Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Куанышев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
782.18 Кб
Скачать

Техниканың прогрессивті даму заңы

Техниканың даму заңына мыналар жатады, яғни техниканың прогрессивті даму заңы және техниканың сатылы даму заңы.

Техникалық объектінің даму тізбегін талдау техниканың прогрессивті даму заңын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Техникалық объектілердің прогрессивті даму заңы техника дамуының бір сатысында техниканы пайдаланған кезде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған өзгерістерді көрсетеді. Бұл заңның орынды болуы мен әсер етуі кейбір тиімділік белгісін жақсартудың немесе техникалық жүйелердің тарихи даму барысында кейбір сандық көрсетілетін құрылыстық белгінің техниканың көп буындарында орнықты тенденциясы түрінде байқалады. Ол адам мен техника арасындағы себептік, керекті және тұрақты байланыстар жинағының әсерін көрсетеді және келесі сұрақтардың жауаптарынан тұрады, яғни техникалық жүйенің алдыңғы буынынан келесі жақсартылған буынына өту неге туындап отыр; техниканың буыннан буынға өту қандай жағдайларда болады және онда қандай құрамдық өзгерістер болады.

Техниканың прогрессивті даму заңының мәні былай түсіндіріледі.

Бірдей қызмет атқаратын техникалық объектілердің буыннан буынға өтуі тиімділік белгілерді жақсартумен байланысты табылған негізгі ақаулар мен қайшылықтарды жою керектігінен туындайды және берілген техникалық объектінің жаңа буынын жасағанда керекті ғылыми – техникалық деңгей мен әлеуметтік – экономикалық пайдалылық болғанда орын алады.

Сонда жаңа буынның алдыңғы буыннан айырмашылығы болуы мүмкін:

- техникалық шешімнің параметрлерінің шамалары жоғарылау;

- техникалық шешім тиімдірек;

- физикалық жұмыс істеу принципі тиімдірек;

- техникалық объектінің жақсы функционалды құрылымы.

Техникада сапалық секіріс тек қана техникалық объектіде кемшіліктер (техникалық қайшылықтар) жиналу нәтижесінде болады, бұдан шығатыны, инженерлік шығармашылық мәселелерді шешкенде техникалық қайшылықтарды іздеу керек.

Техникалық объектінің дамуында сапалық секіріс белгілі шарттар болғанда ғана мүмкін болады (ғылыми-техникалық деңгей, әлеуметтік – экономикалық алғы жағдайлар).

Техниканың сатылы даму заңы

Техниканың сатылы даму заңы адамның еңбектік ісін техникалық құралдарға беруге байланысты техникадағы түбірлік өзгерістерді көрсетеді.

Техниканың сатылы өзгеру заңының мәні былай түсіндіріледі.

Материалды бұйымды өңдей алатын техникалық объектінің төрт іргелі функциясы техникалық құралдар көмегімен бірінен соң бірін іске асырумен және адам орындайтын сәйкес қызметтерді технологиялық процестерден бірінен соң бірін жоюмен байланысқан төрт даму сатысы болады, яғни:

- техникалық объекті бірінші сатыда тек қана бұйымды өңдеу функциясын іске асырады (технологиялық функция);

- техникалық объекті екінші сатыда технологиялық функциямен қатар бұйымды өңдеу процесінде энергиямен қамтамасыз ету функциясын іске асырады (энергетикалық функция);

- техникалық объекті үшінші сатыда тағы бұйымды өңдеу процесін басқару функциясын атқарады;

- техникалық объекті төртінші сатыда сонымен қатар тағы бұйымды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімнің сапасы мен көлемін өзі үшін жоспарлау функциясын атқарады; сонда адам жоғарылау деңгейде жоспарлаудан басқа технологиялық процестен толығымен шығарылады.

Әрбір кезектегі сатыға өту еңбек өнімділігін әрі қарай жоғарылату бағытында сәйкес іргелі функцияны орындау көрсеткіштерін жақсарту барысында адамның табиғи мүмкіншілігі немесе шығарылатын өнімнің сапасы таусылғанда іске асады және де керекті ғылыми – техникалық деңгей мен әлеуметтік – экономикалық пайдалылық болғанда орын алады.

Бұл заңды іс жүзінде қолдану техникалық объектінің қызығу тудыратын класына, сонымен қатар даму қарқыны озық болатын техникалық объектілердің қызметі жақындау класына байланыстыру үшін зерттеулерді жүргізумен байланысты болады. Бұл зерттеулерді орындағанда келесі сұрақтарға жауап беріледі:

1) Адам мүмкіншілігі техникалық объекттің негізгі көрсеткіштерін елеулі жақсартуды шектей ме?

2) Келесі сатыға өту үшін керекті ғылыми – техникалық және технологиялық мүмкіндіктер бар ма?

3) Келесі сатыға өту үшін әлеуметтік – экономикалық пайдалылық бар ма?

Осындай талдау жүргізу негізінде келесі сатыға өту пайдалылығы туралы қорытынды жасалады және ғылыми – зерттеулік және тәжірибелік – конструкторлық жобалар жасауға арналған тапсырма қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]