- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешені
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Педагогика және психология факультеті Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
- •Пәнге қысқаша сипаттама
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •«Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыс» пәнінен сөж мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары. Үлестіріп берілетін материал сөж №1
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 2
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 3
- •Үлестіріп берілетін материал сөж № 4
- •Практикалық сабақтарға тапсырмалар
- •Глоссарий
- •1.Тақырып. Дизартрия туралы жалпы түсінік
- •2. Тақырып: Жалған сопакша ми дизартриясы
- •4. Тақырып: Дизартрияныц көмескі түрінің сипаттамасы Жоспар:
- •5.Тақырып:Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына
- •6. Тақырып: Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы Жоспар:
- •7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
- •8. Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысының негізгі принциптері мен бағыттары
- •9. Тақырып: Мектепке дейінгі дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін түзету -логопедиялық жұмысының негізгі бағыттары
- •10. Тақырып. Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
- •11. Тақырып . Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету.
- •12. Тақырып: Зондпен массаж (сылау) Жоспар:
- •13.Тақырып: Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру.
- •14.Тақырып. Түзету жүмысының негізгі бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
7. Тақырып: Сөйлеу тілінің лексикалық - грамматикалық құрылымының қалпы Жоспар:
Байланыстырып сөйлеуінің қалпы.
Оптикалық кеңістік түсініктерінің қалпы
Тірек сөздер: Координаттық бұзылыстар , вербальді штамптар, оптикалық - гностикалық бұзылыстар, оптикалық кеңістік түсініктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы түсініктері бар, жаңа сөздерді жеңіл құрастыра алады (мал - малшы). Бір заттарды, олардын әрекеттерін атауда спецификалық қателер кездеседі. Олар керекті сөздерді анықтау және басқа сөздердің орнына қолдану кезінде көрінеді («солдат» - «мотрос», «рюмка» - «бокал», «ағаш» - «бұтақ»). Сонымен қатар басқа ситуацияда балалар сөздерді дұрыс, белсенді қолданады. Бұл бұзылысты лексикалық жетіспеушілік деп қарастырмауға болады. Ол бала заттың атауын, оның образымен сәйкестендіре алмағаннан болатын бұзылыс.
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар жыл мезгілдерін, тәулік бөліктерін, апта күндерін атауға қиналады. Бірақ балалар белгілерін біліп, оларды сәйкестендіре алғандықтан, бұл бұзылыстар лексикалық емес, уақыттық түсініктердің жетіспеушілігі деуге болады. Жалпы бұл балалардың лексикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, олардың өз беттерінше сөйлеуінің кедейлігі, сөйлеу тілінің реттеуші және жалпылаушы функцияларының қалыптасуының тежелуін айтып кеткен жөн. Бұндай балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық кұрылымында да өз ерекшеліктері бар. Олардың өз бетінше сөйлеуі сауатты, бірақ вербальді штамптары жиі кездеседі. Дизартрияның көмескі түрі бар кейбір балаларда әлеуметтік ортаның және тәрбиесінің ерекшеліктерінің салдарынан сөйлеу тілінің лексика - грамматикалық дамымауы байқалады. Сөздік қорының кедейлігі, жалпылама сөздерді білмеу, негізгі белгілерін ажырата алмауы, сөзжасам процесстерінің бұзылмауы, аграмматизмдердің көп болуы осы жетіспеушіліктің типтік көрінісі болып табылады.
Сонымен, жалпы сөйлеу тілінің дамымауына тән лексика - грамматикалық бұзылыстары дизартрияның көмескі түрі бар балаларда кездеседі. Байланыстырып сөйлеуінің қалпы.
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар вербальды құралды дұрыс қолданады. Әңгімелесуде күрделі грамматикалық конструкцияларды қолдана отырып грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылады. Баланың сөйлеу тілінде жеке аграмматизмдер, вербальды штамптар кездеседі.
Өз бетінше сурет бойынша әңгіме құрастырған кезде дизартрияның көмескі түрі бар балалар қалыпты балаларға қарағанда суретке оңнан, солға немесе төменнен жоғары қарай қарайды, яғни оларда оптикалық - гностикалық бұзылыстар байқалады. Кейбір жағдайларда балалар әңгімені жеке бөлшектерді атаумен алмастырады, мысалы, тәтемен бала қарап тұр. Аға жүгіріп барады. Бала құлады. Бала суға батты... Баска жағдайда балалар суреттің емес бөлшектеріне мән беріп, әңгіме құрастырады (егер ересектер кезектілігін реттеген болмаса).
