- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
Жоспар:
Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері
Дизартрик балалармен жүргізілетін жаттығулардың түрлері
Нүктелі массаж
Тірек сөздер: гипотония, енжар массаж, белсенді массаж, зонд, шпатель, Бобат әдісі.
Дизартрияны түзету жұмысы төмендегі қағидаларға негізделіп жүргізіледі:
Этиопатогенетикалық принцип мидың әр түрлі құрылымдарының зақымдалуын ескерумен байланысты. Алдымен сөйлеу тілінің және психофизиологиялық функцияларын анықтау, мидың қандай құрылымы зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Ерте ықпал ету принципі. Дизартрияға бейім «қатерлі топтағы» балаларға ерте ықпал жасап көмек көрсетсе, ол мидың компенсаторлы мүмкіншіліктерін толық дамытьш, түзету жұмысының тиімділігін арттырады.Жүйелі ықпал ету принципі: моторикасын, психикасын, сенсорлы функциясын, сөйлеу тілін, тұлғасын дамытуға бағытталған. Кешенді ықпал ету принципі: невропатолог, логопед, психолог мамандарыньщ бірігіп жұмыс жүргізуі. Жүйелі түзету жұмыс барысында келесі аспектілерді ескеру қажет: моторлық, сенсорлық, психикалык сөйлеу функцияларының даму заңдылықтары мен кезектілігін ескеру; сөйлеу тілінің бұзылу құрылымын ескеру; сөйлеу іс-әрекетінің құрылымдық-функциональді ұйымдастырудың негізгі ақаулығын анықтау; екіншілік бұзылыстарды ескеру; баланың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру;бала мен ата-ананың арасындағы өзара қатынасын ескеру, оны барынша пайдалану. Арнайы педагогикалық жұмыста дизартриясы бар баланың тұлғасын тәрбиелеуге аса зор көңіл бөлінеді. Өйткені, ондай баланың оқу және әлеуметтік дағдылары төмен болады, тұлғасының дамуында көптеген ауытқушылықтар байқалады.
Дизартрия балалармен логопедиялық жұмысты дизартрияның түрлеріндегі сөйлеу тілінің ақаулықтарының және сөйлеу тілінің іс-қимыл қозғалысының бұзылу механизімін, балалардың жеке басының ерекшеліктерін негізге ала жүргізеді.
Балалардың сөйлеу тілінің лексикасы мен граматикалық құрлысын даму жағдайына, сондай – ақ сөйлеу тілінің қатынас қызыметінің ерекшелігіне ерекше назар аударылады. Мектеп жасындағы балалардың жазу тілінің жағдайы ескеріледі.
Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болу сөйлеу тілі мүшелерінің барлық сыңарлары кезекпен өзара байланыстырып қалыптастыруының; сөйлеу тілінің ақаулықтарыын талдауға тәсілді қолдануының; баланың психикалық әрекетін сөйлеу тілі қатынасын дамыту арқылы негізгі шарттарын сақтауға байланысты.
Оқу жұмысының жүйелі барысында және көп жағдайларда ұзаққа созылуының нәтижесінде сөйлеу мүшелерінің біртіндеп қалыптастырлады, қимылдары жетіледі, берілген қарқынмен өздігінен өту қабілеті қалыптасады, сөйлеу тілінің шапшадығының және саздылығының бұзылуы жойылады; фонетикалық түйсігі толық жетіледі.
Сонымен сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарын түзету және жетілдіру және жазу мен ауызекі тіліне дағдылануды меңгерудің алғы шарттарын қалыптасытыру негізінде дайындық жасалады.
Логопедиялық жұмысты сөйлеу тілі әрекеттерінің күрделірек жағын толық жетілдіру мен әлеуметтік бейімделуінің орнықты болуы үшін мектеп жасына дейінгі жас балалардан бастау қажет. Сонымен бірге жалпы қозғалудағы ауытқуларды жою үшін логопедиялық оқу жұмысын емдеу жұмысымен байланыстырудың үлкен маңызы бар.
Есту қабілеті мен ой өрісі дұрыс жетілген, өзін - өзі күтуге дағдылануды меңгерген, сөйлеу аппаратының тіреуші қимылдарында күрделі ауытқулары жоқ, дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшада оқиды. Мектеп жасындағы дизартриясы ауыр балалар сөйлеу тілінің ақаулықтарын түзететін, әрі тоғыз жылдың көлемінде білім алып шығатын сөйлеу тілі қатты бұзылған балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды. Тіреуші қимылдау аппараты бұзылған дизартриясы бар балалар емдеу және физиотерапевтикалық шараларға үлкен көңіл бөлетін мамаңдандырылған балабақшалар мен мектептер бар.
Дизартрия балалармен жүргізілетін лгогпедиялық жұмыстың тәсілдерінің мәселелері А.Г.Ипполитованың, О.В.Правдинаның, М.В.Ипполитваның, Е.М. Мастюкованың, Г.В. Чиркинаның және басқалардың еңбектерінде жете зерттелген.
Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілген жұмыстың негізгі мақсаттары:
Дыбыстартдың айтылуын түзету яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалуын, сөйлегенде тыныс алуын, сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қоюын және дұрыс айтылуын жетілдіру.
Фонетикалық түйсігін жетілдіру, дыбыстың талдауға дағдылануын қалыптастыру.
Сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру, демек сөйлеу тілінің сарынының, әуенінің және ырғағының бұзылуын жою.
Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауының көрінісін түзету. Дизартриясы бар балалардың жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауы арнайы бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың барысында жойылады.
Дизартрия балалардың тілін түзетудің алғашқы мақсаты анық сөйлеу. Сойлеуіндегі кемістіктердің басты себебі, сөйлеу мүшелері аппаратының толық немесе жартылай қимылдауы, логопедтін негізгі мақсаты, сөйлеу мүшелері аппаратының қимылдауын жетілдіруге бағыталуы керек.
Беттің бұлшық еттерінің, нервтерінің қозуы мен ымсыздануын және сөйлеу мүшелері аппаратының нашар қимылдауын жою үшін екі ұртын алақанымен жеңіл шапалақтайды, тіл асты таңдайы бұлшық еттерін саусақпен жеңіл ғана сипай шымшылап бетті уқалайды, сонымен бірге беттің терісін тегістеп сипалауды да қолданады.
Сонымен қатар еріндерді үнемі үздіксіз уқалайды, еріндерді бір – бірімен үйлестіріп қимылдатыды, қысып жеңіл ғана шымшып сипайды, езуінен бастап ернін айналдыра сипап шығады.
Жұмсақ таңдайды басбармақтын немесе сұқ саусақтың ішкі жағы мен түпке қарай 2 минут уақыттай сипап уқалайды.
Баланың сөйлеу мүшелеріндегі еріксіз қимылдау кемістігін тоқтату үшін қимылдарды басқару жолмен үздіксіз қайталатып бекітеді. Бала сөйлеу мүшелерінің айнаға немесе логопедке қарап бақылайды, дыбыстың ыңғылдаған, жөткірінген үнін тыңдайды. Қимылды алдымен логопедпен бірге жасайды, сосын көрсеткеннен кейін қайталайды. Осыдан кейін біртіндеп өздігінен орындауды қамтамасыз етеді. Енжар гимнастика ми қыртысы асты дизортриясы мен жалған сопақша ми дизартриясы бар балалар үшін ең тиімді тәсіл. Бала ересектердің жәрдемімен немесе өзінен - өзі сөйлеу мүшелерінің қажетті қалпындағы тәртібін қайталағанда тілінің және еріндерінің қимылдарын анық сезеді, біртіндеп өздігінен қимылдауды белсенділікпен орындауға мүмкіндік туады.
Сөйлеу мүшелеріне енжер гимнастиксын жасаған кезде логопедтің қолының, арнайы тіл тзету құралының және қалақшаның жәрдемін пайдаланады. Қимылдарды ақырндап, бір қалыпты ырғақпен теңселу, арасын біртіндеп ұлғайта отырып, орындау керек.
Келесі кезең – сөйлеу мүшелері аппаратының белсенді гимнастикасы. Берілетін жаттығулардын түрлері.
Астыңғы жақ үшін-тістерін сақылдатып аузын ашып жабады. Аузын ашық күйінде ұстап тұрады. Бұл жаттығудың барысында ауыздың орташа бағытпен жабылуын қадағалау керек. Қолымен, төбесімен және иектің астынан жеңіл ғана басу сияқты механикалық жәрдемді қолдануға болады. Бала өзінің жаттығуларына айнаға қарап бақылаумен бірге, астыңғы жақтың, шықшытының қимылдауын қолмен көрсету керек.
Еріндерінің қимылдарын шынықтыру үшін жасалатын жаттығулар:
А) жағын ашып еріндерін алға созып, сосын ыржиып көреді.
В) үстінгі тіспен астыңғы ерінді тістейді.
Г) астыңғы ернін үстіңгі ерініне көтеріп созады.
3. Тілдің ширақтылығын жетілдіруге бағытаталатын жаттығуларды күрделі болған жағдайда еріксіз рефлекторлық деңгейден бастайды.
Тілдің қимылын шынықтыру үшін ұртына бір түйір қантты тығып қояды немесе езуіне шырынды сіркені жағады, тілдің ұшын жоғары көтеру үшін үстіңгі ерніне тигізу пайдалы.
Осы жаттығулармен қатар бір уақытта сөйлеу кезінде тыныс алуын және дауыстыда жетілдіреді. Тыныс алу жаттығуларының мақсатына өкпенің кендік тіршілігін күшейту, көкрек қуысының ширақтығын жақсарту және баланың сөйлеген кезде дем шығаруын орынды пайдалануға үйрету жатады.
Дизартрия баллардың ата – аналары баланың сөйлеу тілінің қарқынды дамуы оның үлкенлермен қарым – қатынасы, олармен сөйлесудегі сөздерінін ерекшеліктерін байланысты екенін ескеру қажет.
Дизартрия сөйлеу тілінің дыбысталу жағының бұзылуы, тіл бұлшықетінің инервациясы жетілмеуінен болады. Осы кезде тіл механизімінің қозғалысы бұзылады. Дизартрия кезіндегі ең басты кемістік дыбысталудың сөйлеу кезіндегі тыныс алу, дауыс ырғағының және артикуляциялық моторикасының бұзылуынан болады. Дизартрия жағдайында логопедиялық жұмыстың әдістемесі массаж, арнайы логопедиялық гимнастикадан, артикуляциялық дағдыны өндеу және қалыптастырудан құралады.
Әрекет массажының механизімі күрделі. Ол тек массаж жасайтын ұлпаға тікелей механикалық әрекет жасау мен ғана шектелмейді, дизартрия жағдайында логопедиялық жұмыста массаж тәсілдерін жасаудың ебін табу керек. Мысалы, қатты спастикалық бұлшық ет тобын босаңсыту, сөйлеу аппаратының бұлшық ет жүйкесін сергіту және қоздыру.
Босаңсыту нәтижелі болу үшін жайлы жағдай жасау керек: бөлменің жылы болуы, науқасты ешнәрсе елендетпеу керек, бала тырыспай жайлы отыру керек, сөйлеу аппаратына көңіл аудармағаны жөн. Бұған достық әңгіме арқылы жетуге болады. Массажда жылы, құрғақ қолмен жеңіл сипалау арқылы жүзеге асады. Сергіту массажында керсінше, қарқынды және жылдам қозғалыста ширату, тербелту, соққылау ұсынылады. Зақымдалған бұлшық ет тобына массажда барлық мойын-иық аймағына әсерін тигізу керек, себебі ол қан-лимфа айналымын күшейтеді. Барлық логопедиялық жұмысты массаж тәсілімен аяқтау жайлы.
Дизартриялық бұзылу дәрежесі орталық жүйке жүйесіне байланысты. Дизартрияның жеңіл түрінде сөйлеу тілі бірден байқалмайды. Қимыл қозғалысы бұзылуы кезінде дизартрияның ауыр түрі жиі байқалады.
