- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
Жоспар:
Ерте кезден араласу туралы бекітілген заңы.
Ата-аналарды жекелей дамыту бағдарламасы.
Тірек сөздер: эхолалия мен эхопроксияны дамыту, тұқымқуалаушылық, дауыс
реакциялары. Бала тәрбиесіне жанүя тарапынан жасалынатын ықпал өте зор, бұл - баршаға аян нәрсе. Ауытқуы бар бала - жанұяға тікелей тәуелді бала. Мұндай баласы бар жанұяның алдындағы міндеті де зор, ыкпалы да ерекше. Бала денсаулығының қауіпсіздігіне бірінші кезекте оның ата-анасы, өз бақылауына алған дәрігерлер, орта білімді медбикелер мен логопедтер де жауапты. Шетелдердегі кеңес беруші жауапты орындар мен АҚШ (1986) «0 те ерте кезден араласу» туралы бекітілген заңы бойынша жұмыс жасайтын белгілі мамандар ата-аналарға баланың өмірге келген алғашқы айынан бастап-ақ түзету тәрбиелеу жұмысы барысында нақты нұсқау береді.
Дер кезінде басталған осындай игі істердің - ауытқушылығы бар балаларды емдеу-түзету жұмысының - карыштай дами бастауы оң нәтижелерін беруде. Дамыған мемлекеттерде арнайы оқыту баланың жекбасындағы мәселені ғана шешуге бағытталған. АҚШ мамандары ата-аналарға кеңес беру, оларды ауытқушылығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне белсендіру жағынан мол тәжірбие жинақтаған. Шетел тәжірбиелері балалар дамуын ата-ана тарапынан бақылау ісіне негізделген.Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Мамандандырылған орталықтың атқаратын жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-аналармен бірлесіп емдеу-түзету жұмысының мақсатына бағытталған. Жұмыс талабы - ауытқушылығы бар бала міндетті түрде жанұямен бірге болу керек. Даму барысында ауытқушылығы бар балаларды «Республикалық ғылыми-тожірбиелік әлеуметтік қоршаған орта мен кәсіби еңбекке бейімдеу орталығын» үлгі ретінде мысалға алуға болады.
Дәрігер мамандар мен логопедтердің бірлескен жұмысы дұрыс тыныс алу, жалпы және жеке қимыл-әрекеттерді түзету, дамыту бағытына сәйкес жоспарлануға тиіс. Дәрігер психолог - педагог тарапынан ата-аналарға берілетін көмек пен кеңес негізінде бағдарлама жасалынуда.
Түзету жүмысының негізгі өзегі жанұяға тікелей байланысты болғандықтан, жұмыс жүргізудің төмендегідей түрлері кездеседі:
- Жанұя ықпалы (психологиялық, ақпараттық)
Ата-аналарды жекелей дамыту бағдарламасы бойынша түзету, орнықтыру әдісін дамытуға қажет қосымша құралдармен қамтамасыз ету.
- Маман ата-аналармен кеңесінде тексеру сұрақтарын беріп отырады, жанұя мен бала жайында қосымша мәліметтер жинайды, ата-аналардың тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға жауап береді.
Теориялық және әдістемелік жағынан ерекшеленген бағдарлама негізі тікелей қағидалауды қажет ететін баласы бар ата-аналарға көмек ретінде әрі ата-ананың көңілін аударып, қызығушылығын арттырып, «ауырын» жеңілдету мақсатына көзделген. Бұл жұмыс балаға қажет көмек түрін жан-жақты талдау барысында ата-аналарының тұйыққа тірелгендігі мен салғырт жауабының салдарынан пайда болады. Логопед, психолог, тәрбиеші және ата-ананың қоян-қолтық байланысы арқылы ғана сөйлесу тілінің мүкістігін түзетуге, жеңілдетуге болады. Алайда ата-ана кейде өзіне қиындық туғызған жағдайда түрлі көмек көзіне баруға қарсы мінез танытып отырады.Қазіргі кезде әрбір білім беруші мекемелерде, тәрбие беруші бала-бақшаларда психолог-педагог тарапынан берілетін кеңес көмек түрлері аз емес. Әр облыс, қала, аудан орталығында бала кемістігін түзету, дамыту, тәрбиелеу және жанұя дәрігерінің арнаулы бөлімдері бар.Түзету жұмысына байланысты мемлекеттік ұйымның құрылуы педагогикалық, дәрігерлік, экономикалық, әлеуметтік саяси мәселелердің де дұрыс әрі оңтайлы шешілуіне ыкпалын тигізеді.Орталык нерв жүйесі зақымданған балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, дамытуда ата-аналардың рөлі өте зор.
Белгілі бір кемістігі бар бала өзін қоршағандарын тек көңіл аударуын ғана емес, сонымен қатар ең бастысы - үзбей әрі жүйелі түрде дамыту, түзету барысында жүргізілетін еңбек түрін табанды түрде қажет етеді. Мұндай қасиетті олардың дүниеге келген сәттен-ақ байқауға болады. Егер балаға көмек толығымен әрі жан-жақты түрде берілсе, сөз жоқ, еңбек өз нәтижесін беріп, мектеп табалдырығын сенімді түрде аттауға болады. Сол себепті қажет болар білім ауқымымен, дағдымен, икемділік жайындағы мағулматпен ата-аналарды қаруландыру ісінің маңызы зор.
Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескере отырып, баланың ар-намысына,ар - ожданына, пәк сезіміне дақ түсірмеуді ойлау керек. Әр сөзді дұрыс айтуға, өз ойын, пікірін дәл жеткізуге баулу - түзету, емдеу жұмыстарын неғүрлым ерте, нәтижелі етіп құруға, ерінбей-жалықпай еңбектене отырып, баланың өзіне деген сенімін орнату - ата-ана үшін басты мақсат болуы тиіс.Дизартриясы бар балалармен атқарылатын жұмыс ауқымы оны түзету мен жан-жақты дамытуға байланысты қарастырылған. Әдет пен әдепке үйрену де үй ішінде тамыр алатындықтан, ата-ана мен логопед маманның қоян-қолтық тынымсыз еңбегі ғана баланы әрі түзетеді, әрі рухани серпіліске апарады. Мұндай баланың өмірге деген құлшынысы да артады, қызығушылығы да оянады, ортада өзін еркін ұстауға да икемделеді.Түзету жұмыстарының барлық сатысын қамтып, қояр талабын үнемі әрі жүйелі түрде орындаса ғана, логопед жұмысының нәтижесі болмақ.
Төмендегі ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер жиынтығы жаратылысында кемістігі бар балаларды түзету барысында атқарылатын жүмыстарға сәл де болса көмек ретінде ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге шығатынына сеніміміз мол.Үй ішінде орындауға болатын жаттығулар тобы да осы мақсатқа лайықталынып алынған.
