Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Дизар.кез.лог.жұм.ДҚ-311,321.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары

Жоспар:

1.Түзету жұмысының негізгі міндеттері.

2.Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып окушыларымен жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру

Тірек сөздер: Бұлшық еттердің тонусы, тыныс алу функциясы, эмоциональді-стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия.

Түзету жұмысының негізгі міндеттері. Бұлшық еттердің тонусын қалыпқа келтіру, сөйлеу аппаратының патологиялық рефлекстерін өшіру, артикуляциялық аппараттың ерікті қимылдарын дамыту, фонематикалық қабылдауын дамыту, сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық-грамматикалық жағын дамыту, түзету, сенсорлық және психикалық функцияларды дамыту. Түзету жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыт. Бұлшықеттердің тонусын қалыпқа келтіру және артикуляциялық аппараттың, жалпы, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ол үшін артикуляциялық аппарат пен қолдың бұлшықеттерін сылау (массаж), енжар, белсенді жаттығулар жасау қолданылады. Логопедиялық жұмыс мүмкіндігінше гиперкинездерді тексеру мен

сілекейді ерікті өз бетімен жұтуын қалыптасудан басталады.

Екінші багыт. Тыныс алу функциясын дамыту, сонымен қатар дауыстың күшін, әуезділігін, мәнерлігін дамыту. Бұл кезеңде жұтатын ауаның мөлшерін көбейтуге, дауыс шығару кезінде дем шығаруға бағытталған гимнастикалар, жаттыгғулар қолданады.

Үшінші бағыт. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету. Фонематикалық қабылдауын дамыту жаттығулары және дыбысты қою, машықтандыру тәсілдерін қолданады.

Төртінші багыт. Сөйлеудің негізінде сенсорлық және жоғарғы психикалық функцияларды дамыту.

Бесінші бағыт. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін, тыныс алуын, просодикасын дамыту. Бұл бағыттар кезектілік болып саналады, кейде тіркесіп, кейде бір уақытта жүргізілуі мүмкін. Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып оқушыларымен жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру.Жазбаша тапсырмалардың күрделенуіне, жазудың жылдамдығына, каллиграфияға талаптардың ұлғаюына байланысты дизартриясы бар балалардың жазуында қателер көбейеді.Оқушылардың дизартиясын түзетуге бағытталған екі бағдарлама бар (Н.Н. Волоскова, 2002). Айта кету керек, бұл бағдарламаны іске асыру барысында жазу мен оқудың бұзылуын түзетуде қолданатын дәстүрлі әдістемелерді пайдалануға болады.

Бірінші бағдарлама 4 қимыл жаттығулар кешенінен тұрады: біріншісі - қол мен аяқтың үйлестігін (координациясын) дамыту жаттығулары; екіншісі - қолдың ұсақ моторикасын дамыту; үшіншісі - қимылдардың үйлестігі мен ырғақты сезіну; төртіншісі - артикуляциялық моторикасының ырғақтылығын дамыту.

Екінші бағдарлама үш кезеңнен тұрады: біріншісі - буын мен сөздерді ырғақты жазу; екіншісі - сөз бен сөз тіркестерін ырғақты жазу; үшіншісі - сөйлемді, өлеңді, кіші мәтіндерді ырғақты жазу. Әдістеме Д.Б. Элькониннің (1980) төменгі сынып оқушыларын жазуға үйрету кезінде қолданған ырғақты жазуға негізделген.

Дизартрияның қалдық көріністері бар жоғарғы сынып оқушыларында оқуда қиыншылықтар кездеседі, соған байланысты бірқатар патопсихологиялық комплекстер дамиды. Оларда тұлғаның дамуында ерекшеліктер байқалады. Ондай балалар педагогикалық түзету жұмысымен коса, арнайы психологиялық көмекке, психотерапияға, басқа да арнайы ықпал етуге мұктаж болады. Арнайы психикалық ыкпал етуге жататындар: эмоциональді-стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия.