- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
Мақсаты: Студенттерге дизартрия туралы жалпы түсінік беру. Дизартрияның себептерімен, түрлерімен таныстыру.
Жоспар:
Дизартрия ұғымы, себептері, белгілері.
Дизартрияның түрлері
Тірек сөздер: Дизартрия, резус-фактор, сопақша ми дизартриясы, мишық дизартриясы, жалған сопақша ми дизартриясы, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты дизартриясы.
Дизартрия-дегеніміз сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылу кемістіктері. Дизартрия гректің «артрон» – «мүшелену» және «бөлшек», «дис»- «бұзылу» сөздерінен шыққан. Анықтап айтқан сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы , дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерін зақымдануының түрліше қисындасып жинақталуына, кемістіктердің аурлығына, ақаулықтың пайда болған уақытына байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психологиялық және логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасын қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті. Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезеңіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жәйттердің тигізетін зияны нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуынан болады. Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның, екіқабат кезіндегі токсикоздық және басқа да бірқатар жәйттердің нәтижесінде құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайлардың көбінде бала туылған кезде асфиксия пайда болады және шала туады.
Дизартрия резус-фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфекциялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады.
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Е.М.Мастюкованың берген мәліметі бойынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-85% - індейі дизартрия болады екен.
Дизартрияның клиникалық түрлерінің классификациясының зақымданудың әр түрлі бөлшегінде орналасуына негізделген. Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтудағы ақаулықтапрынан, денсаулықтарының, сөйлеу тілінің қозғалыс ерекшеліктерімен ажыратылады, соған байланысты әр түрлі логопедиялық ықпалды қажет етеді және түзетуге әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Дизартрияның түрлері. Сопақша ми дизартриясы /бульбарная/ артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабынуы немесе ісіну ауруына шалдыққан кезде байқалады. Сонымен сопақша миға орналасқан бас сүйек пен ми қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезбе невтерінің маңызды бөліктері/ядролар/ бұзылады.
Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің тілдің жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сиппатталады. Осы сияқты ақаулығы бар баланың қою немесе сұйық тамақты жұтуы және шайнауда қиналады. Дауыстың жаттықтығының және жұмсақ таңдайдың ширақтығының жетімсіздігінен, ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінен салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де айтылатын дыбыстар мұрынның ыңылдап естілетін болады.
Балалардың баяндалған дизартрияларының түрлеріне тілдің және жұтқыншақтың бұлшық еттерінің семіп қалатындығы, сонымен бірге бұлшық еттердің күш қуатының әлсірейтіндігі байқалады. Тілдің бұлшық етінің іс жүзіндегі жағдайы дыбыстардың айтылуындағы толып жатқан алмастыруларға себеп болады. Сопақша ми дизартриясы бар баланың бет әлпеті келіссіз келеді.
Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер күш-қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді.
Бұлшық еттердің өзгеріп тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тілі мүшелеріндегі және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктердің өзгешеліктерімен байланысты. Бала ойнау барысында, жақындарымен немесе көңіл-күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесу кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді және қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ өзінше сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады, тілі тартылады дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемі жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп-бөліп айтады.
Ми қыртысы асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы, ырғағы, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.
Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауының бұзылуы дауысының және сөйлеуіндегі тыныс алуының бұзылуларымен сай келу баланың құбылмалы жағдайының көріністеріне байланысты дыбыстарының айтылуындағы ерекше бір ақаулықтардың шығуына себеп болады да ол ең алдымен тіл қатынасы қызметінде әсерін тигізеді .
Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарының асқынып кетуіне себеп болған есту қабілетінің нашарлауы.
Мишық дизартриясы. Қысқа қайырылатын келте сөздермен кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естумен сиппатталады. Мишық дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі.
Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және біліп алу өте қиын ақаулық. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының дыбыстардың айтылуындағы көріністер қозғаушы алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық – дыбыстық айтылу бұзылады. Балалардың бір дыбыстан екінші дыбысқа, сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыпты түрінен екіншісіне қозғалып қимылдау қиындайды. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы сол дыбыстардың орындарын алмастырып, әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатары бұзылып жылдамдатып тез-тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады.
Бірақ, ми қыртысы дизартриясының қозғаушы алалиядан айырмашылығы сол, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылысының дамуында бұзылатындығын байқамайды. Ми қыртысы дизартриясын дислалияданда айыруға болады.Бұндай балалар сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптағы түрінен сол күйін тегісін қайтадан қиналып қайталайды, бір дыбыстың екінші дыбысқа өтуі де қиын. Түзету кезінде көңіл аударатын бір жайт, ақауланған дыбыстар жеке тұрғанда тез түзеледі, бірақ сөйлеу тілінде өте қиындықпен машықтандырылады.