Қимыл қозғалысы бұзылуы кезінде логопедиялық түзету жұмыстары емдеумен тығыз байланысты(медикаментозды және физиотерапевті емдеу, емдік дене тәрбиесі). Мұндай емдеу жұмыстары қозғалыс функцияларын дамытуға бағытталады. Қолдарының және саусақтарының функцияларының мүмкіндігін ескере отырып, артикуляциялық моторикасына бір уақытта түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Баланың қозғалыс-кинестетикалық анализаторын, артикуляциялық аппаратын қалыптастыру, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалау тәсілдерін дамыту қажет. Осымен қатар басқа да тірек анализаторларын(көру- артикуляциялық жаттығуларды айнаның алдында жасау; есту-таза сөйлеу тілінің құрылысының қозғалысын) дамыту.
Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты: қарым-қатынас тілін дамыту, сөйлеу тілін және оның сөзін жан-жағындағы адамдар түсіну үшін сөйлеу тілін жақсарту. Бұл мақсатты іске асыруда мынандай міндеттер қажет:
1. Сөйлеу тілі аппаратындағы кемістігінің қозғалыс дәрежесін азайту.
2.Сөйлеу тіліндегі тыныс алуды және дауыстың қалыптасуы күшінің жалғасуын, ұяңдылықты, сөйлеу тіліндегі дауысын қадағалауын дамыту. Артикуляция, тыныс алу және дауыстың үйлесуімен жұмыс жүргізу.
3.Сөйлеу тілінің ырғақты жүйесін қалыптастыру.
4.Артикуляциялық дыбыстың қою кезеңін қалыптастыру, сөйлеу тілін дағдыландыру және топтастыру.
5.Қолдарының және саусақтарының функционалды мүмкіндіктерін дамыту.
Қимыл қозғалысы бұзылған балалармен логопедиялық түзету жұмыстарын жүргізуде келесі логопедиялық әдістерді қолдануға болады: жекеленген логопедиялық массаж(әлсіз және қатайту), зондты массаж, таңбалы массаж, енжар және белсенді артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу және дауысқа жаттығулар.
Жекеленген логопедиялық массаж
Логопед ең алдымен сөйлеу тілі аппаратының инервациялы бұзылуын әлсіздендіруге тырысады. Сөйлеу тілі бұлшықетінің қозғалысының мүмкіншілігін ұлғайтады. Сөйлеудің дыбысталу жағын жақсартады. Бұлшықет тонусының жағдайына байланысты әлсіз массаж жасалады (бұлшықет тырысуы кезінде әлсіздендіру, босаңсыту мақсаты іске асады) және қатайту массаж (гипотония кезінде бұлшықет тонусының белсенділігі мақсатында). Массаждың маңызы механикалық тітіркенуді болдырмайды, жеңіл уқалайды, сипайды, жұмсартады, дірілдеу және теңселу болады. Дірілдеу тәсілдері тереңдетілген уқалау, шымшу, гипотониялық бұлшықетінде жүргізіледі.
Артикуляциялық бұлшықетке әлсіз массаж
Сөйлеу тілінің бұлшықетіне және бұлшықет тонусының көтеру жағдайында жүргізіледі(бет,ерін, тіл бұлшықеттеріне). Әлсіз массаж кезінде ең маңыздысы баланың жаттығуды таңдауы. Балаға қалай массаж жасау қажеттігі жайлы жағдай жасалады.
«Эмбрион кейпінде» - арқасымен жатады, басын кеудесіне төмен түсіреді, қолын және тізесін ішіне қарай бүгеді. Бұл кейіпте баяу тербеліс жүргізіледі. 6-10 рет ( Бобат әдісі ).
арқасымен жатады, мойнының астына жұмсақ жастық қойылады, иығын көтереді және басын артқа жібереді, аяғын тізесіне бүгеді;
бала арқасымен жатады,басының екі жағына жұмсақ жастық қойылады, бала екі жұмсақ жастықтың ортаңғы сызығына жату керек.
Әлсіз массаж ең алдымен артикуляциялық бұлшықетке, негізінен иықтың және мойынның бұлшықет тонусының жоғарлау жағдайында жасалады. Бұл үшін баланың басының енжар қозғалысын қалыптастыру қажет. Бала арқасымен жатады, басын бірнеше рет артқа салбыратады.
а) Логопед бір қолымен мойнынан ұстайды, ал екінші қолымен сағат тілі бойынша баланың басын қозғалтады, содан кейін сағат тіліне қарама-қарсы жасайды;
б) Баяу, толқынды қозғалыспен логопед баланың басын бір жағына, одан кейін екінші жағына бұрады, алдыға қозғалтады (3-5 рет).
