Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.

Жоспар:

1. Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары

2.БЦСА баланың сөйлеу тілін бұзылуын түзету әдістемесі

Тірек сөздер: психологиялық статус, көру гнозисы, қимыл-қозғалыс сферасы.

Түзету жұмысын психолог ,логопед, педагог және ата-аналар бірігіп жүргізеді.БЦСА балалардың ерте жастан бастап артикуляциясын түзетудің көптеген жолдары бар.Шетелдік бағдарламалардың ішінде көп таралғаны Б.Бобатов(1975-1980) және В.Войт (1979) ұсынған осы балалардың психомоторикасын түзету әдістемесі. Б. Бабатовтың әдістемесін ғалымдар «постуральдық рефлекстерді тежеу» деп аталған, ол патологиялық

рефлекстерді тежеуге бағытталған.В.Войттің әдістемесі «алға жылжу принципі» деп аталады.Ол әдістеме қимылға қажет позатоникалық реакцияларды түзету және айналу рефлекістерін дамытуға бағытталған.

Американдық невропатолог және логопед Н.\уе8і1аке жэне Б.Ви1;һегі:огё(1961) «БЦСА баланың сөйлеу тілін бұзылуын түзету» әдістемесін ұсынады.Ол екі бөлімнен тұрады:

1. Артикуляциялық аппаратты,есту,тыныс алу,дауыс шығару мүшелерін әр жағдайда тексеру; БЦСА баланың психологиялық статусын тексеру(әсіресе 1 -ші жылы),диалогтық,еркін сөйлеуін дамыту,фонациясын дамытуда әр түрлі жаттығуларды пайдалану.

Канадалық логопед Магіе Сгісһтау (1997) өзінің әдістемесінде артикуляциялық тілдің қимылына,олардың денесінің қалпына байланысты бас пен артикуляцияны жеңілдететін қалыпты табуына ерекше көңіл бөлінеді.

Е.Ф.Архипова(1989) өзінің әдістемесінде сөйлеуге дейінгі кезенде баланың психомоторлық функциясын белсендіруге әр түрлі ықпалдар қолданады.

Дизартрияның көмескі түрін түзету жолдары .Түзету жұмысы басқа топтарда жүргізілетін жұмыстың жалпы кезеңдерінен құралады: жалпы, ұсақ және артикуляциялық моторикасын дамыту, көру гнозисын, кеңістікті бағдарлау,сөйлеу тілінің просодика жағын,фонематикалық қабылдауын дамыту. Дыбыс айтуы бұзылған баламен дыбысты қою, машықтандыру, ажырату, байланыстырып сөйлеуге енгізу жұмыстарын жүргізу.Жоғары психикалық қызметтерімен процестері бұзылған балалармен сөйлеу тілінде ақаулығын көріністерін жою жұмысы атқарылады. Солай дизартрияның көмескі түрі бар балаларда жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасуына қатысатын функциялары мен процестерінің бұзылуы байқалады.Түзету жұмысында жазу мен оқуының бұзылуын алдын алуға бағытталған сабақтар енгізу керек. Түзету жұмысының кезектілігі қатаң бекітілген. Сондықтан ұсынылып отырған кезендермен жаттығуларды ұстану қажет. Әр кезеңнің ұзақтылығы өзгеріп тұруы мүмкін. Өйткені дизартрияның көмескі түрі бар балалардың бұзылыстарының күрделігі әр түрлі болады. Сабақты топпен және жеке түрде өткізуге болады. Дизартрияның көмескі түрінің салдарынан жалпы сөйлеу тіл дамымауының П-Ш денгейдегі балалар жеке топта оқытылады. Бұл топта жүргізілетін түзету жұмысы жалпы сөйлеу тіл дамымауы тобында қолданылатын әдістер жіне тісілдермен толықтырылады. Жұмыс дайындық кезеңнен басталады. Бұл кезеңде сабақтар қимыл-қозғалыс сферасын (жалпы, ұсақ,артикуляциялық моторикасы ) дамыту, дұрыс тыныс алуы дағдыларын жою және машықтандыру, сөйлеу тілінің просодикалық жағын дамыту сабақтары бірлесіп өткізіледі. Сабақта қалыптастырылған дағдылары үйде бекітілген жөн. Қимыл-қозғалыс сферасын дамыту. Жалпы қимыл-қозғалыс сферасы. Ұсақ моторикасын дамыту.

А) қимыл-қозгалыс актісінің кинестетикалық компоненттерімен тактильді сезімдерін дамыту. Б) қимыл-қозгалыс актісінің кинетикалық компонентің дамыту:

- қол басының қимыл-қозгалысы;

- қол саусактарының қимыл-қозғалысы;

- екі қолмен жасалатын жаттығулар

3. Қимыл-қозғалыс динамикалық кординациясы /үйлесімі/.

4.Қолдың қимыл-қозғалысының реципрокты үйлесімін дамыту.

II. Дұрыс тыныс алу дағдыларын қою және дамыту.

Төртфазылық диафрагмальды тыныс алуын дамыту.

Мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын дамыту.

Тыныс алу дағдыларын қимыл-қозғалысымен біріктіру.

Тыныс алу дағдыларын қимыл-қозғалыста бекіту.

Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

Ш.Дауыстың жоғарлығы мен күшін және интонациясын дамыту / сөйлеу тілінің

просодика жағын/.

Дауыстын күшін дамыту.

Дауыстың диапазонын дамыту.

IV. Мимикалық және артикуляциалық жаттығулар . Мимикалық жаттығулар.Саливацияны азайту және спастиканы кетіру. Артикуляцикалық гимнастика;

а) төменгі жақ сүйектерге арналған жаттығулар;

б) ерінге арналған жаттығулар;

в) тілге арналған жаттығулар;

г) бүзылған дыбыстарды қоюға арналған жаттығулар;

V. Көріп қабылдауын , талдау және жинақтау дағдыларын, кеңістік түсінігін дамыту. Көріп қабылдау , талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.Кеңістік түсінігін дамыту.

Сыртқы кеңістік жайында түсініктерін анықтау және кеңейту.Өзіне байланысты кеңістіктегі бағытты анықтау.Бір-біріне қатысты заттардың оринтациясын /бағытын/ анықтау.

Қарама-қарсы тұрған адамның дене схемасына қатысты оринтациясы құрастыру.Қағаз бетіне қатысты ориентациясы.Кеңістіктің вербальды маркировкасы:

а)кезектілікті игеру,

б)сурет ,сюжетті серия бойынша әңгіме құрастыру;

в)логикалық-грамматикалық конструксияларды игеру.

VI. Фонематикалық қабылдауын, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.

Сөзсіз дыбыстарды қабылдау және ажырату, а)есту зейнін дамыту,

б)ақырын , қатты шығарған дыбыстарды ажырату; в) Ырғақтық сезімін дамыту; Сөйлеу тіл дыбыстарын қабылдау және ажырату:

а) дауыстың және сөйлеудің интонированиясын ажырату;

б)сөйлеу зейінін дамыту;

в) акустикалық - артикуляциалық белгілері ұқсас фонемаларды дифференциялдау.Қарапайым дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту;

а) қарапайым дыбысты жинақтау дағдыларын дамыту;

б) дыбыстық- буындық талдауын дамыту .

VII. Дыбыс айтуын түзету . 1. Бұзылған дыбысты қою.

2. Дыбыстарды машықтандыру және сөйлеу тілге енгізу . З. Жойылған дыбыстарды ажырату .

VIII. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою .