- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
1. Массаж жасау әдіс-тәсілдері.
2. Массаж жасайтын зондтар түрі (Е.В. Новикованың зондтары)
Тірек сөздер: сырғанату, үйкелету, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу .
Дизартриясы бар балалардың және сөйлеу тілі бұзылысының кешенді сипаты
неврологиялық симптоматиканың, эмоционалдық ерік-жігер сферасының бұзылысымен толығуы бұл категориядағы балалардың мектепке оқуына дайындығын төмендетеді.Көбінесе дыбыс қоюдың әдеттегідей тәсілдері керекті нәтижені көрсетпейді: артикуляциялық қатары ұзақ қалыптаспайды,бақылау жүргізілмесе тез жайылып кетеді, қойылған дыбыстар баланың өзіндік сөйлеу тілінде ұзақ уақыт машықтанбайды.Логопедиялық әсер етудің тиімділігі түзетушілік - педагогикалық әрекетті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді.
Е.Н. Новикованың үсынған массаж жасау дизартриядағы кешенді медициналық- педагогикалық жұмыстағы ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Оның мәні артикуляциялық мүшелердің жаракаттанған бөліктеріне (тіл, жақ, бет, жұмсақ таңдайдың) зондпен мақсатты түрде ықпал етуде негізделеді.Массаж бұлшық еттердің қалпын өзгертеді, тамаққа тәбетін белсендіреді, оның біркелілігін және қысқаруын жақсартады, қалыпты сөйлеу тілі әрекетіне қажетті кинестетикалық сезімдеріне үлесін тигізеді.Зондпен массаждың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы бұлшық етінің тонусын жоғарылатуға немесе төмендетуге, қанайналымын жылдамдатуға, ұлпадағы айналым процесін жоғарылатуға болады. Классикалық массажға қарағанда зондтың көмегімен артикуляциялық аппараттың терең
орналасқан бұлшық ет ұлпаларына әсер етуге болады, құсу рефлексінің, сілекей ағудың алдын-алуға болады. Логопедиялық және педагогикалық әсер етудің әдеттегі тәсілдермен бірге зондпен массажды қолдану логопедке дыбыстың қойылуын 2-3 есе жылдамдатып, ең алдымен дизартриясы бар балада дыбысты машықтандыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі
мекемелерде зондпен массаж жасаудың жүйелі түзетушілік жүмысына мынадай жағдайлар қажет: мүғалім-логопедтің әдістемелік және техникалық дайындығы,соған сәйкес логопедиялық кабинеті жабдықтау, мүғалім-логопедтің невропотологпен бірлескен әрекеті,мүғалім-логопедтің тәрбиешілермен байланысты, ата-аналарды түзету процесіне
кіргізу.
Мұғалім-логопед зондпен массаждың техникасын гана біліп қоймай, сонымен бірге массаж тәсілдерінің физиологиялық әрекеті жайлы түсініктері болуы керек. Сөйлеу тілі аппаратының анатомиясын, бұлшық еттерінің, қан тамырларының, жүйке жүйесінің топографиясын, артикуляциялық мүшелерінің тексеру әдісін білу массаж тәсілдерін дұрыс қолдануға көмегін тигізеді. Зонд массажын қолданып жүргізетін сабақты жарық 14-16 шаршы метрлік кабинетте, температурасы +22° төмен емес болатындай жүргізу керек. Массаж жасағанда бала жартылай жатуы керек, соның себебінен кабинетті қалың төсек және биік жастығы бар кушеткамен жабдықтау керек. Міндетті түрде әр балаға зондтың жеке комплекстерін, салфетканы, дизенфекцияланған ерітіндіні қолдану керек. Мүғалім-логопед зондпен массаж жасаудан бұрын баланың денсаулығы және неврологиялық симптоматикасы, бұлшық еттерінің иннервациясының парез және паралич түріндегі бұзылысы жазылған педиатордың, невропотологтың, отоларингологтың корытындысын мұқият зерттеп шығу қажет.Егер балада туберкулездің асқынған формасы, конъюктивит, еріндегі ұшық немесе ауыз қуысындағы басқа инфекциялар,фурункулез, стоматит болса, массажды жасамау керек. Дизартриясы бар баладағы гипертензионды-гидроцефалды, цередрестеникалық синдром, қимыл-қозғалыс бұзылыстарының синдромы мұғалім-логопед пен невропотологтың көмегінің қажеттілігін сипаттайды. Массаж жасау үшін баланы ыңғайлы орынға жатқызып, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу керек. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай массаж жасау жұмысын жүргізу керек. Ондағы мақсат-дыбыс шығаруда тіл қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету.
Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын жасап, біраз икемге келтіргені жөн. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу, сырғанату, үйкелету, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрі жатады.
Баланың меңгеру қабілетіне байланысты әр сылау жасау уақыты 20-25 минут көлемінде орындалады. Логопедтік массаж жасау кезінде бір-біріне септігін тигізіп, сабақтасатын басқа да жаттығулар жасауды енгізген дүрыс:
- Жақтың массажынан 2-3 жаттығу;
- Бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу;
- Ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;
- Тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу; Келесі жаттығуларда «Жұмсақ таңдай массажы» жаттығуын қосуға болады. (Массаж жасайтын зондтар түрі Е.В. Новикованың зондтары). Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жұмсақ таңдай бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады.
Бұл зонд құсу рефлексінің шегін анықтауға және оны алу үшін арналған. Зондтың ұштарыөткір емес, сондықтан бұлшық еттер зақымдалмайды. Ол бұлшық еттерді піспектеуге арналған. Осындай ықпалдың нэтижесінде бұлшық еттер белсенді жиырыла бастайды. Тіл, ерін, жақ, бет ұшы және жіліншік бұлшық еттеріне массаж жасау үшін қолданылады.
Бұлшық еттерді «үйкелеуге» арналған.
№3-5 зондтарды тіл, ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін белсендіру үшін әр түрлі бағытта жылжытады.Зондтың бас жағын бұлшық еттерді басу үшін қолдануға болады. «Шаналар» бірдей массаж тәсілдерін орындайды, бірақ массаж жасап жатқан бөлімнің көлемі және басу қарқындылығы әр түрлі болады.
Сонымен қатар №5 зонд бұрау және қайтарымды серіппелі қимылдарды орындайды.Тілді сипауға белсенді қолданылады, сонымен қатар бет, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап-сипауға қолданылады. Басқа зондтарға қарағанда көбірек көлемді қамтиды және бұлшық еттерге қарқынды ықпал етеді. Зонд екі тәсілді атқаруға арналған: нық қысу және сырғу, қысу нәтижесінде бұлшық ет тонусы қалыпқа келеді, олардың жиырылу қабілеті және қимыл-қозғалысы ұлғая түседі.Қысу дәрежесі бұлшық еттердің қалпына байланысты: тонусы неғұрлым төмен болса. Кейінгі зерттеулерде баланың дамуына эсер ететін екі факторлы атайды тұқымқуалаушылық және ананың тамақтануы.
Сонымен, баланың дамуына көп жағдайлар әсер етеді – орталық нерв жүйесінің жағдайы, биологиялық, әлеуметтік, тұқымқуалаушылық факторлар БЦСА балаларға дәрігерлік көмек ана мен баланың денсаулығын сақтау заңына байланысты көрсетіледі.Ерте нәрестелік кезеңінің баланың ары қарай дамуында маңызы өте зор. Осы кезден бастап алғашқы кезектегі сақтандыру шараларын қолдана бастау тиімді. Ондай шараларға эхолалия мен эхопроксияны дамыту жатады. Қалыпты дамыған балаларда бұл феномендер алғашқы бірінші айда үлкендердің дауысын қайталау (эхолалия), қимылына, мимикасына (тілін шығару, жымию) жауап беру түрінде байқалады. Ерте жаста жақын, бөтен адамдарды ажырату, тану үлкен жетістік болып саналады. БЦСА балалар жиі қатынас жасау, сипалап, қарап, құшақтауды талап етеді және оған мұқтаж болады. Ему актісінің күшін және ұзақтылығын дамыту, артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттері мен белсенді қимылдарын дамытудың маңызы зор. Уілдеу, былдырлауын үлкендер қостап, белсендіру керек.
Дизартрияға бейім немесе байқала бастаған баланың қимыл-қозғалысын және психикасын дамытуға бағытталған жұмыстар ұйымдастыру қажет.Сөйлеуге дейінгі кезеңде түзету жұмысы ерте басталса, соғүрлым баланың қимылында, сөйлеуінде, интеллектуалдық
дамуында ауытқулар, кемшіліктер аз байқалады.Сөйлеу қимыл функцияларының қалыптасуы жалпы және қолдың моторикасымен тығыз байланысты. Бұлшық еттердің тонусы мен қимылын дамытумен қатар тактильді сезінуін (тері арқылы сезіну) дамыту қажет. Ол үшін балаға әр түрлі заттарды (тегіс, бұдыр,жұмсақ, қатты, ағаштан, темірден жсалған, т.б.) үстатып, аузына апарып, жалатып,тістетіп ойнату керек.
Бірінші жылдан бастап сөйлеу түсінігін дамыту маңызды, көп жағдайда ол үлкендердің сөйлеу қатынасына байланысты. Күніне бірінші рет 10-15 минут нәрестемен қатынас жасаған өте тиімді. Тілге тәрбиелеуді алғашқы жылдардан бастап, ана тілінде жүргізу керек. Бір тілде қарым-қатынас жасау интонацияның, тілдің фонетикалық құрылымының, ал кейінірек сөз бен сөз тіркестерінің тұрақты үлгілерінің қалыптасуына әсер етеді.
Дизартриясы бар баламен қатынас тек ана тілінде болу қажет.Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуы бұзылады. Мүндай жағдайда, егер бала сөйлей алмағанда да ата-аналарымен, жестпен сөйлеспей, баланың, өздерінің іс-эрекетін сөзбен айтып отыру керек. Қайталауда дыбыстарды , сөздерді дұрыс айтуына көңіл бөлу қажет. Мұндай жаттығулардың мақсаты - дауыс реакцияларын, тыныс алу, аяқ-қолдың қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады. Баланың сөйлеу тілін , психикасын дамытуда ойын іс-әрекетінен қолданылады. Ойыншықтарды, басқа құралдарды іріктеу, ойын процесін басқару, нұсқау беру баланың жас ерекшелігіне, жұмыс мақсатына сәйкес ойластырылады.
Екінші кезектегі шаралар. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі, фонематикалық процестерінің толық қалыптаспауы сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын өзбетімен меңгеру алғышарттарының қалыптасуын кешеуілдетеді.
Дизартриясы бар балаларда мектепке дейінгі жаста тіл кемістіктерін толық түзеткен жағдайдың өзінде жазудың (дисграфия) жэне оқудың (дислексия) бұзылуы кездеседі. Арнайы әдебиеттерде осыған байланысты қарапайым оқу, жазу дағдыларын 5 жастан бастап қалыптастыру қажет деген көзқарастар кездеседі. Балабақшаның ересектер мен дайындық топтарының бірінші жылында сөздің дыбыстық құрамын талдау дағдыларын меңгереді. Екінші жылы әріптермен танысады. Оқыту барысында буып кестелері,
ойындар (лото, домино, т.б.) қолданады. Дислексия мен дисграфияны түзету
логопедиялық жұмысы жүйелі, кешенді жүргізілуі керек.
Үшінші кезектегі шаралар.Бұл деңгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары карай оқуына, кәсіби бағдарлауына байланысты. Дизартриясы бар жалпы білім беру мектепті бітірген балаларға қатал шектеу қойылмайды. Дегенмен, мамандык талдау жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде кәсіби кеңес алудың маңызы зор.
Дизартрия кезіндегі нүктелі массаж
Соңғы жылдары сөйлеу мүшелірінң иннервациясымен негізделген сөйлеу тілінде паталогиясы бар балалардың пайызы өсіп келеді. Дизартрия түзету кезінде логопедиялық комплекске кіретін нүктелі массаждың көмегі зор.
Әрбір емдік процедураны организмнің қорғаныштық күшін жағыралатын 1-ші және 2-ші нүктенің массажынан бастаған жөн. 1-ші нүктені оң және сол қолмен кезектестіріп уқалайды, ал екінші нүктені бір уақытта уқалайды. Бала аяғын созып отыруы қажет. Алғашқы екі күн бойы 1-ші және 2-ші нүктеге массаж жасалады. 3-ші және 4-ші процедура кезінде мойындағы 3-ші және 4-ші нүктеге, ал 5-ші 6-ші процедура кезінде 5-ші және 6-ші нүктеге массаж жасалады. 7-ші процедурада беттегі нүктеге массаж жасалады. 7-ші және 8-ші нүктеге массаж бір уақытта күніне екі рет жасалады. Ауыз бұрышынан 1 см қашықтықта орналасқан 9-ші нүктеге массаж жасағанда ауыз сәл ашық тұруы қажет. Осылай барлық нүктелераге массаж жасалады.
Егер балада тек артикуляция ғана емес, сондай-ақ тыныс алуы зақымдалған жағдайда дәрігер, рефлексор терапевтер 14,15,16-ші нүктелерге массаж жасауды ұсынады.