Бет бұлшықеттерін босаңсыту үшін:
шекенің ортасынан бастап самайға дейін уқалау;
қастан бастап бастың шаш бөлігіне дейін уқалау;
шеке сызығынан бастап көздің айналасын уқалау;
құлақтың төменгі жағынан бетке дейін, мұрын қанатына дейін
уқалау;
беттен қысым массажы шаштың түбінен ұшына дейін.
Ерін бұлшықеттерін босаңсыту үшін:
жоғарғы ерінді уқалау, содан кейін жоғарғы ерінді ауыз бұрыш-
тарынан ортасына дейін уқалау;
жоғарғы ерінді уқалау ( төменнен жоғарыға қарай қозғалыс);
мұрын-ерін қатпарларынан мұрын қанатына дейін, одан ерін
бұрыштарына дейін уқалау;
ерін нүктелеріне массаж ( сағат тілімен жеңіл айналдыру қозғалысы);
ерінді саусақтармен жеңіл тоқылдатып соғу.
Артикуляциялық бұлшықетке қатайту массажы:
Қатайту массажы гипотония бұлшықеті кезінде жүзеге асады (бұлшықет тонусының бекітілу мақсатында ). Массаж қозғалыстары беттің ортасынан шетіне дейін жүргізіледі. Бет бұлшықеті уқалау, сипау, шымшу, дірілдету жолымен іске асады. 4-5 жеңіл қозғалыстан кейін олардың күші көбейеді, қозғалыс 8-10 рет қайталанады.
Бет бұлшықеттерін қатайту үшін:
шекенің ортасынан бастап самайға дейін уқалау;
қастан бастап бастың шаш бөлігіне дейін уқалау;
беттен мұрынға дейін уқалау, мұрыннан құлаққа дейін және иектен құлаққа дейін уқалау;
жақ және бет бұлшықеттерін уқалау (керекті қозғалыспен );
бет бұлшықетін сүрту;
бетті шымшу.
Ерін бұлшықеттерін қатайту үшін:
жоғарғы еріннің ортасынан, содан кейін төменгі еріннен
бұрыштарына дейін уқалау;
мұрын-ерін қатпарларынан мұрын қанатына дейін, одан ерін
бұрыштарына дейін уқалау;
ерінді шаншыту және шымшу.
Тіл бұлшықеттеріне массаж.
Тіл массажы тіл қозғалысының бұзылуын әлсіретеді. Тілдің тырысуы кезінде әлсіз массаж, ал тілдің гипотониясы кезінде қатайту массажы жүргізіледі.
Тілге массажды әр түрлі әдістермен жүргізуге болады;
Зондты массаж ( зонд қолданылады )
Мануальды (саусақ ) массаж ( саусаққап немесе үлбіреген сүлгі арқылы)
Ағаш немесе металды шпательмен массаж.
Тіс тазалайтын мәсуәкпен массаж.
Тілге массаж жасар алдында жұтқыншақ рефлекісінің шекарасын білу керек (лоқсиды). Оның жүрек айнып көтерілу жағдайында кішкенеден жасап үйрету қажет. Тілге массаж бала тамакқтанғаннан кейін жасалмайды. Тілге массаж жасау кезінде баланың аузын үлкен қылып ашып, логопед алдымен массажды ауыз қуысына жасайды, содан кейін ауыз қуысының сыртына жасалады (тілін бері шығаруын сұрау және тілін үлбіреген сүлгімен ұстау).
Тілге массаж жасау тәсілі:
тілді әртүрлі бағытта уқалау, түбінен ұшына дейін (көлденең бұлшықеттерін айналу, иректі қозғалыс);
тілді шапалақтау (ұшынан бастап ақырындап түбіне дейін және қайтадан);
жеңіл дірілдеу қозғалысы, зонд, шпатель арқылы жүзеге асырылады;
тілді шаншу (инелі зондпен);
тіл асты түйіншегін көтеріп созу арқылы (төменнен жоғарыға қарай тіл астына);
«сүрту» - тілді үлбіреген сүлгімен немесе таза бет орамалмен (баланың үлбіреген сүлгіні сезуінің жоғарлау жағдайы);
тілді керіп кішірек клизмамен жуып-шаю керек (клизманы тілдің үлкен бөлігіне екі рет ауыздың сыртына).
Артикуляциялық жаттығу массаждан кейін енжар түрде жүргізіледі, содан кейін
енжар-белсенді және белсенді түрде жүргізіледі.
Енжар артикуляциялық жаттығу.
Логопед артикуляциялық мүшелерге енжар қозғалыстар жасайды. Оның мақсаты осыған дейін ештеңе сезбейтін бұлшықеттерді, жаңа бұлшықет топтарын артикуляциялау. Бұл тіл бұлшық еттерінің дұрыс қозғалыс жасап қалыптасуына көмектеседі. Енжар қозғалыстың көлемі белсенді сияқты, оның бнлсендіден айырмашылығы басталу уақыты. Логопед артикуляциялық жаттығулардың құрылысын өзі құрады және оны балаға түсіндіреді және баладан көріп бақылауын талап етеді. Енжар жаттығулар 3-5 қозғалысты бөлімнен тұрады. Балаға әр бір қозғалыстың кезеңін ұғу беріледі: басталуы, көңіл қоюы, аяқталуы. Ақырындап көріп бақылауға және әр бір қозғалысты бағалауға, сезінуге және есіне сақтауға тәрбие алу.
Тілге енжар жаттығу.
Тілді ауыз қуысынан алдыға қайтадан артқа кіргізу.
Тілді төмен түсіру (төменгі ерінге), тілді жоғары көтеру (жоғарғы ерінге).
Тілді артқа қайыру (оңға және солға).
Тілдің ұшын артқа қарай жиырылту.
Тілдің ұшын таңдайға көтеру.
Тілді жан жағына тербелту.
Ерінге енжар жаттығу.
Жоғарғы ерінді жинақтау, содан кейін төменгі.
Ерінді мұржа жасау.
Ерінді керу «күлу».
Жоғарғы ерінді көтеру, төменгі ерінге түсіру.
Ерінді жұмып жабық ауызда кинестетикалық сезінуге дағдылану.
Әр түрлі ерін қатпарларын жасау, дауысты дыбыстарды айту қажет (а,о,у,и,ы,э).
Белсенді артикуляциялық жаттығулар.
Бірінші кезеңде әр түрлі анализаторлар қолданылады (көру,есту,тактильді). Белсенді артикуляциялық қозғалыс кезінде ерін және тіл бұлшықеттері, мимикалық қозғалыстар кең көлемде қалыптасуы тиіс, баяу, толқындылық қозғалыстар тобы, жылдамдылық, олардың дұрыс орындалуын бақылаған жөн.
Бет бұлшықеттерінің мимикалық дамуына жаттығулар.
Қабағын түю.
Қасты көтеру, әжімдер жасау.
шайнау қозғалыстары.
Ерін бұлшықеттерін дамыту үшін жаттығулар.
Ерінді мұржа сияқты алдыға шығару.
Жан-жаққа керу.
Қозғалыстарды араластыру.
Ерінді жұмып, аштыру (сүйісу сияқты).
Ерінді жұмып, ашу.
Сөйлеу тілі аппаратының белсенді құрылысында мынандай көлемді артикуляциялық қозғалыс жаттығуларын қолдануға болады.
Тілді үлбіреген сүлгімен алып бетке қарай тарту (оңға және солға).
Ауыз қуысын әр түрлі заттар кескінімен өлшеу (түйме, домалақтар) және тағы басқа.
Ерінмен әр түрлі заттарды ұстау ( тығын, сүлгі).
Ең негізгі жұмыс тіл үсті бұлшықеттерімен жүргізіледі. Тілдің жеке (жұмыс) және жалпы қозғалысын дамыту керек, содан кейін жеңіл қозғалыстарды қалыптастыру керек.
Тіл бұлшықеттеріне жаттығу.
Тілді алдыға қозғалту: артқа, ішіне.
Тілді төмен түсіру, тілді жоғарыға көтеру.
Артқы жағынан (оңға және солға).
Әр түрлі кейіпте қозғалту.
Дыбыстарды қоюға байланысты артикуляциялық маңызды арнайы жаттығулар жасау.