Балаларда ең жиі кездесетін ақаулықтардың түрлері жалған сопақша ми дизартриясы. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жас кезіндегі, босанып жатқан уақыттта немесе құрсақ кезіндегі энцефалит, құрсақ зақымы, ісік, интоксикация т.б. ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінде пайда болады. Баланың бас ми қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына, кезбе және тіл асты нервтеріне баратын өткізгіш жолдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мсидың сал болып қалуы немесе әлсіреуі пайда болады. Ол ымдау және сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартрисына ұқсас. Дегенмен жалған сопақша ми дизартриясындағы түзету және сөйлеу тілінің айтылуындағы дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлде қайда жоғары.
Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалады, нашар жұтады.Аузынан сілекей ағады, бетінің бұлшық еттері бұзылады.
Сөйлеу тілінің немесе мүшелерінің қозғалуларының бұзылу дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл, орташа, ауыр деп шартты түрде үш дәрежеге бөлуге болады.
1. Жалған сопақша ми дизартрисының жеңіл дәрежесі сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалыс-қимылында өрескел бұзылуларының болмайтындығымен сипатталады. Сөйлеу тілі мүшелерінің кездесетін кемістік тілі мен еріндері салбырап жай қимылдайды және бағытын дұрыс ұстай алмайды. Шайнай алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы оның сирек шашалатындығын анық білінбейді. Бұндай балалардың сөзді дұрыс айта алмауы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ширақтығымен жеткіліксіздігінен болады, дыбыстары айтылған кезде көмескеленіп шығады. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі ж,ш,р,ц,ч дыбыстарының айтылуында жиі қиналады. Ұяң дыбыста дауыстың жеткіліксіз қатысуымен айтылады. Сөйлеу тілі мүшелерінің негізі болып есептелетін тілдің ортаңғы үстін қатты таңдайға көтеруді қосымша талап ететін жіңішке дыбыстардың айтылуда қиын болады.
Дыбыстардың айтылуындағы кемістіктер фонематикасының дамуының келеңсіз ықпал жасайды. Дизартрияның жеңіл дәрежесіндегі балалардың көпшілігі дыбыстық талдауда біраз қиындықтарды көреді.Олардың жазуында т-д, ч-ц дыбысвтарын алмастыратын қателерінің ерекшеліктері кездеседі. Сөздің құрамының және лексика грамматикалық құрылысының бұзылулары кездеспейді деседе болады. Кейбір өзгешеліктерін балаларды өте мұқиат тексергенде ғана анықтауға болады, оның өзі көзге түсерліктей сипат бермейді.
Есту қабілеті дұрыс және ақыл-ойы жақсы жетілген бұл сияқты кемістіктері бар балалар аудандық балалар поликлиникасынан тағы логопедиялық кабинеттерден сабақ алады, ал мектеп жасына келген кезде жалпы білім беретін мектепте жанындағы логопедиялық кабинеттерге барады. Бұл ақаулықтарды жоюға ата-аналардың өздері де елеулі ықпал жасай алады.
2. Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіндегі балалардың толып жатқан топтары бар. Осылардың кемістіктерінің ерекшеліктері беттерінің бұлшық еттері қимылдамайды. Бала ұртын ауаға толтырып бұртита алмайды, еріндерін алға сүйрелей созып және жымқырып қыса алмайды. Тілі нашар қимылдайды. Бала тілінің ұшын жоғары көтере алмайды, оңға-солға, бұра алмайды. Бұрынғы қалпында ұстап тұра алмайды. Бір қимылдан екіншісіне ауысу едәуір қиын. Жұмсақ таңдай көбінесе нашар қимылдайды, дауысы ыңқылдап естіледі. Шайнауы мен жұтуы қиын.
Сөйлеу тілінің мүшелерінің бұзылуының салдарынан тілінің ақаулығы ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу тілі өте түсініксіз көмескі, жәй естілетін болады. Еріндерінің нашар қимылдауынан сөйлеу тілі мүшелеріндегі дауысты дыбыстардың мұрыннан қатты естілмейтіндіктерінен анық айтылмайды, а және у дыбыстарының анықтығы жеткіліксіз, и және ы дыбыстары алмастырылады. П,т,м,н,к,х дауыссыз дыбыстары көбінесе сақталады. Н мен ц, р мен л дыбыстары шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шығып бір-бірінен айырғысыз ұқсас айтылады. Ауыздан шығатын ауа ағыны нашар сезіледі. Ұяң дауыссыздар қатаң дауыссыздармен жиі алмастырылады. Нәтижесінде жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің түсініксіздігінің болатыны соншалықты, олардың тіпті сөйлеуге де құлқы болмайды. Сөйлеу тілінің жетілуінің /5-6 жас/ кешігуіне байланысты бұндай жағдайда баланың адамдар мен қатынас тілінің тәжірбиесі өте кем болады.
Бұл сияқты кемістіктері бар балалар жалпы білім беру мектебінде үлгеріп оқи алмайды. Бұндай балалардың оқуына және тәрбиеленуіне өте ыңғайлы жағдай жасалып және әрқайсысына жеке тәсіл мен жәрдем көрсететін сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп ашылған.
3. Жалған сопақша дизартриясының анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдану мен және сөйлеу тілі тілі мүшелерінің мүлде жұмыс істемейтіндігімен сипатталады. Дизартрия - сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айтуы мен сөйлеу тілінің просодикалық жагының орталық және шсткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.
Дизартрия гректің artron мүшелеу, сөз бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты , дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондыктан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің,мойынның) катаюы- гипертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансуы - гипотония байқалады.
Дизартрияның себептері баланың құрсақта жатқанында, туылған кезінде, туылғаннан кейінгі уақыттағы әртүрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфикция, туу кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер, инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары.
Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.
Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген М.Clement 1959 С.Воһmе 1968 R.D. Neilson N.D.Dwer 1984 және басқа авторлар. Сөйлеу потологиясының алғашқы топтастырылуында артикуляцияның барлық бұзылыстары жеке топқа бөлінеді жэне «Дизартрия» терминімен аталады. Бірақ, 1888 ж. Growers сөйлеу тілінің дизартриялық бұзылысын церебральді және бульбарлы түрі деп екіге бөлді.Дизартрияның нейроанатомиялық қағида бойынша топтастырылған ең толық классификацияларының бірін 1948 жылы Реосһег берген. Ол дизартрияның келесі түрлерін бөліп айтады: қабықтық, субкортикальді (хорея,ататоз , Паркинсон ауруында ), пендункурялры, супранклеарды (псевдобульбарлы) , бульбарлы нуклеарлы , церебральды, диэнцефльді, мезэнцефльді, перифериалық, бас сүйек жүйкелерімен байланысты, терең сезімділік бұзылыстарымен байланысты дизартрия,бас миының диффузды
зақымдануындағы дизартрия (токсикоздар, контузиялардан кейінгі жағдайлар) ,эпилепциядағы дизартрия,субкортикальды экспрессивті афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық). Бірақ автордың өзі осы топтастыру толық жетілмеген және «дизартрия» деген термин анық емес деп мойындады.
Дизартрияны жіктеу мәселесі туралы біріңғай көзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу,дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартиясы(бульбарлы), жалған сопақша ми дизартиясы(псевдобульбарлы),мишық ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстраперамидалды дизартриясы. Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік деңгейіне байланысты топтастырылуды француз невропатологы G.Tardier (1968)қарастырған. Балалардың церебральды сал ауруларына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын төрт деңгейге бөледі: 1деңгей-ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру барысында ғана анықталады.
2деңгей-айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, бірақ сөздері түсінікті болады.
Здеңгей-баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар түсінбейді. 4деңгей -сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындарын да түсінбейді. Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері интеллекті сақталған, зияты бүзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл немесе көмескі түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі. Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
-психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия; -БЦСА балалардағы дизартрия;
-зияты бүзылған балалардағы дизартрия;
-гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия;
-ПДТ балалардағы дизартрия;
-Минимальды дисфункция бар балалардағы дизартрия;
Дизартияның акырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі
кездеседі.Дизартрия мәселесімен шүғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен
балалардың дизартрия түрлерінде айырмашылық бар екенін атап көрсетеді. Қазіргі
кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек қарастырады. Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері. Сопақша ми дизартриясы(бульбарлы). Дизартрияның бұл түрі сопакша ми мен нерв жүйесінің ядроларының закымдалуының салдарынан болатын улсіз, солған параличтің
байқалуымен сипатталады.
Бульбарлы дизартрияның баска түрінен айырмашылығы- нақты бір жүйке функциясының (4,9,10,12) бұзылуына байланысты жеке бұлшық еттерінің зақымдалуы мүмкін.
Параличтің солғын қимыл- козғалыстарының бұзылу симптомдары жүйке ядроларының, шеткі 9(тіл-жұтқьншақ),10(ауасу,қозу), (тіласты) жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл талшыктары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшык еттерін иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляциясы, дауыс шығаруды және жұту актісін қамтамасыз етеді.
Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония немесе атония байқалады. Бұлшык еттердің көпшілігі кішірейеді, әлсізденеді, сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлекциялық байкалады. Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады.
Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың . бұзылуы тілдің әр бөлігінің бұлшық еттерінің параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түйірінде паралич байқалса, онда көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда «а», «о» дыбысына үқсаса айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның сиппатамасы: Сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді; Сөйлеу тілінің фонологиялық жүйесінің моторлық жағының бұзылуы, дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады;
3. Ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегіндей зақымдармен сипатталады:
-дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт естіледі, катаң ,ұяң,жуан, жіңішке белгілері анық байкалады;
-жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация байқалады);
- еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу орнына байланысты алмастыру байқалады:
- тілдің, еріннің астыңғы жактың парезінде дауысты дыбыстардың негізгі белгілері(жоғарлылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша айырмашылықтар байкалады.
