Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

Жоспар:

1.Гиперкинетикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

2.Жеке сабақтарда жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары .

Тірек сөздер: Гиперкинез, тактильдік-кинетикалық функциясы, статикалық және динамикалық қимыл. I. Дайындық кезеңі:

I. Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, логопедиялық ықпал етудің нәтижесін болжап, жоспарлауға маңызды.

2.Дәрігермен тығыз байланыс жасау: психотерапия, дәрімен емдеу, сылау, ЕФК, т.б. шаралар артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің жұмысын, жүйке импульстарын өткізуін жақсартады.

3. Дайындық және негізгі кезендерде баланың есту, кинестетикалық бақылауын қалыптастыру, артикуляциялық аппаратты дайындау (дауыссыз).

II. Негізгі кезең.

Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту жұмысы жалғасады.

Сөйлеу моторикасын дамыту.

Көру, есту, кинестетикалық бақылауын жетілдіру.

Сөйлеудің просодикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді.

5.Дыбыс айтуын түзету. Дыбысты қою кезектілігі, оны машықтандыру спастиканың орнына байланысты.

6. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын түзету.

7. Дыбыс айтуын түзету мен қатар сауат ашу элементтерін меңгеру. Гиперкинетикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

Гиперкинез неғүрлым аз байқалатын қалыпты табу қажет.

ИЛТ (интенсивная локальная гипотермия) әдістемесін қолдану (дәрігердің нұсқауы бойынша).

Артикуляциялық аппараттың ырғақты қимылын, тыныс алумен, дауыспен сәйкестендіруін кезекпен қалыптастыру.Дыбысты машықтандыру да неғүрлым артикуляцияның қалпының ауысуы аз болса, соғұрлым жұмыс нәтижелі болады (ша, шо, шу, шы).

Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыты дыбыс айтудың бұзылу түріне байланысты болады.

Жеке сабақтарда жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары

1. Баланың еріксіз қимылдарын азайтатын қалыпты табу.

2. Бұлшық еттерді босансыту негізінде гиперкинезді тежеп, беттің бұлшық еттерін қимылсыз күйде, тыныш ұстауга үйрету:

- психотерапевтикалық ықпал ету, бұлшық еттердің қатаюын азайтып, баланы эмоциональдік жағынан тыныштандыру;

- сылау (массаж) көбінесе жеңіл, үстірт сипау, баяу, ұзақтылығы 5 минуттан көп болмау керек; енжар, екі түрлі қимылдар: статикалық және динамикалық. Статикалық: бала сөйлеген кезде логопед еріксіз қимылдарды (басып бұру, еріннің қимылдарын) тежейді. Динамикалық: жақтың, еріннің, тілдің қимылдарының амплитудасын өзгерту. 3. Дыбыссыз артикуляция кезінде дұрыс дем алуына үйрету. Алдымен дем алудың күшіне, сосын ырғақтылығына көңіл болу керек.

4.Дауысты а, и, у дыбыстарды айту кезінде дем шығару мен дауыс шығаруды сәйкестендіру.

Дыбыстарды қою. Артикуляциялық аппараттың қай бөлігінде гиперкинез аз байқалса, соған байланысты дыбыс кезектілігі анықталады. Мысалы, ерінде гиперкинез аз байқалса, онда еріндік дыбыстардан бастап қою керек.Дұрыс айту мен интонацияны дамыту.Түзету жұмыс нәтижесінде дыбыстарды қоюға болады, бірақ дыбыстарды анық, нақты айтқызу бірден мүмкін болмайды, көп уақытты талап етеді. Ондай балаларды сауат ашуға үйретуде олардың психикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Кейбір балалар белсенді, кейбіреуі енжар, қимыл-қозғалысы қиын болады, соған байланысты әдіс-тәсілдер қолдану қажет.