- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
(псевдобульбарлы дизартрия) Жоспар:
1.Жалған сопақша ми дизартриясы туралы ұғым.
2.Тіл жүйесінде спастикалық паралич .
Тірек сөздер: Жалған сопақша ми , мишық дизартриясы, ми кыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты дизартриясы.
Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық еттерінің спастикалык параличімен сипатталады.
Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз күлу, жымию, жылау көпке дейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. Дизартриямен зақымдалған адам нұскау бойынша ернін алға қарай шығарып, дөңгелете алмайды. Ат тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге болады. Әсіресе гуілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады.
Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының көлемі мен қысқарудың күшінің азаюы барлық дыбыстың артикуляциясын өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д = т, ч = щ, т.б.). Дауысты дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды.
Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз симптоматикасына жұту функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару кысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады. Қорытынды
Жалған сопақша ми дизартриясы орталык спастикалық параличтің бір белгісі және сөйлеу кезіндегі кимылдың бұзылуы болып саналады. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталган болады. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады.Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс қырылдап шығады, тез шаршап қалады.Сөйлеу жылдамдығы баяу. Сөз түсініксіз, фразалардың қысқа интонациясы, әуезділігі нашар болады.
З.Тақырып: Мишық дизартриясы Жоспар:
1 .Ми кыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия
2.Ми қыртысы дизартриясы
Тірек сөздер: Неврологиялық статус, сөйлеу статусы.
Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан кұйылу, ісіктің салдарынан мишыктың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады.
Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) байкалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимылдың координациясы бұзылған болып келеді.
Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз. Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ- қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.).
1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады.
Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз етеді.
4. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың дірілдеп шығуына әсер етеді.
5. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе сұрлануын тудырады.
Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия
Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы түйіншіктердің
зақымдалу салдарынан болады.
Неврологиялық статусы: бүлшық ет тонусының тұрақсыздығы (дистония), бет және
артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар (гиперкинез) байқалады. Кейде
гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам
біршама осы қалыпта тұрып қалады.
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап калу, сөйлеу
жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды баяу немесе мүлдем
айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап айту (персеверация) байқалады.
Сөйлеу тілінің әуезділігінің (просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың
бұзылуымен бірге байқалады.
Дауыс күңгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің ауыспалы тонусы
мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы мен
просодикасының әр түрлі және тұрақсыз бұзылыстары байқалады.
1.Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады. 2.Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы сөйлеу тілін дөрекі бұзады. 3.Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы байқалмайды.
4.Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық бұзылады.
Дауыс пайда болу қиыншылығы -дауысты ерікті қосу мен сөйлеу кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады.
Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық - әуезділік құрылымының бұзылуы.
Ми қыртысы дизартриясы доминантты ми сыңарының төменгі бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және иремоторлы аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның эфферентті (премоторлы) жэне афферентті (тюстцентральді) түрге бөледі.
Ми қыртысы дизартрияның эфферентті түрі артикуляциялық мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген синкинезия кездеседі.
Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз
дыбыстар ұзартылып айтылады (Мысалы, сссағат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап кетеді. Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») байқалады. Дизартрияның бұл түріңде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп қалады, жатык болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады.
-Ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу тілінің баяулауы көрініс алады; -Сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың қатар келгенінде;
-Дауыссыз дыбыстардың күңгірт, қатал айтылуы;
-Сөзге косымша дыбыс қосу;
-Қатты дауыстап сөйлеу.