Мысалы, «құс келіп барлық балықты алып кетті. Ал мында балалар балық ұстап жатыр. Жоқ олай емес. Құтқарушы - бақалар құсты ұстап алып, оны жіберуге мәжбүр етті.». Қалада вектор инверсиясы бар екені көрінеді (оңнан солға карай) және көру қабылдауының бөлшектенуі байқалады. Ол уақиғаны дұрыс айта алмаса да, оны жалпылай білді. Кесілген сюжетті сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру кезінде балалар жақсы көрсеткіштерге жетті. Балалар бұл тапсырмаларды орындағанда суреттерді өз бетінше орналастырды. Суреттерді оңнан солға (кезектілігі 3,2,1) қарай болғанымен, уақиғаның кезектілігі сақталған, әңгіме құрамында негізгі мазмұндық бөлшектері сақтаулы болады. Дизартрияның көмескі түрі бар балаларда байланыстырып сөйлеуінің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінен басқа жалпы сөйлеу тілі дамуына тән бұзылыстар кездеседі. Олар сілтеуіш сұрақ түрінде көрсетілген логопедтің көмегін талап етеді. Ситуацияны дұрыс түсінбеуі, суреттерді ретсіз орналастыру, сөз қорының кедейлігі, сөйлеу құралдарының дұрыс қолданылмауы, көптеген дөрекі аграмматизмдер, сурет бойынша әңгіме құрастыру қиыншылықтары (кейде мүлдем құрылмауы), кездеседі. Бұл бұзылыстар алдында айтып кеткендей, жалпы сөйлеу тілі дамуына тән бұзылыстар. Оптикалық кеңістік түсініктерінің қалпы.
Аталған ерекшеліктерді «химерлерді» тануға арналған тапсырмаларды орындаған кезде байқауға болады. Балалар бейнеленген суреттің тек бір бөлігін ғана атайды (оң немесе сол
жақтағы), мысалы, «құрт-моншақ» суреттін «моншақ» деп таниды, «сыпыртқы-гүл шоғыры» - «гүл шоғыры» деп таниды.
Балаларда оптико-конструктивті әрекеттің қалыпты дамуына алғы шарттар бар. Бірақ дизартрияның көмескі түрі бар балаларда Тейлор фигурасын көшіргенде эрекеттің бөлшектенуі жэне ретсіздігі байқалады. Сурет эрекеттің белгілі бір кезектілігін сақтамай немесе ретсіз көрсетіледі.
Балаларда метрикалық қателер байқалады: пропорцияларының өзгеруі, фигураларының қысқартылуы немесе созылуы, құрылымдык-топологиялык қателер, фигураның толық образының жоғалуы, бір-біріне қатысты фрагменттердің бірігуі, түйісу нүктелері мен сызықшаларының сәйкестігі. Бұндай балаларға координаттық қателер тән болады. Оларда суреттерді оңнан солға қарай салу, фигураларды және олардың фрагменттерін кеңістікте дұрыс орналастырмауы, бүтін фигураны немесе оның бөлшектеріп 90, сирек 180 градус реверсі (бұруы) байқалады. Көптеген балалар суретті парақтың оң жағынан бастап салады және фигураның оң бөлшегі ғана салынады.
Есту, сөйлеу және көру, жадының қалпы. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп және мектепке дейінгі естияр баланың есте сақтауының көлемі мен ұзақтылығы бекем сақтаулы деуге болады. Көптеген жағдайда сөздердің қажетті санын қайталап айтып беруіне үштен артық емес (сөз немесе фигуралар) символдар қажет. Таңдау процестері дөрекі бұзылған болады. Сөздердің, фигуралардың эталондык кезектілігі сақталмайды, үлкен көлемде әдеби және вербальды парафазиялар және параграфиялары, «3 сөзден 2 топ» деген пробаны берген кезде жиі дыбысталуы ұқсас сөздердің алмастырылуы кездеседі (қас -бас, сана- шана). Координаттық бұзылыстар байқалады - фигураларды 90 немесе 180 градусқа бұрып салуы. Сонымен, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасының бұзылуы байқалады. Дизартрик балалардың кол білезіктері әлсіз және сылбырт, саусақтары икемсіз болып келсе, ал жалпы моторикасында қимыл-қозғалыстары нақты емес, баяу, тепе -теңдікті сақтай алмайды. Әрине мұның бәрі дизартрияға шалдыққан балалардың жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар сөйлеу аппаратының қимыл қозғалысының жеткіліксіздігі сөйлеу тілінің дыбыс айтуының және просодикалық жағының бұзылуына соқтырады деп тұжырымдауға болады.
