Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

Глоссарий

Түзету - акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.

Компенсация (латын сөзі - орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.

Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.

Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.

Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

Тахилалия («tachys»-тез, «lalio»- сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптасқан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді.Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі.Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.

Брадилалия («bradys»-баяу, «lalio»-сөйлеу тілі»)- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функйионалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созаңқы шығады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысуы салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу дислалия даму барысында пайда болады.

Дислалия- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтумен көрінеді. Анатомиялық ақаулықтар болса органикалық, жоқ болса- функционалды деп аталады.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ақаулықтарының салдарынан дауыс әуезділігінің және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.

Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады. Дизартрия сал ауруына шалдыққанда балалар жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия баланың дамуының кез-келген кезінде пайда болуы мүмкін.

Алалия – баланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдықан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).

Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтірілетін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы нейроинфециялар, бас мидың ісіктері.

Дислексия – оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дисграфия – жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дәрістік кешен