдеріне қойылатын талаптар
- •Өнертабысқа сұранымды сараптау
- •Өнертабысқа сұраным құжаттарын құрастыруға арналған ұсыныстар
- •Патенттік ізденіс жүргізу тәртібі
- •Өнертабыстың баяндамасын дайындау
- •Алдын ала дайындау бланктері
- •Өнерлі тұлға – экономиканың инновациялы дамуының негізі
Техникалық жүйелердің өмірлік циклі
Қарастырылған техниканың даму заңдарымен техникалық жүйенің тиімділігінің негізгі белгілерінің (өнімділік, қуат, жылдамдық және т.б.) өзгеру заңдылықтары тығыз байланыста болады. А.Ф. Каменев әртүрлі техникалық жүйелерге тән өзіндік ерекшеліктерге қарамастан олардың тиімділік белгілерінің уақыт бойынша өзгерістерінде бірдей сипат орын алады. Техникалық жүйенің өмірлік циклі оның дамуын көрсететін үш кезеңнен тұрады және графика түрінде S-тәрізді сызықпен сипатталады, сонда ол тиімділіктің негізгі көрсеткіші уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді:
- жасалған жүйенің ақырын даму кезеңі (балалық шағы). Бұл кезеңде тиімділік көрсеткіші жаңа техникалық жүйені игеру салдарынан ақырын өседі (2-сурет А учаскесі);
- жүйенің қарқынды даму және оны жаппай қолдану кезеңі (кемеліне келу кезеңі). Бұл кезеңде жаңа конструкторлық – технологиялық шешімдер пайдалану арқасында тиімділік белгінің қарқынды өсуі байқалады (2-сурет В учаскесі);
- жүйе дамуының бәсеңдеуі кезеңі (қартаю кезеңі). Сонда оның тиімділік белгісі ақырын өсе отырып, өзінің шектік шамасына жақындайды (2-сурет С учаскесі). Әрі қарай техникалық жүйе 1 әлде принципиалды жаңа жүйемен 2 алмасып, құриды, әлде жүйенің тиімділік белгісінің қол жеткізген шамасы сақталы, оның пайдалануы жалғасады.
Техникалық жүйелердің әрі қарай даму резервтерін анықтау үшін және қолданатын жүйені әлде әрі қарай жетілдіру, әлде принципиалды жаңа жүйе жасау пайдалылығын анықтау үшін бұл заңдылықтың үлкен маңызы болады.
2-сурет. Техникалық жүйенің өмірлік циклінің сызығы
6-дәріс
Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері
Шығармашылық әрекет ойлауды жандандыру әдістері екі түрге бөлінеді: эвристикалық және алгоритмдік әдістер.
Эвристикалық әдістерге «байқап көру қателесу» әдісі, эвристикалық амалдар әдісі, ақылмандар талқысы әдісі, синектика әдісі, морфологиялық талдау әдісі, бақылау сұрақтары әдісі және басқа әдістер жатады.
Жаңа идеялар мен техникалық шешімдер ізденісінде қолданатын алгоритмдік (компьютерлік) әдістер алдын ала жасалған алгоритмдермен (бағдарламалармен) жұмыс істейтін қазіргі кездегі компьютерлерді пайдалануға негізделген, мысалы, өнертабыстық мәселені шешетін алгоритм.
«Байқап көру қателесу» әдісі
Еңбек құралдарын жасау және адам мұқтаждықтарын қанағаттандыру оның белсенді өнертабыстық әрекетісіз мүмкін емес. Табиғат пен жасалатын техника туралы ғылыми білімдер мен тәжірибелер жинастыру барысында адамның олар туралы көзқарасы және шешілетін мәселелер қиындығы өзгеріп отырды. Дегенмен, өнертабыстық мәселелерді шешетін әдістер тіпті аз өзгерді және кешегі күнге дейін олардың негізгісі болып «байқап көру қателесу» әдісі саналды. Ал бұл әдістің мәні барлық мүмкіндік варианттарды іріктеуде болады.
1
-суретте
«байқап көру қателесу» әдісімен ізденіс
жүргізудің схемалық көрсетілуі
келтірілген. Шешілетін мәселелердің
қиындығы жоғарылаған сайын бұл әдіс
ғылыми – техникалық революцияның, яғни
тиімді шешім тез керектігінен, қазіргі
талаптарына қайшы келе бастады. Бұл
техникалық шешімдер ізденісін
жандандыратын
әдістер жасауды талап етті және де
олар бұл процесті қарқынды жүргізуді қамтамасыз етулері тиіс болады.
Мәселені «байқап көру қателесу» әдісімен шешкенде, әрбір адам мәселені ойдағыдай шешіп, екі нәтиже алады:
- әдістемелік нәтиже, яғни қойылған
мәселе ізденісінің жаңа табылған тәсілі;
1-сурет – «Байқап көру қателесу» - ізделген техникалық шешім, сонда
әдісімен ізденіс жүргізудің жаңа табылған тәсіл қолданады.
схемасы Жаңа мәселемен кездескенде, оны
алдында табылған тәсілдермен, амалдармен шешуге тырысады. Егер бұдан ешнәрсе шықпаса (басқа типтегі мәселе кездесті), онда мәселені «байқап көру қателесу» әдісімен іздейді. Ойдағыдай ізденіс тағы да мәселені шешетін жаңа тәсіл береді. Ақырында біртіндеп мәселелердің шешімін іздеуге арналған белгілі тәсілдер, амалдар, ережелер тізімі қалыптасады.
